Кіріспе Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға үйренеді. Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың негізгі басты құралы - тіл болып саналады. К. Маркстің айтуынша, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы». Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәл-дене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өз-ара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады. Зерттеудің мақсаттары: - Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістерімен таныстыру арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалар білімін дамыту әдістемесін жасау. Зерттеудің міндеттері: -Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау;....
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғам¬дық қатынастар реттеледі. Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзе¬ге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. ....
Рүстемов Мұхамеджан 1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы қазіргі Нартай ауылында туған. Мазмұны 1 Өмір жолы 2 Шығармалары 3 Отбасы 4 Сілтемелер 5 Пайдаланған әдебиет Өмір жолы
1950 жылы Шиелі қыстағындағы XIV жылдық Октябрь атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандақ комсомол комитетінде мектеп оқушылары және пионер ұйымы бөлімі меңгерушісі қызметін бастаған. 1951 жылы маусымда сол комсомол комитетінде екінші хатшы болып сайланады. 1952 жылдың тамыз айынан 1953 жылдың тамызына дейін .....
Өзбек болып туғаныма мен ешқашан өкініп көрмеппін,басқада болмыстарға көп екіленіп,өкініп көрген болсамда өзбек болып туғаныма өкінбеппін- сірә.Қалай ғана Аллаһ Тағаламыз осынау ұлаңғайыр ұлылық,дарабоз даналық,маңғаз мерей,пайымды парасат,қонақжайлылық силапты Өзбегіма. Менің ойымша әрбір өзбек «Менің ұлтым - өзбек,тілім – өзбек тілі» деген ойды оншалықты мән бере ұғына бермегенімен, «су түбінде жатқан тас,жел толқытса шығады» демекші,бәрібір нағыз намыстанғанда қәзіргі кейбір мәселе айналасындағы келеңсіздіктер түп-тамырымен жойылары анық. Тегі осынау ұлаңғайыр даланы жайлап жатқан халықтың санасы,парасаты,ой-өрісі ......
Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады. Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....