Ал, Әселге деген сағыныш өз алдына бір бөлек. «Жаным-ау, соңғы хатында: «Сені асыға күтуші, жаның Әсел» - деп аяқтапты. Өткен бір жылымның әр күнін сені ойлаумен өткіздім ғой. Өзіңе деген сағынышты айтсаңшы. Неге ғанÐ ° саған келетін күнімді айтпадым екен, мен де қыялимын, өзімше «сюрприз» болғым.......
«Бірінші байлық – денсаулық »,- дейді қазақ. Расында, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды айтпағанда, саулықта өмір сүруіміздің кепілі бола алатыны ол – деннің саулығы және тазалық. Ал дені сау ұрпақ – қоғам байлығы.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласында атап көрсеткен ұлт саулығы мен сапасын арттыру бүгінгі күн мақсаты. Бұл жобаның екінші бөлімі ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР деп аталады. Соның ішінде «Туған жер» юағдарламасы бүгінігі қозғар қарарымның негізі болмақ.
Туған жерді сүйю - оның дәстүрі мен әдебіне көну. Елінің тау – тасын қадірлеп, әр мекенін мақтан ету, бұл – патриотизмнің алдыңғы көрінісі. Табиғатының сұлулығын қалаған Отансүйер, оның ластанбауын да ерікті түрде қалайтыны һақ. Осы тұста бұл мақаламның кімге, неге жауап түрінде жазылғанын айта кетсем. .....
«Тәуелсіздікті алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастыққа жақындау процесінде зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгеріліп келеді», деп Н.А.Назарбаев 2007 жылдың ақпан айының 28 жұлдызындағы Қазақстан халқына жолдауында атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізудің әкімшіл-әміршіл жүйесінен нарықтық жүйеге көшу жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік сала, әсіресе кіші және орта бизнес саласы белсенді дамуда. Шаруашылық субъектілерінің қызметінің тиімділігі тікелей елдегі нарықтық қатынастар дамуынан, сонымен қатар кәсіпкерлер еркіндігінен, яғни оған тиімді көрінетін кәсіпкерлік шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін жеке тәуелсіздігіне тәуелді. Шешімнің тиімділігі кәсіпорынды алдын ала қойылған стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жетуімен анықталады. Яғни кез келген кәсіпорын фирманы басқарудың жалпы мақсаттарына жетуге бағытталатын жүйенің болуынан тәуелді. Бұндай жүйе болып қаржылық менеджмент табылады. Ол әрқашан жоспарлаудың, басқарудың және қаржылық талдаудың ғылыми негізін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен болжаудың әдісі ретіндегі қаржылық талдау қаржылық менеджменттің ажырамас бөлігі болып табылады.....
Ұлы Отан соғысы аяқталып, бейбіт өмір сүріп жатқанымызға биыл 71 жыл. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік есте қалатын күн.. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Бүгінде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған еліміздің барлық қалаларының, саябақтарында, көшелерінде шағын аудан, ауылдарында олардың ерлік, ержүректілігіне арналып, ескерткіштер қойылған. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердің азаматтары сияқты біздің елдің де ер азаматтары мен қыздары бірінші күннен соғысқа қатысты. 1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс еліміздің қаншама адамдарының өмірін қиды, еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай жұмыс істеді. Елімізге төнген үлкен қауіп соғыс барлық адамзат баласын біріктірді. Осы барлық халықтың бірігуінің арқасында Жеңіске жетті. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Солардың бірі менің Мусин Хамзе атам. Соғыс басталғанда ауылдың ер азаматтарымен бірге соғысқа аттанған екен Сол соғыстан менің ержүрек атам қайтпады. Мен өзімнің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін......
Иммундық тапшылық жағдайларының анықтамасы, клиникалық көрінісі және жіктеуі. Біріншілік иммундық тапшылық жағдайларының жіктеуі. Гуморалдық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік ИТЖ. Жасушалық иммунитет жүйесінің зақымдануы басым болатын біріншілік ИТЖ. Аралас Т- және В-иммундық тапшылықтар. Фагоцитарлық жүйенің біріншілік тапшылықтары. Комплемент жүйесінің біріншілік тапшылықтары. Біріншілік ИТЖ болжам диагностикасы. .....
Ертеректе айтылғандай , статистика көптеген құбылыстар мен процестерді оқытады. Осындай әрбір құбылыс барлық жиынтыққа ортақ ерекше, жекелей қасиеттері бар. Жекелей құбылыстар арасындағы айырмашылық вариация деп аталады. Егер ыстық суы бар ыдысқа суық су құйсақ , онда ыдыстағы бар судың температурасы бірдей болады. Балабақшадағы бір топқа немесе мектептегі бір сыныпқа барған балалар да ортақ , орташа деңгейдегі мінезге ие болады. Үлкен өнеркәсіптік өндіріс стандартталусыз болмайды , яғни жиналатын механизмдер, агрегатталусыз тетіктерінің орташа өлшемі . Сонымен , жиынтық элементтерінің өзара байланысуы вариацияның шектелуіне әкеледі. Бұл тенденция обьективті болып табылады. Сондықтан да орташа шаманың кең көлемде тәжірибе мен теорияда қолданылуы объективтілігіне байланысты. Жұмысшының көмегінсіз болған өндірістегі жұмыс ақысы орташа бағалау немесе жалақының орташа сағаты бойынша есептелетіні әрбір жұмысшыға мәлім. Емтиханда да орташа балл осындай екеніде әрбір студентке мәлім. Орташа шама әдісі арқылы статистика көптеген есептерді шығарады . Орташа шаманың басты көрсеткіші қорытындылау функциясында, яғни барлық құбылыс жиынтығын мінездейтін орташа шаманың көптеген әр түрлі белгілердің жеке көрсеткіштерінің ауыспалылығы. Қазіргі заман адамдарының ерекшелігі ол ұлдарының әкелерінен, сонымен қатар қыздарды да шешелерімен салыстырғанда ұзын болады. Бұл көріністі қалай өлшейміз? Әр түрлі жанұяда үлкені мен кішісінің бойларының сәйкестігі әр түрлі болып келеді. Әрқашанда ұл әкесінен, ал қыз шешесінен ұзын бола бермейді. Бірақ егер мыңдаған тұлғалардың орташа бойын өлшесе, онда орташа бой бойынша ұлдары мен әкелері, қыздары мен шешелері арасындағы бір ұрпаққа бой өсуінің орташа шамасын табуға болады . Бұған дейін де және қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде де статистиканы оқымаған халықтың ортасынан «орта» немесе «орта есеппен» деген ұғымды көптеп естуге тура келіп жүр. Яғни, бұл сөздерді қандай жағдайда қолдана аламыз деген сұрақ-сауалдың тууы мүмкін. Мысалы, бір институтта оқитын студенттердің стипендия ларының мөлшерін алатын болсақ , онда орташа шама әдісін қолданудың ешқандай да қажеттілігі болмайды. Себебі, сол жоғарғы оқу орнындағы стипендияның мөлшері барлық студенттер үшін бірдей, тек қана өте жақсы оқитын студенттердікі ғана өзгеше болады. Ал егер жұмысшылардың орташа айлық еңбекақыларын қарастыратын болсақ , онда олардың арасында түрлі себептеріне қарай жалақы мөлшері әркімде әрқилы болады. Мұндай жағдайда барлық жұмысшыларға тән сандық көрсеткішті есептеу үшін орташа шама әдісі қолданылады. ....
Жоспар Кіріспе • 1 Жылқыны қолға үйрету тарихы o 1.1 Қазақстандағы тарихы 1.1.1 Арийлер кезеңі 1.1.2 Сақтар кезеңі • 2 Биологиясы o 2.1 Өмір мерзімі және кезеңдері o 2.2 Сипаттамасы 2.2.1 Түсі • 3 Түрлері • 4 Қазақ халқындағы жылқы маңызы • 5 Пайдаланылған әдебиет
Үй жануары Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Кіші табы: Нағыз аңдар
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Тақтұяқтылар
Тұқымдасы: Жылқылар
Тегі: Жылқы Түрі: Жабайы жылқы
Кіші түрі: Үй жылқысы
Жылқы (лат. Еқұұс ферұс цабаллұс) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (Е. цабаллұс) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі. Қолға үйрету тарихы Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. ....