Өмірбаян: Әміре Қашаубаев (1888 - 1934)

Әміре Қашаубаев (1888, Дегелең тауының алабы, Қайнар ауылы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы - 6 желтоқсан, 1934, Алматы) – атақты әнші, актер әрі музыкант.

Өмірбаяны
Орта жүздің Тарақты руынан шыққан.
12 жасқа толғанда (1900 ж.) Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады.
1921 – 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес - аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті.
1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды.
1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған.
1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға алған....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Медицина | Шұбаттың емдік қасиеті

Кіріспе.
Түйе – төрт түліктің төресі. Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы»атанған жануар табиғи жайылымды тез қоңданады. Әрі оның сүті мен шұбатты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып, өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Міне, осындай пайдасы мол мал тек әлемде санаулы мемлекеттерде ғана бар. Соның бірі біздің елімізде. Алайда, түліктің төресі түйені өсіріп, оның өнімдерін ұлттық брендке айналдыра алмай отырғанымыз да шамбайымызға бататын шындық. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан кешенді бағдарлама жасалып, осы саладағы ұсақ-түйек шаруашылыққа барынша нақты қолдау көрсетілмесе бүгінгідей мысықтабандаумен ұзаққа бармайтынымыз белгілі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Шығарма: "Жемқорлыққа жол жоқ" дей ма?!

Еліміздің егемендігіне биыл "26 жыл" толды! Осы жылдар ішінде еліміз талай - талай шыңдарды бағындырды. Біз елімізбен мақтанамыз! Ел басымыз айытқандай "Ел болашағы жастарда " демекші еліміздің өркен жайып қанат қағуына бізде зор үлесімізді қосамыз деп "Уәде" береміз!!! Алайда "әттең" деп қап ұратын қоғамда көзге ......
Шығармалар
Толық
0 0

Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін

Келесі жыл тұрмақ, мұнай бағасына қатысты ертеңге болжам жасау қиын. Мәселен кеше ғана баррелі 43 долларға бағаланған WTI маркілі қара алтынның құны бүгін 40 долларға түсіп кетті. Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.
Жаңалықтар
Толық
0 0