Ярославль - центр Ярославской области, расположен в Европейской части России на 57 параллели в 282 километрах от Москвы в живописном месте на слиянии рек.....
Көптен көрмеген ауылыма сағынып жеттім. Колхоз іріленгелі бері мұнда келе алмай жүргенмін. Арасы тай шаптырым екі ауыл бұрын екі коллективтік шаруашылық болып, қысқа жіптері байлауға келсе де, күрмеуге келмей, былай тартса арба сынып, былай тартса егіз өліп дегендей болып жататын. Осы ауылдың бірінен мен оқуға аттанып едім. Енді міне, екі ауыл бірігіп бір үлкен колхоз болған. Мына бір төбесі қызыл қаңылтырлы еңселі үлкен үй бұрын жоқ еді, әлгі колхоз председателі Айтбай салғызып алды деп менің туысқандарым шағым айтып есігімді тындырмайтын. Жұрттың көзіне сүйелдей батқан, арыз қоздырушы құрылыс шамасы осы болды. Оған жалғас мына бір қыштан тұрғызылған ғимарат ауылдық совет председателі Көбектікі болса керек.
Қысқасын айтқанда, бәрін де біліп келе жатырмын. Келмесем бұл ауылға өзім келген жоқпын, ал менің көзім бұл ауылды талай сыртынан шолған. Қай шұңқырдан үй салғызуға Айтбай қанша қап топырақ қазып алғанын, оған дөңгелек күпшегінің ұңғысы желініп кеткен елуінші жылдар ішіндегі колхоздың шиқылдақ өгіз арбасының қай жолмен қанша рет барғанын естіп, талай көз алдыма елестететінмін. Ал менің миым да бұл ауылда талай болып қайтты. Кімнің үйінде қандай өзгеріс бар, қайсысы баласын қай күні сүндеттеткені, қай шеше қызын қай күні әкесінен жасырып, түн жамылтып күйеуге қашырып жібергені, олардың арасына кімнің жеңгетай болғаны, қашқан қыздан кімнің көйлек кигені, «өлі-тірісін» қай күні, қалай, кімдердің әкелгені, құдалыққа құйрық-бауыр асаса келгендерді тұнжырап, әлде қуана қарсы алғаны бәрі маған белгілі. Өсек-аяңды жақсы тыңдағыш менің журналистік құлағымның жайын жақсы білгендіктен ауыл адамдары маған Көпенбайдың есігінің алдында жатқан жұдырықтай тасты Шөпенбайдың алдарына. .....
Сарысу өзені Орталық Қазақстанның ірі өзендерінің біріне жатады, әрі Бетпақдаланы кесіп өтетін жалғыз өзен болып табылады. Өзен суы ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданылады. Аймақта халық санының, егістік алқаптың өсуіне және соңғы кездегі климаттың біржақты өзгерісі орын алып отырған жағдайда Сарысу өзені алабы өзендерінің гидрологиялық сипаттамаларын қайта анықтау мәселесі туындап отыр. Дипломдық жұмыста Сарысу өзені алабының жалпы физико-географиялық сипаты, климаттық факторлар, алаптың гидрологиялық зерттелуі, су режимі және негізгі гидрологиялық сипаттамалары зерттелінді. Жұмыстың негізгі мақсаты – ағындының қолда бар мәліметтері бойынша Сарысу, Жаман Сарысу және Жақсы Сарысу өзендерінің есептік тұстамаларындағы жылдық ағындысының негізгі сипаттамаларын анықтау болып табылады. Жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің қалыпты ағындысы және әртүрлі қамтамасыздықтағы ағынды мәндері анықталды. Қарастырып отырған өзендердің су режимінің өзгеру заңдылықтары зерттелінді. Әртүрлі қамтамасыздықтағы су өтімдері анықталды. Алынған гидрологиялық мәліметтер алаптың су ресурстарын пайдалауда аймақта экологиялық жағдайды өршітпей мәселелерін шешуде қолданыс табуы мүмкін. ....
Қасым Аманжолов — қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады.[1] Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды. Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы .....
Жоспар: 1. Ғарышты зерттейтін ғылым. 2. Ғарыштық экспедициялар. 3. Галактикалар. 5. Ғарыштағы жер. 6. Ғарыштық тастар.
Бір жыл - Жерге Күнді бір рет айналып шығу үшін қажет уақыт. Күннің айналасындағы 938 886 400 км жерді айналып шығу үшін Жерге 365, 24 күн қажет. Жердегі жылдың ұзақтығы дегеніміз осы. Өзге планеталардағы жылдар ұзағырақ немесе қысқарақ болады, бұл олардың әрқайсысына Күнді айналып шығуға қажет уақыт көлеміне байланысты.
Біздің білуімізше, Күн жүйесінің бірде - бір өзге планетасында тіршілік жоқ, сондықтан Жер тіршіліктің болуымен ерекшеленеді. Күн қатардағы жұлдыздардың бірі болар, алайда оның маңындағы үшінші планета (Жер) өзгелерден бөлек. Жер суды қайнатып жіберердей ыстық та және су қатып қалатындай суықта емес. Ол оттегіден тұратын атмосфераны қамтиды. Су және оттегімен Жерде тіршілік басталып, өркен жайды.
Ғалымдар Жер планетасын геосфера деп атайды. Біз өмір сүретін сыртқы қатты бөлігі - биосфера. Оның қабаттарын атмосфера қоршап жатыр. Жер ішінде де осындай қабат бар. Ортасында қатты қысымнан сығылған никель мен темірдің қосындысынан тұратын қатты ішкі ядро бар. Ядроны қоршап жатқан тау жыныстары ыстық және сұйық болады. 1500 жылға дейін адамдардың көпшілігі Жер әлемінің ортасында орныққан деп ойлаған. Оларда Күн және өздеріне таныс өзге планеталар сфера құрамында Жерді айнала қозғалып жүретіндігі туралы сенім қалыптасқан. Польшалық ғалым Николай Коперник (1473 - 1543) Күн Әлемінің ортасында орналасқандығы, ал Жер өзге планеталармен бірге Күнді айналып жүретіндігі жайлы бастапқы болжам келтірген. 1762 ж. Джек Кассини және Джин Ричер деген екі астроном алдымен Марсқа дейінгі қашықтықты, сонан соң геометрияны қолданып, Жердің Күннен қаншалықты алыс орналасқанын тура есептеп шығарған (147 және 52 миллион км). Бүгінгі таңда ғалымдар планеталар арасындағы қашықтықтарды, лазерлік немесе радиолокациялық сәуле шоғыларын оларға қарай атқылай отырып өлшейді. .....
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, болу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, түрақтылыгы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, кұл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің үйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау қүқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табынын. ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтьш көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардын рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.....
Менің анам бар. Оның аты – Қалығыз. Анам мені ақ сүт беріп әлдилеп өсірді. Қазақта сөз бар «Анаңды қанша рет Меккеге апарсаң да, оның ақ сүтін өтей......
1. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мәні. Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама – қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. ....
Кіріспе Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға үмтылыстан туған үрдіс. М^ндай үрдістен білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсерінен қазақтілін оқыту үлдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы үйымдастыруға алып келді . Бұл үрдіс окушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытуға арналған. Бұл білім беру саласында окушыға жаңа көзқараспен карауды үйретті. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондыктан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Өкінішке орай казір окушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктер кездесуде : ....