Мақал - мәтел: Байлық, баршылық, тоқтық, кедейлік

Денсаулық — зор байлық.

Ай бетінде де дақ бар.

Құзғын ас таңдамайды.

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Алтынды тот баспайды.

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Қарыз қатынас бұзады.

Тіленшіге жел қарсы.

Базар – бай, алушы – кедей.

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Жоққа жүйрік жетпейді.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бір уыс топыраққа тояды.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Математика | Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру

Кіріспе
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны - білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді.
Бүгінгі заман талаптары білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейді. Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде көтерілуде. Ауыл мектебі - қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Сондықтан да болар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 3 жылымызды «Ауыл жылы» атағаны, яғни сондықтан ғылыми жұмысты «Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру» атты курстық жұмыс жазудан бастадым.
Зерттеу әдісі — педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинақтау, озат тәжірибелі мұғалімдер сабағына қатысу, бақылау ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары.
Зерттеу объектісі - шағын комплектілі мектепте оқушыларға математиканы оқыту процесі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Елбасы – ел мақтанышы

1940 жылдың 6 шілдесінде қарапайым қазақ отбасында, бір перзентке зар болып, әулие - әмбиені аралап, құдайдан бала сұраған Әбіш пен Әлжанның шаңырағын шаттыққа толтырған періште сәби бүгінде еңселі елді басқарып, Ұлы адам боларын кім білген? Ауыртпалығы мен қиыншылығы мол сұм соғыспен тұспа – тұс келген балалық шақтың да қызығы аз болғаны белгілі. Тумысында ерекше жаратылған ұлы тұлғаның болмысы бөлек. Ерекше зейіні мен қабілеті, көрегендігі мен еңбекқорлығы – тамырын тереңге жайған бәйтеректей қазақ елін барша әлемге мойындатты. Елбасы халық арасынан шықты. Себебі ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі және қазір де солай. Және де ол кісі қазақ жерінде туған ең дара азаматтарының бірі де бірегейі.
Қазақ халқы: «Әкеден — ақыл, анадан — мейір» демей ме. Елбасының жақсы азамат болып қалыптасуына ата – анасының қосқан үлесі шексіз.......
Шығармалар
Толық
0 0