Реферат: Шаңғы дайындығы

Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор. Шаңғы спорты адам денесін қалыптастыруға үлесі зор. Адам тұлғасының мәдениеті – бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде «мәдени әрекет» деп түсіндіріледі. Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. Бiрiншiден, дене мәдениеті — адамның денсаулығын нығайтып, күш — жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты. Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды, яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.
Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы, грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған.7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жақды.
Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.Бірінші шаңғы сөзі 12 ғасырда Русьқа жатады.Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды.Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.Шаңғы туралы бірінші журналға енгізген 1733 жылы Ганс Эмахузен болды. 1767 жылы шаңғы спортының бірінші жарысы өткізілді.
Әлемде бірінші рет шаңғы спортының көрме залы ашылды,ол яғни Тронхеймада 1862-1863 жылы өткізілді.Норвегияда ең алғаш рет шаңғы спортының қоғамы ашылды,содан соң Финляндияда спорттық клубы ашылды.Одан әрі қарай басқа да елдерде, яғни Европа,Азия және Америкада өз жалғасын тапты.
Норвегияда шаңғы атағына арнап Холменколлндік ойыны 1883 жылы,Финляндияда Лахтиндік ойындар 1922 жылы Швецияда көптік шаңғы жарысы Васалоппет 1922 жылы мейрамдары өткізілді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Эссе: Тіл мәртебесі-ел мерейі

Тіл-адам баласы пайда болғаннан бері қолданыста жүрген, бізге заманауи өзгеріп келген асыл қазына. Тілсіз бір күнді елестету мүмкін емес. Себебі, бұл біздің өмірімізге әбден араласып кеткен, біздің байланысу құралымыз. Мен қазақ ұрпағы болғандықтан тіл арасынан қазақ тілі мен үшін әлемдегі ең күрделі әрі әдемі сөздерімен айтарын тұспалдап айтатын ерекше тіл. Қазақ тілінің күрделі,әдемі,тұспалдағыш болғаны соншалық қазақтардың өзі қазақша бұлбұлдай сайрай алмайды.

Біз қазіргі кезден тілге аса қатты назар аударамыз. Себебі қазір білім мен ғылымның әбден дамып, шегінен асып кетіп тұрған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл үлкен мәртебе. Қазақстан Республикасы да заманымызға сай үш тіл меңгеріліп жатыр. Яғни, Қазақстандағы әр бала өз заманына сай білімді деуге болады. Бірақ, "өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген-ді. Осыны естен тыса шығармау міндет.

Әлем танитын ел болып, бірігу үшін өз тілімізде сайрап тұру қажет. Көп жылдар бойы есте сақталып, ана тілін ерекше сүйген патриоттардың, ата-бабамыздың, аталарымыздың насихаты, шежіресі, кітаптары қазір сақтаулы. Олар әр қазақ қалалары мен ауылдарының мемктебі мен кітапханаларының алтын төрінен орын алып, болашағы жарқын елдің ұрпақтары сол кітаптан білім алуда. .....
Эсселер
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Табиғат кешендері (8 сынып, III тоқсан)

Пән: Георафия
Бөлім: Табиғи-аумақтық кешендер
Сабақтың тақырыбы: Табиғат кешендері
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: - Табиғат кешеніне қатысты ұғымдарды білу;
- Табиғат кешенінің компаненттерін ажырата білу;
- Табиғат кешені заңдылықтарын салыстырып, талдау.
Сабақтың мақсаты: 1. Табиғат кешеніне қатысты ұғымдарды біледі;
2. Табиғат кешенінің компаненттерін ажырата алады;
3. Табиғат кешені заңдылықтарын салыстырып, талдап, қорытынды жасай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Сүйікті тәрбиешім!

Менің атым Ерзат. Мен Шалқар қаласындағы "Нұрсәт" балабақшасына барамын. Балабақшадағы менің сүйікті тәрбиешім Қибат Отарбайқызы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мусин Қапан Әубәкірұлы

1921 жылы Батыс Қазақстан обылысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1970 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ композиторы. 1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясының қазақ студиясында дәріс алған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1953 жылы Алматы консерваториясын Е.Г. Брусиловскийдің композициялары бойын-ша тәмамдаған. 1943-1953 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері. 19653 – 1960 жылдарда Алматы консерватиясында ұстаздық қызмет атқарған. 1961–1969 жылдар аралығында Алматы консерваториясы жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі.
Қапан Мусин халық аспаптары оркестріне поэмалар, симфониялық оркестрге арналған үш симфония және атақты «Жайлауда» атты симфониялық поэмасын, «Халық бақыты үшін», «Мереке» поэмаларын жазды. Ол - тұңғыш симфониялық ірі шығарма жазған ұлттық композитор.....
Рефераттар
Толық
0 0