Қызғану сезімі барлық адамның жаратылысында бар, одан ешкім толығымен бас тарта алмайды. Бұл сезімнің адам өміріне қосар үлесі көп. Дегенмен де, қызғаныш шектен тыс болған жағдайда өмірді қиындатып жібереді. Ал, егер қызғанушы кішкентай бала болса, өмір одан ары қиындай түседі... Балаларда қызғану сезімі, шамамен, 2 жасында басталады.
Негізінде, ата-ананың ұстанымдары мен баланың сыртта көрген көріністері баланы қызғанышқа итермелейді. Яғни, баланың өз бауырын қызғануына үлкендер өзіміз себеп болып жатамыз. Қазір сол себептерді тізбектеп, санап көрсек:
1. Әке-шешенің балалары арасында теңдік орнатуға тырысуы бауырлар арасында қызғаныштың басталуына себеп болады. Негізінде, әке-шеше балалар арасында теңдік орнатуға емес, әділдік орнатуға тырысуы қажет. Өйткені, әрбір баланың жаратылысы әртүрлі болуымен қатар, дүниеге келу уақыты да әртүрлі. Осы өзгешеліктерге мән бермей, екеуіне де тең қарау, екеуінің біреуіне әділетсіздік жасау болып табылады.
2. Әке-шешесінің өзіне әділетсіз әрекет еткенін сезген бала оларға деген сенімін жоғалтса, бұл сенімсіздігі оның қызғанышына себеп болады.
3. Тұңғыш балаға бұрыннан бері ие болған мәртебесін жоғалтпағанын көрсету керек. Әйтпесе, кішкентай бауыры дүниеге келген кезде тұңғышы алаңдайды және «анасы кішкентай бауырына көбірек көңіл бөліп, өзін бұрынғыдан аз жақсы көре бастады» деп қайғырады. Бұл жағдай баланың қызғанышын туындатып, бауырына күш қолдануға дейін апаруы мүмкін. .....
«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса — ұзату)» Хадис-шариф Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін тым жат емес дәстүрлердің бірі болғандықтан «азан шақырып қойған аты» деген тіркесті күнделікті қолданысқа енгізіп жібергенбіз.......
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау» Сабақ тақырыбы: Мәтін құрастыру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті тақырыпқа шағын жазылым таңдап жаза алады......
Менің ана тілім - шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын,абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер- сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбатты тіл.Ақын С.Торайғыров ана тілімде:
Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп жырға қосқан.
Ана тілім - ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.Амал не.., туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндер де аз емес.Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындар көрінген кезде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Пауетовскийдің "Туған тіліне жаны ашымаған адам- жәндік"деген сөзі ойыма еріксіз оралады......
Бір жолы, бұдан гөрі жастау, көркемірек және даусы да күштірек кезде, оның саяжайында, антресольде, сыйлы танысы Николай Петрович Колпаков отырды. Ауа райы адам төзгісіз ыстық және қапырық болатын. Колпаков жаңа ғана тамақтанып, бүтіндей бір бөтелке нашар портвейнді ішіп, өзін әрі көңілсіз, әрі сырқаттанғандай сезініп отыр еді. Екеуінің де іші пысып, серуендеуге шығуға күннің қайтуын күтісті.
Кенет күтпеген жерден, кіреберіс бөлмеде қоңырау соғылды. Үстінде сүртігі жоқ, аяғына туфли киіп отырған Колпаков атып тұрып "бұ не?" дегендей Пашаға қарады.
— Тегі, пошташы немесе менің дос әйелім болуы керек, — деді әнші әйел
Колпаков Пашаның дос әйелінен де, пошташыдан да именбейтін, бірақ сақтықта қорлық жоқ дегендей, киімдерін құшақтап алып, көрші бөлмеге кетті, ал Паша жүгіріп барып, есік ашты. Оның шексіз қайран қалуына босағада пошташы да, дос әйелі де емес, жас, сұлу, таза киінген, сырт пішініне қарағанда инабаттылардың қатарынан болу керек, бейтаныс бір әйел тұрды.
Бейтаныс әйелдің өңі қашқан, биік басқыш бойымен жүргендей ентігіп, ауыр дем алады.
Иттің шығу тарихы Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Иттер шамамен б. з. б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Бұлар – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1, 5 айдай емеді. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі......
Зерттеудің көкейтестілігі. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған 1. Сондай-ақ, Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты халыққа жолдауындағы еліміздің «2020 – Саламатты Қазақстан» даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер онан ары нақтылана түсті 2. Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғамымыз зор үміт күтеді. Міне осындай болашағынан үміт күттірген талантты да дарынды жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап білімді, денсаулығы мықты әрі жан-жақтылы етіп тәрбиелеу кезек күттірмес мәселе екені бәрімізге аян. Ал, осындай жауапты, ауыр міндетті арқалауда дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екені бәрімізге де түсінікті. Дене тәрбиесін жүйелі де ғылыми өткізу арқылы дені сау оқушылардың денсаулығын онан ары нығайтумен қатар, денсаулығы әлсіз балалардың ауру азабынан ертерек құтылуына, ағзасының, дене мүшелерінің уақытша жоғалтқан немесе әлсіреген қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына тезірек келіп, басқа балалармен бірдей асыр салып ойнауына көмегін тигізе алатын тамаша мүмкіндікті қолдан шығармау керек.....
ЖамалҚарши - Қазақстанның Жетісу аймағында туып-өскен тарихшы, жазушы, ғалым (шын аты-Абдул-Фазал ибн Мұхаммед) (1230, Алмалық-1315). Әкесі Мұхаммед Баласағұн қаласында туылған. Алмалыққа келіп, өсе келе Шағатай ханға қызмет еткен. ЖамалҚарши әкесімен бірге қаңлы тайпасының ортасында болып, бала күнінен өз жері мен елінің тарихи шежіресін, аңыздарын тыңдаған. Алмалық пен Қашқарда......