Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Менструалдық цикл. Менструалдық циклындағы эстроген мен прогестерон гормондарының маңызы. Оқыту мақсаттары: 9.2.1.4 - менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау Сабақ мақсаттары: Менструалдық цикл мен эстроген және прогестерон рөлін сипаттау.....
Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол. Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес. Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық. «Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек. ....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады. Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.....
Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, "этнопсихология" рухтың не белгіш бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік. Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы, қоғамдық саяси-жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың кажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілтен қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. "Азшылық" халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен шектен тыс қанаушылықпен, табиғат апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды. XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және "мәдениет" мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. "мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.....
Мұқасан Досмұратұлы Шахзадаев (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).
Мұқасан Досмұратұлы 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойыл ауылында дүниеге келген. Әкесі - Досмұрат Шахзадаев. 1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін бітірген. 1990 жылдан "Нұр - Мұқасан" дуэтін құрып, сол топта осы уақытқа дейін өнер көрсетіп келеді. 1993 - 1999 жылдары Бауыржан Ибрагимовтің ашқан "Бауыржан - шоу әзіл-сқақ театры"ның әрітісі болды....
Теңіздің беті шашыратқының гүліндей көкпеңбек, таза шыныдай мөп-мөлдір. Ал тереңдігінде есеп жоқ. Тереңдігі сонша, оның түбіне ешбір зәкір жетпек емес. Мұның тереңдігін өлшеу үшін қабат-қабат зәулім мұнаралардың бірнешеуін біріне-бірін жалғауға тура келер еді. Міне, сол тұңғиықта су перілері өмір сүреді.
Теңіз түбі тұлдырсыз ақ құмдақ екен – деп ойлап қалмаңдар. Жо-жоқ. Оның түбінде судың сәл ғана қимылынан тірі жанша ......
Қазіргі кезде Қазақстан мұнай өндіруші мемлекеттердің бірі болғандықтан, оны өңдеу, тасымалдау кезінде сөзсіз мұнаймен қоршаған орта ластанды. Қазір осы экологиялық проблемаларды шешу ең негізгі шаралардың бірі болып отырғаны анық. Қазіргі кезде экожүйені тазалауда қолданылатын перспективті әдістердің бірі биотехнологиялық әдістер болып табылады, яғни биопрепараттар негізінде биоремедиациялау. Биоремидияцияда көбінесе трофикалық дәрежелері әр түрлі аралас дақылдарды қолданылады: фото-, авто- және гетеротрофтар себебі олар ластаушыларға полиспецификалық әсер етеді. Соңғы кездерде мұнаймен ластанған жерлерді тазалау үшін цианобактериялық дақылдарды қолдану туралы жұмыстар шықты, олар өз алдында табиғатта басқа микроорганизмдармен ассоциация түрінде кездеседі. Мұнаймен ластанған топырақта цианобактериялардың тіршілік етуі туралы мәліметтерді көптеген ғалымдар келтіреді. Бұның мәні цианобактериялардың көмірсутек тотықтырушы бактериялардың мутуалисті байланысы мен жоғарғы дәрежеде бейімделгіштігімен түсіндіріледі. Табиғатта цианобактериялар микроорганизмдармен консорциум түзеді,әртүрлі сыртқы қолайсыз жағдайлардан осы организмдердің кооперациясы қорғайды. Ассоциаиялардың бұлай болу себебі тікелей цианобактериялардың сонымен қатар олардың серіктес бактерияларына да байланысты. Осындай қосылыс түрінде болуы бұлардың адаптациялық ерекшеліктеріне әсер ететін болар. ....
Құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралады. Атқаратын қоғамдық қызмет жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір: екеуі де ойды (бірі — жалаң ойды, екіншісі — күрделі ойды) білдіреді, ойды жарыққа шығарады, оны басқаларға білдіреді, сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады. Сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында болады. Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке сөздерден құралады. Бұл — жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің құрылысы, құрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұдардың бір-бірінен мағыналық өзгешелігі — жай сөйлемнің жеке бір ойды білдіріп, құрмаластың күрделі ойды білдіруінде. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы үшінші айырмашылық олардың айтылуында: жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады; құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады. Басқаша айтқанда, жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да аяқталған ойды білдіреді де, өз алдарына бір бүтін болып саналады. Құрмалас сөйлем сыңарлары интона-циялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Жай сөйлемдер: Зұлқия келген жұмысын баяндап отыр. Оның алдында бірнеше хаттар жатыр. (М.И.) Құрмалас сөйлем: Басқарма мәжілісінен шығып, Мамыт пәтеріне қарай беттеп келе. жатты. (М.И.)....
Пән: География Бөлім: Табиғатты пайдалану және геоэкология Сабақтың тақырыбы: Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау №2 Оқыту мақсаттары: 10.3.1.2 табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға беру (жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) 10.3.1.3 табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтудың жолдарын ұсыну(жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде).....