Мұғалім оқушыға жоғары сапалы білім беруі үшін үлкен ізденісте болып, өзінің біліктілігін арттырып отыратыны секілді мен де біліктілігімді арттыру үшін Кембридж бағдарламасы бойынша білім алуға оқуға келдім. Бағдарлама курсының І бетпе бет кезеңінде үстел басына отырғаннан, тренеріміз Бадигүл апаймен, кураторымыз Ләззат апаймен таныстық. Тренеріміз ортаға түрлі - түсті қағаз, фламастер, түрлі - түсті бояулар, ақ бет парақтар, қайшы, скотч таратып бергенде бұл оқудың жай бұрыңғыдай оқу емес, ерекше екеніне көз жеткіздім. Бадигүл апай «Таныстыру» тренингінің түр - түрін өткізіп, бір - бірімізге шапалақ.......
Қазақ халқының қолөнерінің арнасы өте кең, түрі сан алуан.Бұған айғақ Қазақстандағы қазан төңкерісіне дейін ағаш,сүйек,мүйіз ұқсату,металл өңдеу,тері ұқсату мен етікшілік,тас өңдеу,тоқымашылық тағы басқа сияқты салаларының дамып жетілгенің атасақ та жеткілікті.Ою-өрнек заттарды әдемі,әсем,сәнді көрсетіп,мағыналы да мазмұнды.......
Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз.
Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз.
1991 жылғы 16 желтоқсанда біз - Қазақстан халқы - егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.
Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында елтанымастай болып өзгерді. .....
КІРІСПЕ Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны 1979 жылы өндірістік геологиялық бірлестігі “Уральскнефтегазгеология” арқылы П-10 параметрлік ұңғысын бұрғылау кезінде ашылған. Кен орны Каспий маңы ойпатының солтүстік аймағында орналасқан. Мұнайгазконденсатты кеніш терең жатқат тұз күмбезінің астында 25*12 км көлемінде орналасқан. Мұнайгаздылық қабаты 300-метр – ден 1600-ге дейін, соның ішінде 200 метр қалыңдығында. Газмұнай шегі 4950метр тереңдіңгінде, ал су мұнай шегі – 5150 метр. 1983 жылы мұнай газ конденсат қоры туралы есеп жүргізілді. Осы құжат негізінде 1984 жылы ВНИИГаз арқылы тәжірибелі - өндірістік пайдалану (ТӨП) жобасы жасалынды. 1988 жылы көмірсутектер қоры нақты дәлелденіп есептелінді. Кен орны үш пайдалану объектісіне бөлінеді: 1 және 2 объектілері газды конденсатты және 3 – мұнайлы бөлімі болып, тереңдеген сайын конденсат мөлшері ұлғая бастайды. Қазіргі кезде пайдалануда тек бір ғана газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ) бар. Оның құрамында LGA (Германия) жабдығымен жабдықталған үш технологиялық тізбек кіреді. Ол 1984 жылдан бері пайдаланылуда және ТМД елдерінен жабдықталынған төртінші технологиялық тізбек ьар. Ол 1989 жзылдан бері пайдаланылуда. Сонымен бірге, Орынбор газ өңдеу заводыа өнім жіберілетін 377 мм диаметріндегі үш конденсат желісі және 720 мм диаметірінде тазартылмаған газды айдайтын екі газ желісі пайдаланылуда. Газды кешенді дайындау қондырғысын ұзақ уақыт пайдалану нәтижесінде (17 жыл) жабдықтар өз ресурстарын және қызмет көрсетудің нормативті уақытын толық істеп, қондырғыны қайтадан жасап шығу қажеттілігі туды.....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым Сабақ тақырыбы: Сұхбат аламын Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысу Сабақ мақсаттары: Күнделікті өмірлік жағдаяттарға байланысты сұхбат жүргізу, диалогке қатысуға дағдылану.......
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атмосфера және климат Сабақ тақырыбы: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуы №3 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Табиғат зоналары мен биіктік белдеудің қалыптасуын білу. Табиғат зоналарының орналасу реттілігін білу; Табиғат зоналарының ерекшелігін ажырата білу. Сабақ мақсаттары: Табиғат зоналары мен биіктік белдеудің қалыптасуын білу.....
1. Тізбектер. Жұп оң сандарды өсу ретімен теріп жазайық. Ондай бірінші сан 2, екіншісі 4, үшіншісі 6, төртіншісі 8, т.с.с. Сонда 2; 4; 6; 8; ... тізбегі шығады. Бұл тізбекте бесіншісі орында 10, оныншы орында 20, жүзінші орында 200 саны тұратыны айқын. Жалпы алғанда кез келген n натурал саны үшін оған сәйкес болатын жұп оң санды көрсетуге болады, он 2n – ге тең. Тағы да бір тізбек қарастырайық. Алымы 1 – ге тең дұрыс бөлшектерді кему ретімен теріп жазайық: 1/2; 1/3; 1/4; 1/5; 1/6; ... Кез келген натурал сан үшін біз оған сәйкес болатын бөлшекті көрсете аламыз; ол бөлшек 1/n + 1 – ге тең. Сөйтіп, алтыншы орында – 1/7 бөлшегі, отызыншы орында – 1/31 бөлшегі, мыңыншы орында – 1/1001 бөлшегі тұруы тиіс. Тізбекті құрайтын сандар реті бойынша тізбектің бірінші, екінші, үшінші, төртінші, т.с.с. мүшелері деп аталады. Тізбектің мүшелерін әдетте мүшенің реттік нөмірін көрсететін бар әріптермен белгілейді. Мысалы, а , а , а , а , т.с.с. Жалпы тізбектің n нөмірлі мүшесін немесе тізбектің n – ші мүшесі деленді а n деп белгілейді. Тізбектің өзін былай белгілейміз (а ). Тізбектің мүшелер саны шектеулі болуы мүмкін екенін ескертеміз. Мұндай жағдайда оны шектеулі тізбек деп атайды. Шектеулі тізбекке екі таңбалы сандар тізбегі мысал бола алады: 10; 11; 12; 13; ... ; 98; 99. Тізбекті беру үшін, оның кез келген нөмірлі мүшесін табуға мүмкіндік туғызатын тәсілді көрсету керек. Тізбекті көбінесе тізбектің n – ші мүшесінің формуласы арқылы береді. Мысалы, жұп оң сандардың тізбегін а = 2n, алымы 1 – ге тең дұрыс бөлшектер тізбегін Вn = 1/ 1 + n формуласымен беруге болады. Басқа мысалдар келтірейік. 1. Мысал. Тізбек у = n - 3n формуласымен n берілген болсын n – нің орнына 1, 2, 3, 4, 5 ... натурал сандарын қойып, мынаны шығарып аламыз: у = - 2; у = - 2; у = 0; у = 4; у = 10; ... Қарастырып отырған тізбек былай басталады: - 2; - 2; 0; 4; 10; ... 2 – мысал. Тізбек Х = (- 1) · 10 формуласымен берілген болсын. Осы тізбектің тақ нөмірлі барлық мүшелері – 10 – ға, ал жұп нөмірлі мүшелері 10 – ға тең: х = - 10, х = 10, х = - 10, х = 10. Мына тізбекті аламыз - 10; 10; - 10; 10; - 10; ... 3 – мысал. (С ) = 5 формуласымен барлықмүшесі 5 – ке тең тізбек былай жазылады: 5; 5; 5; 5; ... Тізбектің берілуінің тағы бір тәсілін қарастырайық. 4 – мысал. ( а ) тізбегінің бірінші мүшесі 3 – ке тең, ал әрбір келесі мүшесі алдыңғы мүшесінің квадратына тең болсын ....
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. Мазмұны 1 Ғалымдар зерттеуі 2 Өмір сүрген кезеңі 3 Толғаулары 4 Философия дүниетанымы 5 Дереккөздер Ғалымдар зерттеуі
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов). Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, .....
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, әлеуметтік мәні күшті. Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру- үлкен де жауапты іс. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленді. Соның бірі – іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу» курсы басталды. ....