Қазақ елінің өзіндік дамуына монгол шапқыншылығы зардабын тигізді. Монғолдар келгенге дейін дамудың жоғарғы сатысында түрған Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы - Баласагүн, Тараз, Алмалық, Сыганақ, Екіогыз секілді үлкенді-кішілі қалалар мен елді мекендер жер бетінен жогалып кетті. ¥лы империя қүруда Шыңғысхан жаулап алган жерлерін өзінің үлдарына бөліп берді. Қазақстан аумагы үш монгол үлысының қүрамына енді. 1227 жылы Шыңгысханның үлы Жошы өлгеннен кейін оның үлы Батый билік басына келеді. Батый Еділдің төменгі ағысында .....
Жергілікті жердің дәрілік шөптерін танып, ажырата білу, оны күнделікті тұрмыста ересектердің көмегімен қолдана білу жолдарын зерттеу. Зерттеудің ғылыми болжамы: Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына бұрыннан белгілі, оны пайдалану жолдарын зерттеу аса өзекті тақырып болып табылады. Зерттеудің негізгі кезеңдері: 1. Ғылыми жұмыстың тақырыбы таңдалып, қажетті материалдар мен зерттеулер ізделіп, олар жүйеленді. 2. Баспасөз материалдары және ғылыми еңбектер мен көркем әдебиет материалдары жинақталып, шолу жасалды. Жергілікті өлкетану мұражайына саяхат жасалып, көне жәдігерлермен таныстым. 3. Бейнеу керуен сарайлары туралы баяндама, және буклеттер дайындалды. Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:.....
Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кетеді.......
КІРІСПЕ Мұнай және мұнай өнімдері біздің еліміз үшін негізгі экспорт көзі болғандықтан мұнайдың дүниежүзілік бағасы макроэкономикалық параметрлердің маңызды бірі болып табылады. Сыртқы рыногтағы жағдай қазақстандық мұнай компанияларының жағдайына да өз әсерін тигізеді. Мұнайдың дүниежүзілік бағасының дағдарысы тек қана мұнай өндірісіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл экономикасына қауіп төндіреді. Себебі, көптеген ұңғымалар қор бөлігінің қайтарымсыз жоғалтуларымен тоқтатылады. Осыған байланысты бюджеттің кірісінің азаюы, жұмыс орындарының қысқартылуы, экономиканың барлық салаларында салықтардың көбеюі, т.б. жағдайлар туындайды. Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Еліміз қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан-13, газ және конденсаттан-15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша – төртінші орын алады. Жаңажол кен орны 1978 жыл ашылған және 1983 жылы пайдалануға жіберілген. Бұл 60 пайыз күкіртсутегі мен көмірқышқылгазды, 10 пайызға дейін парафинді, жоғары газ факторлы кен орны. Жаңажол кен орны таскөмір жүйесінде қалыптасқан, кеуек пен жарықшақтардан, кеуек пен ұсақ қуыстардан тұратын карбонатты коллектор болып табылады. Кен орынды игеру екі карбонатты қалыңдық бойынша жүргізіледі – КТ-І және КТ-ІІ. Бұл жердегі ұңғымалар мынадай сипаттарға ие: терең, газ факторы жоғары және күкіртті сутегінің пайыздық мөлшері жоғары. Жаңажол кен орнында мұнай өндіру штангалы терең сорапты ұңғыларды пайдаланады. Мұнайды өндіру кезіндегі кең тараған тәсілдердің бірі –штангалы терең сорапты қондырғы. Бұл штангалы сорап арқылы кіші дебитті ұңғыларды игеруге болады. Арнайы бөлімде де ШТСҚ бойынша технологиялық есепке талдау жасалған.....
Гипотеза: Жаратылыстану пәндерінің элементтері - қазақ халқының танымдық мұрасы мен мәдениетінде бірге дамыған ілім. Өзектілігі: Қазақ халқының танымдық мұрасы, мәдениетінде математика пәнінің маңыздылығын көрсету. Қазақ халқының сәулет өнеріне жаратылыстану (математика, физика) пәндерінің қолданылу даналығы. Мақсаттары: 1. Қазақ халқының салт - дәстүрлерімен танысып, математиканың қолданылуына зерттеу жүргізу 2. Ата - бабамыздың қолданған бұйымдарының жаратылыстағы белгілі бір жүйелігі мен заңдылықтарын зерттеу Зерттеу әдістері: 1. Жаркент қаласындағы Уәлибай мешітіндегі сақталып келе жатқан бұйымдарды суреттеп, зерттеу 2. Аудандық және мектеп кітапханаларынан кітаптар алып, мәліметтер жазу Зерттеу бөлімі: математика ғылымының қазақ халқының күнделікті тіршілігіндегі жоғарғы орны зерттелді. Қорытындылар: Ұлттық тұрмыстың бұйымдар жасалуы мен бала тәрбиесіне математика кеңінен қолданылғанын, қазақ халқының танымдық мұрасы, мәдениеті қазіргі математика пәніне қызығушылығын арттыруға үлесі көп екенін көрсеттік. Қорыта келгенде біз өмір сүріп отырған тылсым дүние құпия күштерге толы, ол белгілі бір заңдылыққа бағынады. Оны зерттеп, ашу ұрпақ міндеті......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Эволюциялық даму Сабақ тақырыбы: Жердегі тіршіліктің пайда болу кезеңдері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.5.7 Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып білу Сабақ мақсаттары: Барлығы: -Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін атау және оларға сипаттама беру; Көпшілігі: -геохронологиялық шкаласын құру Кейбіреулері: - кезеңдерінің ауысу себептерін талдау....
Салқын күздің сары таңын Балқия ана бүгін де жайсыз ұйқымен атқызды. Көзі ілінсе болғаны тағы да соғыс шықпай қойды түсінен.
Өте бір шошымал түсті Балқия таңға жақын көрді: жалаң аяқ жалан бас, көйлекшең қалпы қанды қырғын майдан даласын кезіп, жан ұшырып жүгіріп келеді екен. Іздегені жалғыз ұлы аяулы Мәмбеті. «Мәмбет! Мәмбет!» — деп Балқия пәрменімен ышқына айғайлайды. О жағы, бу жағынан гүрсілдеп жарылып жатқан тажалдарды елеп те қоймайды. «Мәмбеті Мәмбет!».
Кенет бұлттай қаптаған шаң мен түтін қойыртпағының арасынан Балқияның дәл алдынан Мәмбет шыға келді. Өз Мәмбеті, аңсаған алтын ұлы. Мылтық ұстаған қолын көкке сермеп, «апа!» деп, ол Балқияға қарай кұшақ жайып ұмтылды. Сөйткенше болмады, алып қоңыз тәрізденген қара сұр ірі танк Мәмбеттің арт жағынан сумаң етіп, ол да шыға келді. Жылан бауыры қаршылдап, өте шықты жосылтып. Мәмбет оған бір тал бұта құрлы да болған жоқ, танктің зіл кеудесіне көміліп қала берді...
Жылы екенін сезгем осы үннің мен, Сенің үнің, ана, мейірім білдірген. Тербеткенде әлди айтып сол үнмен, Бесігімде-ақ, ана, сонда күн күлген.
Сол бір үннен өмір сырын ұға алдым, Содан білдім табиғатын жыр-әннін. Оянсам да сол дауысты іздеппін, Жыласам да сол үнді естіп жұбандым.
Оған әлемдегі бірде-бір тіл таныс емес еді. Тіпті ести қойса да, бөбек оған селт ете қоймайтын. Өйткені оған солардың бәрінен де жақын, бәрінен де ыстық, бәрінен де күшті бір тіл болды. Бөбек бұл тілдің өзінің ана тілі деп аталатынын білген жоқ. Тек бұл тілде өзінің анасы сөйлейтін еді - бөбекке бұл тіл сондықтан қуатты болды, сондықтан ыстық еді, сондықтан жақын болды. Осы тілде бір тұнып тұрған мейір бар еді. Бұл тілде барлық нәрсе түсінікті еді, түсініксіз ештеңе де болмайтын. Сондықтан бөбек ұйқысынан ояна салып, алдымен осы тілді іздейді. Оған әлемде бұдан артық тіл болуы да мүмкін емес. .....