Реферат: Биология | Былқылдақ денелілер типі (Mollusca)

Былқылдақ денелілер түрлерінің көптігі жағынан тек буынаяқтылардан ғана кейін, қалатын, күрделі құрылысты жануарлар. Былқылдақ денелілердің көпшілігі судық, теңіздің жануарлары, ал аздаған түрлері ылғалды, ауа-райы жылы болатын құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Өздерінің тіршілігі мен құрылыстары жағынан сан алуан түрлі болып келеді. Бірқатар моллюскаларды адам тамақ үшін аулайды, устрица сияқтыларды қолда өсіреді, олардан меруерт алу үшін пайдаланады. Кейбір былқылдақ денелілер - зиянды жануарлар, олар ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдайды, мысалы, кәдімгі шырыштар, «кеме кұрты» теңіздегі ағашты бұзады, адам мен малдардың паразит кұрттарының аралық иелері мысалы; тоспа ұлуы т. б.
Жалпы сипаттама:
Құрылысы. Денесі бунақсыз, жұмсақ келеді, ол үш бөлімнен тұрады: бас, дене және бұлшықты аяқ. Денесі арқа жағынан және көбінесе бүйірлері тері қатпармен-мантиямен қапталып жатады. Моллюскалардың көпшілігінде мантиясы известь қабыршақтарын бөліп шығарып бақалшақтар түзейді. Моллюскалардың тіршілігінде бақалшақтардың қызметі зор: тірек қызметін атқарады, жануларының шабуылынан корғайды, ортаның әртүрлі әрекетінен сақтайды. Былқылдақ денелілердің бақалшақтарынын пішіні тіршілік ету тәсіліне қарай әртүрлі болады. Мысалы, мұхит пен теңіздердің түбінде тіршілік ететіндерінің бақалшақтары (қабыршақ) қалық, ауыр болып келеді, ал тұщы суларда тіршілік ететіндерінде бақалшақтары жұқа, жеңіл болады. Құрлықта, ылғалды жерлерді мекендейтін моллюскаларда нашар дамыған, ал кейбіреулерінде бақалшақтары жойылып кеткен (редуцируются). Әсіресе теңіздерде тіршілік ететіндерінде суда жүзіп жүруіне бақалшақтарының жеңіл болуы көп жеңілдік келтіреді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Дене шынықтыру | Дене шынықтыру жөнінен мектептен тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер:
балалар және жасөспірімдер спорт мектебі;
жаздық сауықтыру лагерлері;
еңбек сауықтыру лагерлері;
стадиондар;
дене мәдениеті сауықтыру кешендері;
спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары.
Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.
2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады.
Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.
Бастауыш сыныпта сауықтыру және шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Мектепте дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту.
2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру.
Бастауыш сыныпта сауықтыру және шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Мысқыл-жұқпалы паротит

Мысқыл- шықшыт безі, жүйке жүйесі және басқа бездердің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.



Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз. Эпидемиологиясы:



Ауру көзі-ауру адам.

Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.

Төзімділік (сезімталдық- 5-12 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Иммунитет-тұрақты,

Маусымдылық- қыс-көктем

Клиникалық белгілері:



Жасырын кезеңі 11-12 күн. Ауырған баланың қызуы көтеріледі, шықшыт бездері қабынады. Бастапқыда бет, мойнының бір жағынана, ал 1-2 күннен кейін екінші жағынан да ерекше ісік пайда болады, ісік қатты иленген қамыр тәріздес, ұстағанда қолға ыстық тиеді, ісік үстіндегі тері өзгермеген, ісік құлақтың артындағы шұңқырды толтырады. Баланың шайнауы, жұтуы қиындайды, көңіл-күйі нашарлайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ринит мұрын бітелу

Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. Риниттің жедел және созылмалы түрлері бар. Кейде вазомоторлы (вегетативті жүйке жүйесінің қабынуы) және аллерг. (организмнің аса сезімталдығы) түрлері де кездеседі. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Бұл кезде дене темп-расы аса көтерілмейді, бірақ ауру адамның басы ауырып, тыныс алуы қиындайды, көздің шырышты қабатының қабынуынан көзден жас ағады. Әсіресе мұрын бітелу нәрестелерде қиын өтеді, себебі, олардың мұрын қуысы тар болады да, мұрын ішіндегі болар-болмас ісіну олардың дем алуына, емшек емуіне кедергі жасайды. Кейде қабыну мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге де таралуы мүмкін. Ауруды дер кезінде емдемесе, асқынып, созылмалы түріне ауысады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Математика | Бастауыш мектеп математикасын оқыту

K I P I С П Е
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасымен барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігіне арттыру қажет деп атап көрсетілген. Сондықтан қазіргі кездс математика негіздерін меңгерту жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің негізі болып табылатындығы туралы Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көңіл аударылған. Көптеген елдерде математикадан жүйелі де сапалы білім беруге аса назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл жөнінде дүниежүзілік тәжірибеде үш тенденция байқалады: барлық оқушыларға математикадан бір дәрежеде білім берудің қажеттілігі және оған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу; математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Жұмыстың көкейкестілігі. Қазіргі дене тәрбиесі жүйесінің әлеуметтік – экономикалық және әлеуметтік - мәдени жағдайында жалпы орта білім беру мектептерінде дене тәрбиесі пәнінің негізгі мақсаты адамның жалпы мәдениетінің компоненті ретінде дене мәдениетін де қалыптастыру көзделіп отыр. Кез – келген мұғалімнің алдында сабақта оқушылардың белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін оқушылар дене жаттықтыру сабағына қызығушылық танытуы, денелік және психикалық сапаларды дамытуы және сабақтан ерекше әсер алуы қажет. Қызығушылықтан ерекше дүниені күту пайда болады. Оның деңгейіне оқушының сабақтағы зейіні, мінез – құлқы, белсенділігі, сынй ойлауы, шығармашылықпен жұмыстануы байланысты. Оқушылардың денсаулығы - білім беру саласы мен мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарының бір[1].
Дене тәрбиесі бойынша маманның кәсіби компоненттігі олардың өз қызметінде мектеп жасындағы балалардың дене құрылымының заманауи тұжырымдамасын іске асыруға дайындығында болып табылады – тәрбие білім процессінде денсаулығын нығайту, дене және психикалық даму, әр баланың эмоциональдық саулығына бағытталады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Қорықтар

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек.....
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: Кембридж бағдарламасымен «оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау» модулі бойынша

Білім беру жүйесінде бағалау үдерісі көп жағдайда оқушыларды жетістіктерін есепке алу үшін сырттай қойылатыны мәлім. Өз тәжірбемде баға білім алушылардың тоқсандық және жылдық сапа мен үлгерім деңгейіншартты түрде есепке алатын , салыстырмалы түрде қойылатын көрсеткіш ретінде қалыптасты.
Мектептегі оқытудың нәтежелері ,әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның оқуға қатынасы мен тұлғаның тұтас даму динамикасы жан-жақты және әділ бағалауды талап.......
Баяндамалар
Толық
0 0