Қазіргі кезде жылжымайтын мүліктермен мәміле жасау шаруашылық айналымының үлкен бөлігін құрайды және азаматтық айналымда, азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметтік өмірлерінде маңызды орын алады. Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда рыноктық қатынастың гүлдену кезінде жылжымайтын мүліктерге қатысты құқықтық қарым – қатынасты реттеу және жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау қазіргі уақытта өте жақсы дамыған. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікті пайдалану аумағы үнемі ұлғайып отыр, ал мәдениетті рынок әлі өз мәресіне жеткен емес және өз заңды формасына ие болған жоқ. Сондықтан, өзімнің дипломдық жұмысымда жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелерді құқықтық реттеу сұрағының арнайы аспектілерін қарастырғым келеді.....
Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар. Игры и упражнение для развития памяти у детей дошкольного возраста
Кіріспе Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі – жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы. Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан – жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа .....
Әр соғыс майданындай, Маңғыстау мұнай майданының да өзінің маршал, генералдары, полковник, лейтенанттары, солдаттары болды. Ал біздің сөз еткелі тұрған кейіпкерлеріміз — оның маршал, генералдары, полковниктері де емес, қатардағы солдаттары мен ортан қолдай өндіріс командирлері. Әскери тілмен айтсақ, тікелей ұрыс тағдырын шешетін алдыңғы шептің адамдары, өндіріс тетіктері қолдарындағы жұмысшы мамандары.
Қысқасы, бұлар мұнай майданының алдыңғы қатары — жаны, жүрегі.
Әрине, Маңғыстауда ешкім қан төгіп, жау қолынан шаршы метр жер аламын деп жанталасқан емес. Бірақ Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аймағын алып жатқан, солтүстік - шығысында Үстіртке жеткен, ал оңтүстігінде Қарабұғазбен шектескен, мол сулы бір өзені жоқ тек жусан, ақселеу, бұйырғын, ебелек өскен сонау шөлейт, құмайтты, сортаң жапан даланы игеру совет адамына ешбір соғыс майданынан кем тимеген. Ұлы дала өзінің ен байлығын, әрбір шаршы метр жерін орасан қиындықпен берген. Сондықтан да бұл арада бір кезде басталған мұнай тартысын Маңғыстау майданы деп атадық.
Иә, біздің бас кейіпкерлеріміздің көбі осы Маңғыстауда туып-өскен. Ата-бабалары да осы араны көптен бері мекендеп келген. Бұған қандай дәлеліміз бар? Ғалымдар бұл өлкеде түйе бұдан мың жыл бұрын сақ - сармат заманы тұсында да болған дейді. Тіпті біздің дәуірімізден бес ғасыр бұрын, осы арадан көшпенділер бұл қос өркеш жануарды Үндіге де апарған деп жазады. .....
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Аталған еңбектердің маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлім-тәрбие беру iсiн бүгiнгi таңдағы мектеп оқушыларының қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдық жүйе арқылы ұйымдастыру және басқару жолдарының педагогикалық мәнi мен әдiстемелiк мүмкiндiктерiнiң толығынан ашылмағанын байқадық. Қорытындылай айтар болсақ, оқушылар ұйымының ұзақ жылдар бойы бірыңғай саяси тәртіпке негізделіп, ұйым жұмысының халықтық-демократиялық принципке сүйенген, ұлттық тәлім-тәрбие негізінде құрылған жаңа моделінің қажеттігі жөнінде арнайы зерттеу жұмыстарының жүргізілмегені “Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға ұлттық тәлім – тәрбие беру” (1-4 сыныптар бойынша) атты шығармашылық зерттеу тақырыбымның өзектілігіне айғақ болды......
Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы, зерттелуі XX ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі грамадатикаларының алғашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс халқының зерттеушілер болады. 1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілдерінің кысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі - фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі - синтаксиске арналған (1897ж). Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі - жай сөйлем синтаксисі, екіншісі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектер-дің ешқайсысында «құрмалас сөйлем» деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем қазіргі түсінігіміздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аталған қазақ тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз (51, 92). В.В.Катаринский «грамматика киргизского языка» деген еңбегінде құрамында екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп атаныған (42, 85). Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола тұрса да бұл зерттеу еңбектері қазақтілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемнің ғылыми тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды. А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық - мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақыидығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере ( -келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі....
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер. 1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы. 2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы. 2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997); Азия ойындарының чемпионы (1998) ....
Баяғы заманда атақты бір патша болыпты. Оның күндей сұлу үш қызы, айдан аппақ бір ұлы болыпты. Күндердің күнінде патшаға өнерпаз үш жігіт келіпті, оның біреуі қолына тауыс (көркем түкті құс), біреуі мыстан істелген қоңырау, біреуі ағаштан соққан ат ұстап кіріпті. Оларға патша:
— Бұл көтеріп жүргендерің немене? – деп сауал қойыпты. Тауыс ұстаған жігіт:
—Тақсыр, сіз атыңыз қатарындағы патшалардан асқан ұлы патша болдыңыз. Біз сіздің заманыңызда оқып, өнер тапқан кісілер едік. Сізге өнерімізбен істеген табысымызды әкеліп отырмыз. Мына менің қолымдағы тауыс - жанды сағат. Ол әр сағат сайын шақырып, өткен мезгілді білдіріп отырады, – деді.......
Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі. ....
Сусын қылар үмітін шөлдегенде Осы жерге перзентпіз сен де, Мен де! Барлығын да сүйемін, Сөйте тұра Махаббатым ерекше ел дегенде! О дүниеге жер аудар! Көшір мейлі! Көшір мейлі! Өмірден өшір мейлі!.....