Файзулла Юлдашев (15.9. 1912, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы – өлген жылы белгісіз) - 2- дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант. Өзбек. Самарқанд педагогикалық техникумын және Ташкент муғалімдер институтын бітіріп, Бұхара облысында мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың маусымында шақырылып, сол жылдың қазан айынан Воронеж майданына қарасты 38-армия 180-атқыштар дивизиясы 42- атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 27 қыркүйекте аға сержант .....
Қазіргі таңда көптеген жоғарғы оқу орындары педагог-дефектологтарды және арнаулы психологтарды кәсіби даярлаудың бағдарламаларын ұсынуда. Осыған орай, АҚШ-та 230 бағдарламаны қамтитын арнаулы білім беруде қызмет жасайтын оқытушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату жөнінде ұлттық жүйе жұмыс жасауда. Педагогикалық оқытудың батыс еуропалық жүйесінде арнаулы психологтар мен педагогтарды даярлаудың бағдарламаларымен қатар университеттерде арнаулы педагогика бойынша жалпы білім беру мектептерінің оқытушысын міндетті түрде даярлау желісі қызмет етуде, одан әрбір болашақ оқытушы өтуі тиіс. Қарапайым балаларсекілді, ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие балалар да білікті педагогикалық көмекке зәру, оны тек арнаулы даярлықтан өткен педагог-дефектолог қана бере алады. Қазіргі заманғы педагогикалық білім беру келесі түрдегі сәйкес педагогикалық мамандықтардың кең ауқымына ие: тифлопедагогика, сурдопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия, мектепке дейінгі арнаулы педагогика, арнаулы психология. Зерттеудің көкейтестігі: арнайы педагогика пәні бойынша, арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке тұлғасы мен кәсіби қызметін толығымен, жан-жақты зерттеп, оны іске асыру. Педагог-дефектологтар оқушылар мен тәрбиеленушілердің түрлі деңгейлерімен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу үшін арнаулы білім беру мекемелерінде, балалар үйлерінде және мектеп-интернаттарда жұмыс істейді, олар индивидуалды оқыту мен тәрбие беруді жүзеге асырады. Зерттеудің мақсаты: әр түрлі категориядағы аномальдылығы бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеу, ауытқудың құрылымын, сонымен қатар аномальды баларды оқыту маңыздылығын анықтау негізінде оларға арнайы білім беруді ұйымдастыру мен жүргізудегі педагогтың жеке тұлғасы мен кәсіби қызметінің ерекшеліктерін, іскерлігін анықтау. ....
Кіріспе "Экономика неғұрлым еркін болса, соғұрлым әлеуметтік болады. " Эрхард. Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесән ала келеді. Біэдің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауысиырып әкетуіне жағдай жасауы керек.....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Сабақтың тақырыбы: Мектеп туралы әңгімелер оқу. «С» дыбысы мен әрпі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады. 1.2.4.1 Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі. 1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды Сабақтың мақсаттары: «Мақтаншақ бақа» әңгімесін оқу арқылы әңгіменің кейіпкерін,оқиғасын және мазмұнын талқылау,суретке қарап сұрақ қоюды үйрену. «С» дыбысы мен әрпін айтып жазып үйрену,сөзде қолдану.....
Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай: 1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту. 2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту. 3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру. 4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. ....
Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны Қазақ телевидениесінің майталманы Шымкент қаласының тумасы екен. Ол 1972 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласынан бастауыш мектепке барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған. Дана отбасының үлкені, оның екі бауыры бар. Оның інісі Рүстем Нұржігіт те әнші ретінде Қазақстанға танымал азаматтардың бірі. Тележүргізушінің ата-анасы Дананың сахнада жүргенін қалаған және өнерге бейім етіп тәрбиелеген. Ол анасының қалауымен Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқыған. Танымал тележүргізуші музыка мектебінда білім алғанын мақтаныш санап, өнердегі ұстаханасы ретінде айтып жүр.....