Жалға берілетін "Лиссабон" бөлмелерінің ең бір арзанқол кішкентай нөмірінде үшінші курстың студенті, медик Степан Клочков бұрыштан - бұрышқа әрлі-берлі жүріп, өзінің медицинасын жаттап жүр. Жақ жаппай, тынымсыз жаттаудан әбден тамағы тобарсып кеткен, маңдайынан шып-шып тер шықты.
Шет-шетіне қырау тұрып, неше түрлі өрнек түскен терезе алдында, жайдақ орындықта оның пәтершісі Анюта отыр, жасы жиырма бестер шамасында, сүйегі ұсақ, өзі ап-арық, кескіні қара торы, өңі құп-қу, жәудіреген қоңыр көздері, тіпті, монтаны. Жауырынын бүгжитіп, еркек көйлегінің жағасына қызыл жіппен кесте тігіп отыр. Жұмысы тығыз. Дәліздегі сағат құмыға күңгірлеп түскі екіні соқты, ал бөлме іші әлі жиналған жоқ. Умаждалған көрпе, әр жерде жайрап жатқан жастықтар, кітаптар, әйелдің көйлегі, үлкен легеннің ішінде мөймілдеп көпіршіген жуынды, оның бетінде қалқыған шылым тұқылдары, еденде ыбырсыған қиқым-сиқым - осының бәрі бір жерге үйіліп, әдейі қойыртпақталып, былығып жатқан сияқты...
— Оң жақ өкпе үш сайдан тұрады... — деп жаттайды Клочков. — Шекаралары! Үстіңгі сайы көкіректің алдыңғы бетінде 4-5 қабырғаларға дейін барады, бүйір жақта 4- қабырғаға дейін... артқы жақта Spina Scapulae1-re дейін... .....
Қазіргі таңда кеңес елі кезіндегідей емес кітап оқитын адам саны аз. Сондықтан да моральдық жағынан ол қоғам әлде қайда жоғары болған шығар. Дегенмен ол кезде тек оқуға болатын, қатал цензурадан өткен кітаптарды ғана оқуға болды. Сол себепті адамдар санасы ой еркіндігіне жете алмады. Яғни көп оқитын ел болғанымен таңдау құқығының шектеулілігінен өкінішке орай адамдар кітап оқудан пайданы ала алмады.
Ал қазір.... кітаптың небір түрі бар: қазақша, орысша, ағылшынша. Кітап сөрелері толып тұр. Бірақ кітаптардың сыртқы мұқабасының жылтырлығы мен атына көп мән берілетіндей. Түк мән-мағынасы жоқ, сырты бүтін, іші түтін «гламур» жылтырауық журналдардан енді кітаптарға да көшкен бе? Ең маңыздысы кітаптың ішкі мазмұны емес пе?!
Кітап оқитын жастар жоқ емес,бірақ олар ішкі мазмұны емес сыртқы жылтырауығына қарап оқима деимін.
Жақсы кітап оқу — ақылды адаммен сырласқанмен бірдей.
Л.Н. Толстой
"Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін" деген екен Н. И. Пирогов. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің ойың... Кітап тек досың ғана емес, ұстазың …ақылшың.
Қазіргі кезде том-том кітап құшақтап, кітапханаға жиі баратын адамдарды сирек кездестіретін болдық. Мерекелерде адамдар бір-біріне кітап сыйламайды. Соның салдарынан жастар еркін ойлауға, ауызекі тілде көркем сөйлеуге қабілетсіздік таныта бастағандай. Өкінішке қарай, кітапқа деген адамдардың өз бетімен қызығушылығы азайып барады. Оның себебі ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Қазіргі жастар кітап оқудың орнына теледидарға үйірсек.
Қазіргі таңдағы ғаламтор, компьютер,теледидарлар кітап оқуға үлкен кедергі келтіреді Қазақтың бай тілі – бар қазынасы көркем әдебиетінде. Әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен сол ұлттың өзіне керек. Қазіргі біздің қоғамымыздың алдында жас ұрпағымызды кітапқа, нақтырақ айтсақ қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу деген міндетіміз бар. Осыны естен шығармағанымыз абзал.
Омыртқа – адамның қимыл-қозғалысын реттейтін ең маңызды мүше. Адам қартайған сайын омыртқада зат алмасу процесі нашарлап, ауру пайда болады. Бұл ауруды спондилез деп атайды. Яғни омыртқаның созылмалы ауруы. Бұл дертке шалдыққан науқас ұзақ уақыт тұрғанда, жүргенде, отырғанда омыртқасы мен тізесі аралығы түгел шыдатпай ауырады.
Ауруды болдырмау үшін не істеу керек? Ең бастысы мынадай ережелерді ұстаныңыз.
• Денені тік ұстап жүруге дағдылану керек;
• Отырған кезде омыртқаның түзу тұруын қадағалаған жөн. Ол үшін арқаға жастық немесе белдеуше сүйеп отырады; ......
Кіріспе . Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады .Қазақстан Республикасы жоғары Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы"1999 жылғы 30 сәуірдегі қаулысында : Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған , бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай – ақ , олардың түзелетіндігімен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап , негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК – тің 65-68 – баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай – ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан – жақты , толық және обьективті түрде зерттелген мән – жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет ,- деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде қылмыстықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай – ақ немесе оған жаза тағайындап , бірақ оны жазаны нақты өқтеуден босату арқылы ,өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін . Осыған байланйсты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазаиен айырбастау туралы институтты белгілейді . Сонымен бірге ескертілетін жағдай қылмыстық жауаптылықтан , жазадан босатылуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар....
Іс-әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған проце-с. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Осы іс-әрекеттің бірі – ойын. Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді. С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады: Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат); Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»). әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).....
Еркебұлан Мұратұлы Дайыров (1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда туған) — актер. Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты (2013). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2015). ҚР Мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. Еркебұлан Мұратұлы 1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда дүниеге келген. 2004 - 2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.....
Есет батыр (1803-1889) - Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы.[1][2] 1838 жылы Жоламан батырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мүғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын .....
Англиядағы буржуазиялық төңкерістің салдары. 1628 жылғы "Құқық жайлы петиция". Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері. 1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкеріс бүкіл дүниежүзілік тарихқа өсерін тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын. Корольдің билігі шексіз болса да, ол парламентті таратқан жоқ еді. Англияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық принциптерін сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқан жоқ еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда жасауға немесе өнеркәсіп ашуға бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай жүргізген саясаты пайдалы екені анық.....