Boxing News and Views басылымы «Жыл боксшысы» атағына үміткерлердің тізімін жариялады. Үміткерлер қатарында орта салмақ чемпионы Геннадий Головкин де бар деп хабарлайды prosports.kz.
Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады. Электр қуаты көздеріне электр стансаларындағы генераторлар, аккумулятор батареялары мен гальвандық элементтер, күн батареялары жатады. Электр стансаларында генераторлар жылу энергиясын, судың потенциалдық энергиясын, желдің кинетикалық энергиясын, іштен жану қозғалтқыштарының механикалық энергиясын, толқын энергиясын, тасқын энергиясын және жарық энергияларын электр энергиясына түрлендіреді. Генераторлар негізінен айнымалы ток өндіреді. Аккумулятор батареялары, гальвандық элементтер және күн батареялары сәйкесінше электродтар арасында жүретін химиялық реакцияларды, жарық энергиясын тұрақты электр қуатына айналдырады......
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп.....
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.). VI ғасырда Қазақстан жерінде құдіретті держава-билеушілері Түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігі. Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік елінің» негізін қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны......
КІРІСПЕ Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды зерттейтін ғылым - зоология. 3оология қарқынды дамып келе жатқан және биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып келеді. Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекшеліктеріне, әр түрлі зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа - омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу ертеден қалыптасқан. Омыртқалылар зоологиясын - хордалылар зоологиясы деп те атайды. Бұл пән жануарлар әлеміндегі 23 типтің ішіндегі бір ғана типін - хордалыларды (Chordata) қарастырады. Ал, қалған 22 типті қамтитын - омыртқасыздар зоологиясы. Осы 22 типтердің ортақ біркелкі құрылысы болмағандықтан омыртқасыздар зоологиясының өзіндік қиындықтары да аз емес. Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастарды қайта қарауға тура келді. Қазіргі уақытта ғалымдар органикалық дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес, төртке бөліп отыр: олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы ядросыздар (мысалы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар): өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар.....
Зерттеу жұмысының мақсаты: С. Ж. Аспандияровтың тұлғасы мен еңбектеріне бүгінгі күнгі тарих ғылымының биіктігінен шама – шарқымызша баға беру; Ұлы бабамыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап тәрбиелеу құралына айналдыру. Зерттеу гипотезасы: ұзақ тарихи жылдар ішінде қалыптасқан, әлемдік және отандық ғылыми ойдың мұрасына айналған әлеуметтік – экономикалық және саяси процестер мен құбылыстарды объективті ғылыми талдау да назарда болды. С. Ж. Аспандияров тұлғасын, оның қызметін бағымдауда мәселелер тарихилық, яғни хронологиялық негізге жүйелі баяндау принциптеріне жүгіндірілді. Зерттеу жаңалығы: Зерттеу жұмыстары мен дерек көздеріне сүйене отырып ғылымның өмірі мен шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуге талпыныс жасауда және оның еңбектеріне ғылыми баға беруде. Зерттеу жұмысының қорытындысы: Ғылыми жұмыс ғылым, қоғам және мемлекет қайраткері С. Ж. Спандияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылық, саяси, ағартушылық және ұйымдастырушылық қызметінен мол, жан – жақты мағлұматтар береді. .....