Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның демократизация және жаңару үрдісінде қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін өріс алған мәселелердің бірі өткеннің рухани, мәдени, тарихи қайта өрлеу мәселесі.
Адамдар тіл арқылы бір-бірімен пікір алысады, өзара түсініседі. Қоғамдық істерді тындыру үшін адамдардың бірлесіп күш жұмсауына дәнекер ортақ тіл болуының маңызы ерекше. Ондай тіл халықтың - ана тілі.
Қазақ тілі мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өркендеуінде елеулі роль атқарып келеді. Қазіргі қазақ тілі оралымды, бай тілге айналды. Дегенмен қазіргі кезде қазақ тілінің қызмет етуі потенциалды мүмкіншіліктерді аспауы көптілдік факторымен тежелгені туралы мәліметтер бар.Соңғы жылдары қазақ тілі өз құқығына жалпы енгенмен, толық оны қолдану мәселесі шешілген жоқ.
Бұндай жағдайда бастауыш мектеп жастағы балаларда бай, грамматикалық жағынан дұрыс құрастырылған ауысша сөйлеуін дамыту қажеттілігі туады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу

Кіріспе
Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады.
Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің- қарым- қатынас стилінің әсері

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі психологияда барлық аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселсі сөз болып жатқанда, мектептегі келешек ұрпақтың тәрбиеленуі мен білім алу деңгейіне деген жауапкершілік артады. Осы жауапкершілікті қолға алу мақсатында үлгермеушілікті басты мәселелердің бірі деп санауға болады.
Үлгермеушілікті жеңу тек ғана педагогтардың мәселесі ғана емес, сонымен қатар психологтардың да өзекті мәселесі болып отыр. Біздің зерттеу жұмысымыз мектептегі оқушылардың үлгермеуіне мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсер етуінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Қазіргі кезде үлгермейтін оқушылардың көбеюіне байланысты педагогтар мен психологтар арнайы зерттеу жүргізуде. Осы үлгермеушілік мәселесінің туындауына түрлі жағдайлар әсер етеді. Көбінесе үлгермейтін оқушылардың сабақта үлгермеу себебі олардың әлеуметтік жағдайларына да байланысты, яғни отбасылық кейбір мәселелердің болуынанда көрінді. Сонымен қатар, жасөсіпірімдік жастағы оқушылардың сабаққа үлгермеу себебі, олардың кіші мектеп жасындағы оқу материалдарын толығымен меңгермеуінің әсерінен пайда болатыны бәріңізге мәлім. Сондай-ақ үлгермеушілік мәселесін зерттеген отандық психологтар ретінде З.И. Калмыкова, Н.А. Менчинский, Н.Т. Талызина, И.Ю.Кулагина және т.б айтуға болады.
Қазақстандық зерттеушілер К.А. Бегалиева, А.Д. Жұмабаева, Л.В. Лысенко, Э.И. Шыныбекова, В.В. Трифонова, А.М. Қарабаева және т.с.с педагог-психологтар осы үлгермеушілік мәселесінің жасөспірімдерде болуын ерекше зерттеген. Жасөспірімдік шақтағы тұлғалық жетілуге байланысты оқушының мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсерінен сабаққа үлгермеуі маңызды педагогикалық-психологиялық мәселе болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп жағдайларындағы бұл мәселелердің шешілуі алдыңғы қатарлы тәжірбиелердің кең насихатын мектеп тәжірбиесінде педагогикалық және психологиялық зерттеудің нәтижесін енгізуді болжайды.
Мектеп оқушысының үлгермеуіне оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтік рөл үлкен әсер етеді. Осы үлгермеушіліктің алдын-алу тәжірбие жүзінде түрлі әлеуметтік – психологиялық тренингтер өткізу керек. Тренингтерді өткізу арқылы оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын арттыруға болады. Кейбір ашылмай жүрген оқушылар тренинг барысында топқа үйренеді. Тренингтерді ұйымдастыруда В.А. Сухомлинский, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.П. Панюшкин. А.А. Бодалев және т.б өз үлестерін қосты. Дегенмен, жан-жақты тұрғыдан алып қарағанда, үлгермеушілік мәселесі толығымен зерттелген жоқ, әлі де болса зерттелу үстінде. Бұл мәселені зерттеу себебім –үлгермейтін оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынас стилінің жағымсыз әсерін болашақта болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің өзектілігі: Мектептегі үлгермеушілік мәселесі қазіргі таңда барлық білім беретін аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселесі жайында сөз болғанда, мектептегі болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алу деңгейінде жоғарғы жауапкершілікпен қарайды. Дамып жетілуі жағынан кешкен балаларға іс жүзінде көмек көрсетудің қажеттілігі айқын көріне түсуде. Үлгермейтін оқушыларды педагогикалық-психологиялық коррекциядан өткізу арқылы арнайы сыныптарды ұйымдастырып, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты дамыту барысында сабақтан тыс әлеуметтік-психологиялық тренингтерді өткізу керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Биосфера туралы жалпы түсінік

.Биосфера ұғымы - ғылымға кездейсоқ берілген. 100 жылдан астам уақыт бұрын, 1875 ж Австриялық биолог Эдуард өзінің Альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының ең жалпылама тарауында жер шарының әр түрлі қабаттарының жолында баяндаған кезде осы терминді алғаш рет қолданды. Бірақ бұл үстіртін айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқара алған жоқ. 1926 жылы орыс минералогы Вернадскийдің екінші лекциясы жарыққа шықты. Сол лекцияда ол Зюзстың еңбегінен кейін 50 жылдан соң біз осы күнге шейін мойындап жүрген биосфера концепциясын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдер әсеріне ұшыраған барлық қабаттарды түсіндірді.
Соңғы жылдары көптеген ғалымдардың (Д.Ж. Катин және т.б.) биосфера жер бетінің қазіргі кездегі организмдердің тіршілігінің ықпалындағы бөлігі ретінде қарастырылып, биосфера ұғымын таратып жүр. Көптеген ғылыми терминдер әртүрлі жағдайлар бірде кеңірек, бірде тарылу мағынасында қолданып жүр....
Рефераттар
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Химия [ҚГБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Химия» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып
(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Мазмұны

1-тоқсан
10.1А Атом құрылысы бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.1В Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау

2 тоқсан
10.2A Химиялық реакциялар заңдылығы бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.2В Кинетика бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау

3 тоқсан
10.3A Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.3B Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.3 C Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау

4 тоқсан
10.4А Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
10.4B Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру бөлім бойынша қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Анализаторлар немесе талдағыштар

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (көне грекше: ἀνάλυσις - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен түрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Бөгембай Ақшаұлы

Бөгембай Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай, кейбір әдебиеттерде Бөгенбай (1680, Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойы — 1775, кейбір деректерде 1776, 1778, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл к. маңы) — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы.18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап "Қанжығалы қарт Бөгембай” деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі

Балалардағы тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі. Тыныс алу жүйесінің аурулары.



Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі

Ринит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі

Баспа анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

Созылмалы тонзиллит анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алуы.

Жалған круп анықтамасы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі, көрсетілетін жедел жәрдем.

Тыныс алу жүйесіне жоғарғы тыныс алу жолдары, төменгі тыныс алу жолдары және газ алмасу аппараты жатады. Жоғарғы тыныс алу -мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жарық

Жарық (hernіa) — іш қуысында жатқан органдардың немесе олардың бөліктерінің әдеттегі орнынан іш пердесімен бірге тері астына шығуы. Ж. кезінде Ж. қақпасы, Ж. қабы (іш пердесі), Ж. қабаттары пайда болады. Ж. шыққан (орналасқан) жеріне қарай шап Ж-ғы, сан Ж-ғы, кіндік Ж-ғы және кіндік тұсы Ж-ғы, т.б. деп ажыратылады. Ж., көбінесе, жүдегенде, қатты күш түскенде, күшенгенде, әйелдің жүкті кезінде, т.б. пайда болады. Сонымен қатар Ж. туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді. Жас балалар мен орта жастағы адамдарда, көбінесе, ер адамдарда жиі кездеседі. Ішкі органдардың жарақаты асқынып ұзаққа созылса, тыртықтанып бітіп, кейіннен сол жер Ж-қа айналады. Ж-тың салынатын, салынбайтын, қысылған түрлері бар. Салынатын Ж. шыққан тінді қолмен сипап түзеткенде орнына түседі. Егер тін қабаттары бір-бірімен жабысып, бұратылып, түйінге айналса, салынбайтын Ж. деп аталады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Өлең кімдікі

Қазiрде әдебиет оқулықтарының олқы соғып жатқан тұстары хақында сөз етушiлер, қалам тербеушiлер аз емес. Солардың көпшiлiгiнiң оқулық авторларының кемшiлiгiн көре тұрып, көрсете отырып, ой өрбiткендегi көздеген мақсаты – жас ұрпақты шынайы әдебиет мәйегiмен ауыздандырып, әз халқымыздың асыл мұрасын сүйiп, бiлiп өсуiне азды-көптi қол ұшын беру ғой.

«Жүйрiкте де жүйрiк бар, әлiне қарай жүгiрер» демекшi, ортаға ой салушылардың бәрiнiң айтқаны айнақатесiз деудiң де жөнi келе қоймас. Осыны түсiне, түйсiне отырып, тәуекелге бел буған жайым бар. Сонау 1950 жылдары «Ананың сүюi» атты осы өлеңдi төменгi сыныпта оқып жүргенде, таңдайымыз тақылдап жатқа айтатын едiк:

Кiм сендердi, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөлiп, кiрпiк қақпай,
Шешең байғұс, дамылсыз жүретұғын.
Кiм сендердi, балалар, тербететiн, .....
Әңгімелер
Толық
0 0