Шығарма: Тіл елдің тамыры

Тіл -елдің тамыры іспетті .Отансүйгіштік ұлттық құндылықтарға деген құрмет қан болып бойымызға тарайды.Дін, діл,дәстүр ,тіл бәрі-бәрі ұлттың тірегі,қазақтың жаны.Міне осы тағылымдарымыздың ішінде ақсап тұрған осал тұсымыз тіл десекте болады.Мемлекеттік тіл қазақ тілі болсада орыс тілінің үстемдігі жоғары болуы алаңдатарлық жайт .Себебі ұлттық біртұтастығымыз үшін қазақтілділер ,орыстілділер деп бөлінуі "үй ішінен үй тіккенмен" бірдей.Осы опаттың алдын алу...
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Жер асты суларының физикалық - химиялық қасиеттері

Кіріспе
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Дастан Дәрібайұлы Оразбеков (5 ақпан 1982 жыл)

Дастан Дәрібайұлы Оразбеков (5 ақпан 1982 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында туған) — «Орда» тобының белді әншісі, биші, актёр.

Өмірбаяны
Кішкентай кезінен өнерге жақын болған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, ән айтып, би билеп, сахнаға шыққан.

Әкеcінің есімі – Дәрібай, 2009 ж. өмірден өткен. Анасының аты – Мереке. Ата-анасы сахнаға шығып ән айтпаса да, өз достарының, туған-туыстарының ортасында өте өнерлі жандар болған.

Отбасында төрт ағайынды. Үйінің үлкені – «Орда» тобының әншісі Рүстем, одан кейін Дастан. Меруерт, Гүлшат есімді екі қарындасы бар. 1997 жылы отбасымен Алматы қаласына көшіп келген. Жұбайының есімі - Жанат, Алдияр атты бір ұлы бар....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Кәшке

Кәшке – 18 ғасырда өмір сүрген батыр. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының есқожа руынан шыққан. Қарасай батырдың ұрпағы. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туып-өскен. Кәшке батырдың Ақымбек, Ыстамбек есімді екі баласы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың тірілдім мәңгі өлмеске,

Айте бергім келеді , айта бергім ! – деп Тұманбай Молдағалиев ақынымыз жырлағанындай биыл тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр. Бұрынғы Қазақстанды......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Түс сатып алған тазша


Ертеде бір бай болыпты. Байдың үйінде жүрген бір күң болыпты. Күң жатса, түс көріпті; басынан ай туыпты, аяғынан күн шығыпты, жүрегінің басынан екі жұлдыз туыпты. Ертең ерте тұрыпты. Бір байдың сиырын баққан тазша балаға келіпті.

Бала айтыпты:

— Е, жеңеше, қайда барасың?

Күң айтыпты:

— Сенің байыңа жалданғалы келдім.

Сиыр баққан бала айтты:

— Сен өтірік айтасың, сен бірдеме іздей барасың.......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Сағыр Камалов

Сағыр Айтмағамбетұлы Камалов(1905-1938), жазушы, драматург. «Ер Тарғын» драмасын (1937), «Ер Тарғын» операсының либреттосын (музыкасы - Е.Брусиловскийдікі) жазды. Әуезов 1936 жылы 5 тамызда «Қазақ әдебиеті» газетінін тілшісіне берген «Ер Тарғын туралы» интервьюінде: «Сағыр бұрынғы халык аузындағы батыр жырын сол күйінде алмаған, ол батыр жырын тек қана тема ретінде пайдаланып, өзінше молайтып, тереңдетіп, көп жерінде басқа жаңа уақиғалар кіргізіп жасай білген» деп әділ .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Сперма қазақша

Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безіенде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

Сперматогенездің көбею кезеңіңце гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді.

Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың дигогоидты (2п) жиынтығы болады. Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНК, мен протеиндердің мөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзак бірінші кезеңі — профазадағы лептотен, зиготен, пахитен және диплотен сатылардан өтіп, олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың оқушылардың қалыптастыруына ықпалы

Кіріспе
Туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелер егеменді елімізде болып жатқан өзгерістер, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс болды. Білім беру мектеп өміріндегі жаңалықтар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы да ең алдымен демократияландыруды көздейді. Мектепті демократияландыру деген оның қоғамдық қажетін, соған қоса жеке адамдардың да сұраныс, талабын өтейтін дәрежеде еңбек ететін қоғамдық-мемлекеттік жүйе болуын білдіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0