Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады

Ұялы байланыс операторлары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект ставкасын 13,02-ден 11,10 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) 15% төмендетті деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері арзандады"ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қатысуымен ұялы байланыс операторларының арасында 2012 жылдың желтоқсанында бекітілген интерконнект ставкасын төмендету жөніндегі Меморандумның шеңберінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект ставкасы 13,02-ден 11,10 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді", - делінген хабарламада.

Интерконнект – операторлар арасындағы желіаралық байланыс. Интерконнект ставкасы бір оператордың басқа операторға өз абонентінің желіден тыс қоңырау шалғанда сөйлесудің әрбір минуты үшін төлейтін соманы анықтайды.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Күйеуімнің тегіне өткенім дұрыс па?

Біраз жылдар бұрын бұл сұрақтың жауабы бәріне белгілі болатын. Себебі неке тойынан кейін, өз тегінде қалатын қыздар аз болатын. Тек, атақты қалыңдықтар ғана өзінің аты-жөнімен қалуды қалайтын. Ал, қазір керісінше көпшілігі тегін ауыстыруды мақұлдамайды. Оның бір себебі, құжаттарды ауыстыру қиын шаруа болып тұр. Бірақ, бір текті иемдену-ер мен әйелді бір-біріне жақындастыра түсетін себеп сияқты…
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Теңге мультивалюталық қорға байланыстырылады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаны АҚШ долларынан, еуродан және Ресей рублінен тұратын мультивалюталық қоржынға байланыстыру тетігін пайдалануға көшеді, деп хабарлайды BNews.kz .

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Г.Марченконың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы ақпаннан бастап теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамы режимінің шеңберінде валюта саясатын жүргізіп келеді.

Осы режим Ұлттық Банктің валюталық сауда-саттыққа тек айырбастау бағамы динамикасының нарықтық алғышарттармен берілетін жалпы трендін қалыптастыруға әсер етпей, айырбастау бағамының күрт өзгеруін реттеу мақсатында ғана қатысуын болжайды.

Айырбастау бағамының саясатын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының динамикасына әсер етеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының интеграциялық процестерін, негізгі сауда әріптестермен сауда және сыртқы экономикалық.....

Жаңалықтар
Толық
3 -2