Қазақша шығарма: Қазақстан - Отаным менің!

Ұясыз құс болмайтындай, Отансыз адам болмайды. Менің Отаным, атамекенім, туған жерім – Қазақстан. Қазақстан деген сөзді естісем көзіме бірден асқар-асқар таулар, шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, сайраған құстар, жазық дала, сарқыраған өзен, қарасаң көзің тоймайтын табиғат елестейді. Әр адамға өз Отаны қымбат. Қазақстан мен үшін ыстық, киелі, қымбат, еш жерде қайталанбас, қасиетті өлке. Менің Қазақстанға деген сүйіспеншілігім.....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бесікке бөленген сәби (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Сабақтың тақырыбы: Бесікке бөленген сәби
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
5ӘТН1 Орфографиялық норма.
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, кілтті сөздер мен тіркестерді анықтайды. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.
Көптеген оқушылар: тезистік жоспар құрады, мәтін негізінде жинақы мәтін жазады. Емлелік ерекшеліктерді ескеріп, орфографиялық норманы сақтап жазады.
Кейбір оқушылар: қабілеті жоғары оқушылар мәтінді креативті ықшамдап жаза алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Музыка | Бесік жыры

«Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасына
Пікір
Оқушының «Бесік жыры - тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда өмірде қолданыла бермейтін тың тақырыптардың бірі.
Ол бұл ғылыми жұмысында тәлім - тәрбиенің бүгінгі көрінісі өз халқының өткені мен бүгініне байланысты екендігін түсіндіре алған. Сәбиіне баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі, бесік жырының тәрбиелік мәнін және қазіргі таңдағы бесік жырын айта алмайтын аналар туралы айтылған. Бесік жырының басты қызметі мен тәрбиелік мәнін ашып көрсеткен.
Жұмысында ауыл әжелерінің айтқан бесік жырлары енгізілген. Бір - біріне сазы да, сөздері де ұқсай бермейтін, бірінен - бірі асып түсетін осы бір «әлди әндерді» жазып алып, жинақ етіп шығару қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді – деп қорытындылаған. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0