Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 1-5 сандары

Мақсаты. 5 - ке дейін реттік санауды бекіту, заттарды салыстыру, артық және кем санды анықтауды, есеп шығаруды үйрету және ойлау қабілетін дамыту.
Керекті көрнекіліктер. 1 - 5 дейінгі сандар, себеттер, алмалар, қоян суреті және жапсыруға керекті құралдар.
Әдіс - тәсілдер. Сұрақ – жауап, есептер, логикалық есептер, санамақтар.

Оқу іс – әрекет барысы.
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ауылда Н Қадырбаев

Ашық оқу іс – әрекеті
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ауылда ( Н. Қадырбаев)
Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ауыл өмірі туралы мағлұматтар алады және оларды естерінде сақтайды. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, үй жануарлары, үй құстары аудио – әңгіме, проектор, компьютер.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ассоциация әдісі әңгімелесу, триз әдісінің элементтері.
Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстарды аялайық

Білімділік: балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға үйрету.
Дамытушылық: құстардың дауыстарын сала отырып, тілдік қорын жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: тыйым сөздер, мақал – мәтелдер айту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: құстардың бейнесі, дала құстары мен үй құстарына арналған тапсырмаға сәйкес суреттер.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Ал, балалар, қанеки алдымен сәлемдесіп алайық...
Балалар, біз қонақтарымызбен амандастық, енді алақандарымызбен бір – бірімізге жылы лебіздер айтайық........
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жол белгілерін білесізбе

Қызығушылықты ояту.
www. bilimland. kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) http://bilimland. kz/kk/home#lesson=12002 арқылы оқушыларға бейнебаян көрсету.
Мұғалім:
- Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде?
- Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: С дыбысы және әрпі

Мақсаты: Жаңа С дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. С дыбысы бар сөздер айтып, талдау.
Білімділік: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: С дыбысы мен әрпін оқыту арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа және ойын толық жеткізіп айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер,«С» әрпінің баспа түрі, саңырауқұлақтар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір - біріне жылулық лебізін білдіру.
Армысың алтын күн!
Армысың асыл жер!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Мінекей менің қолым!
- Балалар өткен сабағымызда қандай дыбыспен танысып едік? «Б» дыбысынан басталатын кім көп сөз айтады? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Уақытты бағдарлау

Сабақтың мақсаты: жалпы өлшеуішер туралы бағдар беру.
Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдер:: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу
Көрнекіліктер:: суреттер, әліппе - дәптер, жұмбақтар, элек. сұрақтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалармен амандасу
- Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату.
- Балалар бірінші сабағымыз қарапайым математика түсініктері.
Жаңа сабақ: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Р дыбысын қою

Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; есте сақтау қабілетін дамыту; сөздегі Р дыбысының орынын табу, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреті, ойын алаңы, суреттер, Р дыбысы, айна, зонд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар, бүгінгі сабағымыз өзгеше болайын деп тұр. Сабаққа көптеген қонақтар келіп отыр. Сендер оларға дұрыс және таза сөйлей алатындарыңды көрсетулерің керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын арнайы жаттығуларды жасайық.
ІІ. Тыныс алу жаттығулары.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Алмасбек, бізге жедел хат әкеліпті. Қане, алып оқиық. – «Саламатсыңдар ма, балалар! Бізді жалмауыз кемпі... ұ.. лап кетті. Құтқа... а кө... Сенің сүйікті ә.. іпте.. ің.»
- Қалай ойлайсың, қандай әріптерді ұрлап кеткен? Мына сөздерге қай дыбыс жетпей тұр. Дыбысты ұзағырақ айтып, артикуляциясын еске түсірейік. (Р дыбысының артикуляциясына тоқталады.)
- Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;
- Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;
- Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
- Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
- Дауыс шымылдықтары қатайып, бір - біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.
- Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Кішкентай ару - 2013

Мақсаты: Сынып қыздары арасында кішкентай арулардың өзін - өзін таныстыра білуге, өнерлерін көрсете отырып, ұлттық өнерді үйрету.
Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: гүлдер, магнитофон, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Жоспары:
1. «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру)
2. Білім мен дәстүр (сұрақ - жауап)
3. «Шебердің қолы ортақ» (гүл қиып жапсыру)
4. «Өнерліге өріс кең» (өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу)
6. Сән үлгісін көрсету
Мұғалім сөзі: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бауырсақ ертегісі желісімен

Мақсаты:
1. Балалардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындай отырып, өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, достық туралы балалар білімін кеңейту. Заттарды салыстырып, «қанша?» «тең» сөздерін қолдана отырып жауап беруге үйретуді жалғастыру.
2. Олардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорын молайту. Балалардың ынтасын арттыру. Шығармашылық дағдыларын жетілдіре отырып қиялын ояту.
3. Жануарларға, табиғатқа деген аяушылық сезіміне, бір - бірімен дос болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: достық, қауіпті.
Билингвальды компонент: дос - друг, ертегі - сказка
Көрнекілігі: қуыршақ театры, атрибуттар, слайд көрсету, таратпа материалдар. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Найзағай деген не

Балаларға « электр қуаты», «электр тоғы» туралы түсінік беру; электр қуатын пайдалануда сақтану ережелерінің негізін қалыптастыру; найзағайдың пайда болу себептерін түсіндіру.

Қажетті құралдар:
Шарлар, тоқыма маталар, пластмасс сызғыш, ермексаз, үлкен канцелярлық қыстырма.
Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек!
Көңілді боп жүрейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0