Қазақша реферат: Саржан сұлтан Қасымұлы (? - 1836)

Саржан Қасымұлы - қазақ халқының 1825–1836 жылдардағы ұлт-азаттық көтерлістің басшысының бірі болған. Абылай ханның немересі. Қарқаралы округіне қарасты Қарпық болыстығын басқарған. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына (1822ж) тақ мұрагері Ғұбайдолла Уәлиұлы және әкесі Қасымсұлтанмен бірге қарсылық танытып, Ресей өкіметі тарапынан ашылған округтерді жойып, хандық билікті қалпына.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сарғайдым)

Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп,
Қалың ой - қара жылан жүректі еміп.
Ақырын бітіп барам жанған шамдай,
Көзіме ыстық жастар мөлт-мөлт келіп.
Апырм-ай, ауыр болды-ау күнді өткізу,
У жұтып, айдан ұзын түнді өткізу!-
Қозғалып, сөйлеп, ойнап, тірі жатып,
Өлем деп жас өмірден күдер үзу.
Соғасың жиі-жиі, жүрек.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Үкімет демалыс күндерін ауыстырды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша Жаңылтпаш: "Ұ" әрпі

Ұстара, ұстара!
Ұстара мұрт алуға
Құштар, ә!
Құштар, ә!

Ұқыпты бала
Кітапты түптеп тастады.
Ұқыпсыз бала
Кітапты бүктеп тастады,
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
Жаңылтпаштар
Толық
6,5 -2,5

Мақал - мәтел: Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Қазақстаным!

Тәуелсіздік… Осы сөзді естігенде, жүрегімде керемет бір қуаныш орнағандай болады. Ал бір жағынан көңілім түсіп кетеді. Оның себебі, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында, аға-әпкелеріміздің қан төккені жүрегімді ауыртады.

Бірақ, біз қазақ елі, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 1991 жылы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Қазақстан.....
Шығармалар
Толық
0 0

Эмиль Кенжесариевтің алаңға оралуы екіталай

Бір айға жуық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан ақтөбелік футболшы Эмиль Кенжесариев кеше есін жиды.

Дәрігерлердің айтуынша, спортшы орнынан қозғалып, бірінші рет өз қолымен ас ішкен. Алайда, Эмель 10-шы тамыз күні өзін аяусыз соққыға жыққан қаскөйлердің есімдерін айта алмай отыр. Есін енді жия бастаған футболшы сол күні орын алған оқиға туралы ештеңе есінде қалмағанын ишарамен түсіндірген.

Алматылық дәрігерлер Эмиьдің басынан алған жарақаты тым ауыр болуына байланысты есте сақтау қабілетінің төмендеп кеткенін, алайда бұл жағдай уақытша екенін алға тартып, науқасқа әлі де емделу керектігін айтып отыр.

Жаңалықтар
Толық
3 -2