Реферат: Әдебиет | Әдебиет және ғылым

VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.
VІІІ-Х ғасырларда Сырдари? алқабында қыпшақ-оғыз арасында "Қорқыт ата" эпосы тарады.
Қорқыт ата - Сырдария алқабында дүниеге келген атақты жырау, күйші, ойшыл. "Қоркыт ата кітабын" тұңғыш зерттеуші -неміс ғалымы
Н.Ф. Диц. Ол Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққанын және оны көп халықтардын әулие тұтатынын айтады (1815ж.). "Қорқыт Ата кітабының" екі нұсқасы белгілі:
12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы. - 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы
• 1999 жыл - "Қорқыт Ата кітабының" 1300 жылдығы дүниежүзілік көлемде атап өтілді.
"Оғыз-нама" эпосы ел арасында кең таралып, XIII ғасырда - Рашид-аддин, XVIII ғасырда - Әбілғазы көшірген. "Оғыз нама" жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады.
VII ғасырда жазба әдебиет шыққан. IX-XII ғасырларда ислам дінінің таралуына байланысты әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды.
Жүсіп Баласағұни XI ғ. "Құтты білік" дастанын дайындауға 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан (1069ж.). Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп түйіндейді.
Махмұт Қашғари XI ғ. 1072-74 жылдары жазылған "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі тілдерінің сөздігі") атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма - түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еңбек ғалым А.Егеубайдың аударуымен
1997-1998ж.ж. қазақ тілінде жарық көрді.
Қожа Ахмет Йассауи XII ғ. Сайрамда дүниеге келіп, Йассыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан Бабтан тәлім алып, ислам дінін уағыздаушы-сопы болған. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") шығармасы-тарихи, этнографиялық , әлеуметгік, тілдік дерек. Ғұламаның бұдан басқа "Мират ул-Кулуб" ("Көңіл айнасы") және "Пақырнама" деген еңбектері бар.
Сүлеймен Бақырғани. XII ғ. (Хакім ата). Ахмет Йассауидің шәкірті, Йассыда 1104 жылы дүниеге келген. 1186 жылы Бақырған қыстағында қайтыс болады. "Дүниенің ақыры" ("Ақыр заман") еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді.
• "Диуани хикмет" және "Дүниенің ақыры" еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстаннның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланылды.
Ахмет Жүгенеки (Югнаки). XII ғ. Йассы маңындағы Жүгенек деген кыстақта дүниеге келген. Араб, парсы тілдерін меңгерген. "Хибат ул-хакайк" ("Шындық сыйы") дастаны 14 тараудан, 235 өлеңнен тұрады: білім, әдеп, адамгершілік, еңбек туралы. Дастан қазақ тіліне аударылып, 1985ж. жарық көрді.
Әбу Насыр әл-Фараби. ІХ-Х ғ. (870-950 ж.ж.) Фараб (Отырар) маңындағы Весиджде дүниеге келіп, Бұхар мен Шашта, Бағдатта білім алған. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізді. Ол-энциклопедист ғалым. Ғылымның барлық салаларын меңгеріп, 50-ге тарта трактаттар жазды. "Ғылымдар энциклопедиясы", "Ғылымдардың шығуы", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы", "Жұлдыз бойынша болжаулар", "Ваккум туралы трактат" т.б.
Әсіресе философия ғылымындағы еңбегі ерекше. Грек ғылымын меңгеріп, Пифагор, Архимед, Аристотель, Евклид, Птоломей шығармаларын сол тілде оқыған. Аристотельден кейінгі екінші ғұлама атанған ғалым. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сочинение: Мой родной город Владимир

Город Владимир, центр одноименной области, от Москвы удален на 176 км и расположен в основном на левом берегу р. Клязьма. Благодаря живописной местности, а также историческим и природным достопримечательностям, город является одним из центров туризма европейской части страны. Он же в числе 8 крупных городов входящих.....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Сочинение: Я- патриот Казахстана!

У каждого человека должно быть чувство патриотизма.
Патриотизм - это огонь в душе, родившийся благодаря любви к своей Родине, к своему народу. Человек, у которого в сердце пылает такой огонь, является патриотом. Если бы у каждого казахстанца была такая душа, наша страна была бы на шаг впереди от всех государств мира. Я хочу, чтоб и в моём сердце запылал такой огонь. ....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қанатты достарың Жүсіпбек Аймауытов Қараторғай (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Қанатты достарың. Жүсіпбек Аймауытов. Қараторғай
Оқу мақсаты: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;
3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:. мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, мәтін бөліктеріне тақырып қояды;
Көптеген оқушылар: мәтіннен нақты ақпаратты табады және сызба түрінде көрсетеді,
Кейбір оқушылар: әңгімелеу барысында иллюстрациялар/суреттер қолданады, жоспар құрады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Аурудың көңілін сұрағанда оқылатын дұға

Біріншіден, науқастанып қалған кісіні зиярат ету, көңілін сұрау ең үлкен сауап амалдардың бірі. Науқас кісінің жасаған дұғасы қабыл етіледі. Ауырған кісінің алдында әдепсіз, жаман боқауыз сөздерді айтпастан, жақсы сөздер айтып, оның көңілін көтерген сауап мүмкіндігінше. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз былай деген: «Егер бір кісі науқастанған мұсылман бауырын көру үшін жолға шықса, қашан оған жетіп жанына отырғанға дейін жәннәт бағында жүріп барады.....
Дұғалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Бөлім атауы: Таза, мінсіз асыл сөз
Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3.Әдеби эссе
Сабақтың мақсаттары: Б/С3.Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақ мақсаты: 7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Графика және жобалау (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Графика және жобалау» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып

Мазмұны

1-Тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар
Бөлім Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары

2-Тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар
Бөлім Кескіндердің негізгі түрлері және салулар

3-Тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар
Бөлім Кескіндердің негізгі түрлері және салулар

4-Тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар
Бөлім Форманы түрлендіру
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Тұмарға жазылатын дұға

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Уә ин иәкәду әл ләзина кәфәруә ләй юз ли кунәка би абсариһим ләмма сәмиъуа зикра уә йакулуна иннаһу лә мәжнуна уә маһуа илла зикрун лил әламина.
Дұғалар
Толық
0 0

Тақпақ: Әкеме

Жоғалтып бар інжуін бабалардың

Енді қашан белгісіз таба аларым

Әке сенің жолыңнан адасыппын

Кешіре гөр қызыңды, қара нарым.....
Тақпақтар
Толық
0 0