Шығарма: Қазақстандық патриоттың отбасындағы рөлі

Отбасы – әр жеке тұлғаның өсіп-өнер, тәрбие мен мейірім нәрін алатын ыстық та қадірлі, алтын ұясы. Әр адамның өмірінде, жүрегінде «отбасы» деген ыстық сөз үлкен рөл атқарады. Себебі әр адамның өміріндегі ең қуанышты да қызық дәурені отбасында өтеді. Отбасы мен үшін баға жетпес қазына. Отбасыма деген махаббатымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Отбасым......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Ақ ниет пен Қара ниет

Ертеде Ақ ниет пен Қара ниет жолдас болыпты. Бір күні азық-түліктерін жабдап алып, екеуі ұзақ сапарға шығады. Бірнеше апта өткеннен кейін Қара ниет:
— Азығым таусылып қалды, – деп, Ақ ниеттен тамақ сұрапты.
— Өле жегенше, бөле жейік. Менің азығым таусылғанша діттеген елдің шетіне ілігерміз, – деп Ақ ниет азығын аямай беріпті.
Бір адамның өзі үшін әзірлеген азығын екі адам жеген соң, қашанға жетуші еді, көп ұзамай Ақ ниеттің де азығы таусылады. Қоржынның түбін қағып екеуі бөліп жейді де, келесі күні аш жүріпті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Абай және Мағжан поэзиясындағы үндестік

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы.
ХХ ғасырдың басы, әсіресе, жиырмасыншы – отызыншы жылдар маман ғалымдардың зерттеуі бойынша қазақ әдебиеті тарихындағы қиын да, күрделі кезең делініп жүр. Өйткені жаңа қоғамдық формацияның орнауы, мерзімді баспасөз бен баспа өнімдерінің көптеп шыға бастауы, сан түрлі ғылым салаларына арнап ана тілінде оқулықтар жазу, басқа тілдерден енген неологизмдерді аудару қажеттілігі сол кездегі зиялы қауым алдына әдебиет пен тіл саласының негізгі қорын жасау міндетін қойды.
Жалпы адамзаттық көркем ой көгіне өрмелеген Абай көп білімді өз бетінше ізденумен тапқанын білеміз. Ал, Мағжан азды – көпті арнайы мектептер өткен ақын. Өлең жүйесінің тереңнен тамыр тартуы арқылы Абай ұлы реформатор болды. Алдында адастырмас Абайдай жарық тұрғанда Мағжанның тіл «Категориясына» үңілмеуі мүмкін емес.
Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті Абай үлгісі еді. Ұлы Абай сусындап дамытқан халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін Мағжан да еркін меңгеріп, өзінің сұлу көркем поэзиясына үлгі тұтты. Мағжан сөздің сыртқы түрін әдемілеп қана қойған жоқ, әдемі сөзден әсем, әсемнен сұлу суретті сөз өрнегін жасауға тырысты, өз халқының бай поэзиясы негізінде сезімтал жүрек үнімен жаңаша мазмұнда өз жырларын жазады.
Ал, Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман – мұратын ең толық, ең терең, ең дұрыс танытатын – әрине оның поэзиясы, асқақ шабыттың қуаты мен жүрегін жарып шыққан, иненің жасуындай жасандылығы жоқ өлеңдері, «Жалын мен оттан жаралған» сөздері.
Абай мен Мағжан шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып – түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халықтың тағдырын, ой – арманын тани аламыз. Және сол арқылы қазіргі заманды, кешегі мен бүгінгі келешегімізді бағдарлаймыз. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 5-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 5-сабақ
Сабақ мақсаты: А/И4. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Шығармашылық иірімдері (8 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Шығармашылық иірімдері
Оқу мақсаты: А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді өлкеме,

Табиғатым тамаша.

Гүл қаптады бөктерді,

Нұрға толды айнала.
Тақпақтар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси жаһандық өзгерістер жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне үлкен талаптар қойып отырғаны баршаға мәлім. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп жаңа қарқынмен дамуы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, өз ана тілімізді құрметтеп, оның қуат - қайнарын пайдалануға жол ашты.
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды. Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Қазір содан бері 20 жылдан аса уақыт өтіп, бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз[1]. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері

Қазіргі заманғы күрделі және қайшылықтарға толы, мемлекет, әлеуметтік топтар мен жеке индивидтер дәрежесінде жүзеге асып отырған, әлемнің мәндік белгісі- жаһандану процесі. Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану процесі дүниежүзілік саясат факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясаттанушылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы трихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады.
Өзектілігі – жаһандану процесінің бүкіл әлемге кең етек жайып, қоғам өмірінің барлық салаларына: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік салаларға өз әсерін тигізуде. Әсіресе жаһандану дүниесі басқа елдердің алдына қойғаны секілді біздің еліміз алдына да өте күрделі де принципті мәселелер қойып отыр. Және де осы мәселелердің қалай шешілетіндігіне болашақта жас мемлекетімізде көп нәрсе байланысты болмақ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: «Атымтай Жомарт» әңгімесінің құндылығы
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі.
Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы.
А/И4. Шығармашылық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.
Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау.
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш......
Рефераттар
Толық
0 0