Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде...
Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады. Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар. Мысалы. оларды бүгінгі таңға орайластыра шартты түрде жіктесек: 1) отбасы болуға дайындық және ұрық тазалығы; 2) Ана құрсағындағы тоғыз ай; 3) Бесіктің тәрбиелік мәні; 4) Балбөбек кезеңі; 5) Балабақша тәрбиесі; 6) Бастауыш мектеп кезеңі; 7) Орта білім беру және кәмелеттік кезең болып шығады. Тегінде ұрпақ тазалығы жөнделмей, жан тәрбиесі түзелмейді. Өйткені ұрық тазалығы - адам тәрбиесінің алғашқы шарты. Таза ұрықтан бірте-бірте өсетін жан иесінің жүрек тәрбиесі (бала тәрбиесінің бұдан басқа тағы бір жүйесі - ақыл тәрбиесі бар) жалғасады. Ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз күнге созылатын өмірінде нәресте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді. Бала осы кезенінде өзіндік биологиялық ерекшеліктерімен қатар кейін көкірек көзіне айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді....
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.......
Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Алайда, осы баға жетпес байлығымыз «Тәуелсіздігіміздің» құнын кейінгі ұрпақ қалай бағалайды? Компьютер, интернет тәрбиелеген «Жаңа заман адамы» Әнұранымыздың сөзін ұмытып, өз тілін жатсынып жатса, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай кетеді. Алайда, арамызда ар мәселесін төменге ысырып, асқақ абыройын аяқасты ететіндер де осы қоғамнан табылады. Мен көпке топырақ шашпаймын. Тек осы шығармамды оқыған оқырманға ой салсам болғаны.......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» «Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.....
Тарихты таразылап отырсақ, қазақтың басынан өткен қиыншылықтар аз емес. Соның бірі – 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысы. Соғыс... Мен үшін бұл өте қорқынышты сөз, өйткені елімізге көп қасірет алып келген азапты жылдар. Әрине, біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ ол туралы естідік, кітаптардан оқып, фильмдерден білеміз. Бұл сұм соғыс әр отбасын шарпып өтті десек қателеспеспіз, сірә. Өйткені біздің кішкентай аулымыздың өзінде талай ана жолдасын, бауырын немесе баласын соғыс кезінде жер қойнауына тапсырғанын ауыл ақсақалдары талай әңгімелеген. Бізді қуантатыны – соғыстан аман қайтқан аталарымыз. Біздің ауылда соғыстан қайтқан ардагерлер көп еді. Қазір тек біреуі ғана арамызда. Ол - Мырзабаев Шәмші атамыз. Енді біз тек ол кісілердің айтқан әңгімелерін есте сақтап, жасаған істерін үлгі тұтудамыз. Ардагер аталарымыз жайлы бірнеше таң асыра әңгімелеуге болады, олар туралы көптеген мәліметтер газет-журналдарда жазылды. Мен өз ойыммен бөлісіп, өзіме таныс жайларды ортаға салуды жөн көрдім. «Асылдың сынығы» дегендей, олардың әрқайсысының орны бөлек. Мен танитын Қалжанов Сарыбай атамыз соғыс жайлы айтуды ұнатпаушы еді. Көп сөйлемейтін, томаға-тұйық кісі болатын. Алайда ол кісінің бағбандығы өзінше бір керемет болды. Еккен ағаштарының бірі қалмай көктеп, жайқалып шыға келетін. Ауыл тұрғындары өтініш айтып, бақшаларына жеміс ағаштарын ектіретін. Ойлап отырсам, мұның сыры, бәлкім, бейнеткештігі мен жасаған ісіне деген жауапкершілігінде ме екен? Кім біледі, бірақ ол кісідей жүрген жерін көктетіп, гүлге орап жүру көп адамның қолынан келмеді.....
Той – халықтың қазынасы. 30 күн ойын, 40 күн тойын тойлаған, жиған тергенін дүбірлі тойда ғана шашатын қазақпыз. Ұлттық тәрбие бесігі бола білген қазақтың тойында әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сақталып, мазмұны мен маңызы ерекше болған. Ал қазір ше? Қазіргі тойлар – есепсіз ысырап пен мақтан үшін жасалып жүр десем артық......