Курстық жұмыс: Әдебиет | Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің образдары

Балабақша тәрбиешісіне жүктелер міндет көп. Солардың бірі жас ерекшеліктеріне байланысты балалармен ойын өлеңдерді бірге жатқа айтып, бірлесе ойнай білу, көркем әдебиет үлгілерімен таныстыратын сабақтарда бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытатын ойлы өлендерді бой сергіту сәттерінде орынды қолдана алу. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі казақ халқында, өзге халықтарда болсын, көркем сөзбен келетін кандай ойыңдар бар екенін, әсіресе, өз елінің мұрасында, тіпті ақындардың жаңа туындыларында қай шығармасын ойында пайдалануға болатыңдығын жақсы білу шарт.
«Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы» сериясымен шығарылған «Асыл сөз» жинағына пікір жазған белгілі балалар ақыны Бүркіт ЬІсқақов ойын өлеңдерге «Жасырынбақ», «Куырмаш», «Айгөлек», «Ақтүш», «Ак серек, көк серек» деп аталатын өлеңдерін жатқызады да, олардың балаларды қимыл-әрекетке баулып, денелерін ширата түсуге арналғандығын айтады. «Бөбектің буыны бекіді, бұғанасы қатты, бұрынғыдай қаз-қаз басып, тәй-тәй жүретін уақыттан өтті. Еңді белін бекем ұстап, екі аяғын тең басып, зыр жүгіретін болды. Ол өмірді танып, өзін қоршаған ортаны білуі қажег. Демек, оның бойымен бірге ойы да өсуге тиіс. Міне, ата-ана осыны ескеріп, ойын өлендермен бірге түрліше ойлы өлеңдер де ойлап шығарған. Солардың бірі — «Санамақтар». Ойын өлеңдер мен ойлы өлеңдерді өзара ажырата талдап, балаларға ұсынылатын барлық шығармаларда ойын элементтері ұшырасатының жақсы түсіндіріп, зерттеулер жазып келе жатқан белгілі ғалым Ш.Ыбыраевтың сыныптамасында балаларға арналған поэзиялық туындылар былайша жіктеледі: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Мен - ұлттық бояуы сіңген елімнің перзентімін

Қызық... Бұл жолы жан дүниемді белгісіз ойлар арбап, жүрегімнің дүрсілі әлденені сезгендей ме? Бұрындары ойыма келген әр нәрсені ақ қағазға түсірудің өзі мен үшін бір ләззат болса, ал бүгінгі сезім одан да күштірек, одан да беймәлім болады- ау. Кеудемдегі жүрек дүрсіліне құлақ салсам «жаза түс және тағы жаз» дегендей үн қататын секілді. Осы үнмен жалғасқан ойды мына параққа түсірмесем сірә, мұным тағы әбестікке жатар.
Сайын даланың атырабында, ақша бұлттың арманында, жазиралы асқар ала таудың бауырында, тұғыры биік , талғамы таза, тарихы тереңде жатқан дархан халқымның даласы қашанда әр перзентіне аналық рух берері хақ.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қасым Аманжолов

Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.
Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.
Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.
Өмірбаяны. Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Батырлардың есімі ұмытылмайды

Ерлік елдің қасиеті,
Жүректілік - жігіттің қасиеті-деп
Бауыржан Момышұлы айтқандай сонау 40-жылдары қиян-кескі ұрыста көрсеткен аталарымыздың табандылықтарын ұмыту мүмкін емес. Отан үшін қасық қандары қалғанша күрескен әр азаматтың батырлығы бізге үлгі. Қатыгездікпен елімізге шабуыл жасаған неміс фашистерінің зұлымдықтарына төтеп бере алған,кеудесін оққа төсеген ерлер қаншама. Қақаған қыстың суығына,аптап ыстыққа шыдаулары «Отаным, елім» деп соққан әрбір совет жауынгерін қиындыққа төзе білуге үйретті. Отанға,жеріне деген сезімдері алға жетеледі». Батыр майданда шынығады. Болат қайнауда шынығады» дегендей жас шамасына қарамай жасөспірім балалар да майданға сұранып, қолдарына қару алды. «Отан үшін жан пида» ұранымен жауды жағасынан алды..........
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: IX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау
7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау
Сабақ мақсаттары: XIX ғ. орын алған ғылыми жаңалықтарды анықтап, қоғамға тигізген әсерін талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.4.2.2 трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау
7.4.2.1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсірпік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: АҚШ-тағы құлдықты жоюдың әдістерін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Бата-тілек: Үмбетәлі ақынның батасы

Ер болсаң, ем бол!
Ел сүйсінер бел бол!
Ер жүрек екпінді,
Ел бастаушы сен бол!

***
Ақ батамды берейін,
Үстем болсын мерейің.
Әрқашанда Құдайым,
Жақсылыққа жеткізсін.
Жақсылық сенен кетпесін,
Жаманшылық жетпесін.
Адал болсын жолдасың,
Аман болсын мал басың.....
Баталар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 2 (ІІ) - топ элементтерінің физикалық қасиеттері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 (ІІ) - топ элементтері
Сабақ тақырыбы: 2 (ІІ) - топ элементтерінің физикалық қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.10 2 (ІІ) топ элементтерінің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• сілтілік жер металдарының атом құрылысын сипаттайды
• сілтілік жер металдарының физикалық қасиеттерінің топ бойынша қалай өзгеретіндігін тауып, дәлелді жауап береді.
Ғылыми тілді қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Байтұрсыновтың сөйлем синтаксисін дамытудағы үлесі

А.Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-аулында, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.
Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов–арғын Үмбетей батырдың немересі.Шошақтың 4 ұлы болған: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы, намысқор, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «ірі мінезді адамдар» болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сиыса бермей, оларға тынышсыздау болады.Тіпті ауылдағы түгіл уезд басындағы ел билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді.Сол үшін ел адамдары «кәрі ояз» деп атап кеткен палковник Яковлев 1885 жылдың күз күндерінің бірінде (12 октябрде) Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп,ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты тауып бермедіңдер деп елге ойран салады,әйел-балаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді .Ояз бен оның отрядының бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің озін атынан аударып алып,басын жарады, отрядымен ауылдан қуып шығады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | ДЕМОКРАТИЯ ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Демократия – грек тіліндегі “халық билігі” деген ұғымнан шыққын сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін- өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.
Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президентінің, депутаттарының билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық, жариялылық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия–осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамалармен жоғары бағаланатын құрылым.
Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті – адамдардың көріп, есту түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінуімен байқайды.
Әділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамды әділетсіздік жайлайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда *халық билігі* құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылмауына елдің Конституциясы мен ел президентінің қызметі кепілдік болуы тиіс.
Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы–демократиялық мәдениетті меңгеру. Бұл бізде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі, бір- біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметі мен лауазымына қарамай, теңдей көру, т.с ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0