Мектеп бітірушілерге, түлектерге арналған тілектер топтамасы

Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дүниетану | Мектеп жасына дейінгі балалардың өз өлкесін таныстыру

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың өз өлкесін таныстырудың маңызы
1.1 Туған өлке тарихы және ұрпақ сабақтастығы
XXI ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына енуде. Сондықтан оқу-ағарту, ғылым сапасында жаңа реформалар жасалуда. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі терең зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасы соңғы 15 жыл ішінде әлем таныған ел болды. Қазіргі жастарға зор міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындады. Қазақ халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарда, стандар талаптарында көрсетілген.Соған қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің трихы аз жазылған, топық зерттелмеген мәліметгер көп.
Жас ұрпаққа бабаларымыздың ерлік ісін, ұрпақ сабақтастығын терең танытатын тарих немесе жеке зерттеу еңбектер көптеп жазыпса, білім кеңейе түсер еді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менеджмент | МЕНЕДЖМЕНТ -- ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН БҮГІНГІ КҮН КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ.

КІРІСПЕ
Экономиканың негізгі экономикалық агенті Бір немесе бірнеше кәсшорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсшкерліктің үш түрін атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік,
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акционерлік қоғам)
Ипдивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсшкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкеңдерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.
І МЕНЕДЖМЕНТ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Менеджмент фирманың басқару теориясы
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз елу және одан көп адам иелік ететің бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады Артықшылығы үйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндіп болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Г дыбысы мен әрпі

Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Өткен сабақты тиянақтау

Көрмедім еш үйіңді,
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс - тыртысын,
Жаңалайды киімді? (үтік) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалардың қарым-қатынас нышандарын дамыту жаттығулары

Мақсаты: - жағымды, қолайлы эмоционалды жағдай құру;
- топты біріктіру;
- сабақ үстіндегі мінез - құлық ережелерін құру.

1. «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын».
Жаттығудың өту барысы: әрбір оқушы 3 минут ішінде өзіне ұнамды ат таңдайды да, оны алдын - ала арнайы дайындалған парақшаларға фломастермен жазып, басқа оқушыларға көрінетіндей етіп өзінің кеудесіне бекітеді. Содан кейін, 10 минут ішінде топ мүшелерінің әрқайсысы шеңбер бойынша келесі сөзді айтып шығуы қажет: «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын!». Кейін, өз аттарын атап, өзі туралы бірнеше сөз айтады.
Танысу кезінде басқалардың есінде қалу үшін, әрбір қатысушы өзінің ерекше қасиетін атауы қажет......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бәйтерек

Ертеде бір ауылда үлкен бір қария өмір сүріпті. Бір күні қария жолға шығады. Күн қатты ыстық екен. Ұзақ жүрген соң шаршап шалдығып келе жатырса, алыстан бір теректі көреді. Осы терекке бір жетіп алсам, демалып алар едім деп, жүре - жүре талға да жетеді. Оның көлеңкесіне отырып, тынығып алады. Бір уақытта талға тіл бітеді де:- Сен, кімсің?- деп сұрайды.
- Мен бір жолға шыққан қариямын.- деп жауап береді қария - кішкене тынығып алған соң, жолға шығамын.
Сонда тал:- Менің тамырларым шөлдеп, бұтақтарым сынғалы тұр. Жолыңда су болса, келеріңде құйып кетерсіз.
- Жарайды,- деп, қария жолға шығады.
Келе жатырса, аспанды қара бұлт торлап жауын келе жатыр екен. Қария теректің бір тілегін орындайын деп: - Бұлт, бұлт, жолыңдағы терекке нөсеріңді жауа кет,- деп айқай салады.
Біраз уақыт өткен соң, қария сапарының соңында ауылына қайтып келе жатырса, бұрынғы терегі үлкен бәйтерек болыпты. Қария қатты таң қалып, қуанады. Теректің саясында аңдар көлеңкелеп, төбесінде құстар ұя салып, әндетіп жүр екен.
Мұны көрген қария терекке келіп:- Енді, сен үлкен бәйтерек болдың. Жапырағың жайқалып, тамырың тереңдеп, көлеңкең кеңейіп өсе
түс,- деп тілек тілеген екен. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Б дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ертегі сабақ.
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар қазір бізге қандай сабақ?
- Сауат ашу сабағы.
- Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па?
Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Т. б......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу

№24 Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
Білім бері саласы:"Таным"
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл мезгілі - көктем
Мақсаты: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру; жыл мезгілдерін (көктем, жаз, қыс, күз) айыра білу және атап көрсету қабілетін нығайту.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, демонстрациялық ойын

Мотивациялық қозғаушылық
Цифрды тап ойыны
Педагог балаларға цифрды көрсетеді және оның қандай цифр екенін сұрайды......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
1 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұзын құлақ сұр қоян

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Мақсаты: Балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасауға, қоянның жеке бөліктерін: басы, денесі, құйрығын анық жасай білуге үйрету. Есу, жалпайту, шаншу әдістерін жалғастыру. Бейнені мәнерлі түрде жеткізіп, балалардың шығармашылық қабілетін, қиял - елесін дамыту.

Қоршаған ортаны сүйе білуге, аңдарға жан – жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Саз, тақтайша, шүберек, үлгі.
Методикалық әдіс: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмыс: Сақ құлақ, үркек, қорқақ.
Мотивациялық қозғаушы
Балалар қане айтыңдаршы сендердің алдарыңда қандай заттар жатыр?
Саз, тақтай, шүберек......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сол жақта ортада оң жақта

Тақырыбы: Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты: өзіне қатысты кеңістікте орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында); геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету; 1 цифры өзге сандар арасынан табу.
Қажетті көрнекі құралдар: Шеңбер, шаршыға ұқсайтын заттардың суреті, бағыт бағдарды көрсететін сюжетті суреттер.
Әдіс - тәсілдер: практикалық, сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгімелесу.
Мотивациялық қозғаушы Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
- Балалар, суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Суретті әңгімелеп береді
Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады. Қызы торда отырған арыстанды көріп, таңырқап, қасында тұрып қалады.
Оның қалып қойғанын байқамай алдыға түсіп жүріп кете береді.
- Қыз нешеу?
- Арыстан нешеу? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0