Серік Сәпиев киноға түсіп, өз-өзін сомдады

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев "Мужская история" деп аталатын жаңа қазақстандық телехикаяда боксер рөлін сомдады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мужская иcтория" деп аталатын сериалдың сюжеті төрт достың тағдырын, олар бастан кешкен оқиғалар, сатқындық, жігіттер арасындағы кикілжің мен махаббат жайын баяндайтын болады. Мектеп партасынан басталған достық олардың өмірлік серігіне айналады. Лондон Олимпиаласының алтын медаль иегері Серік Сәпиев басты рөлдегі жігіттердің бірін жаттықтыратын боксшы рөлін сомдайды.

"Мен осы жобаға қатысуға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің алғашқы актерлік тәжірибем. Бірақ мен мұнда өз-өзімді ойнаймын, сондықтан бұл рөлде өзімді ыңғайлы сезінем. Маған сериалдың сценарийі қатты ұнады. Мен нағыз достық жайлы фильмдер мен сериалдар біздің қоғамға аса қажет деп санаймын. Досты құрметтеп, қадірлеп, бағалай білу керек", - деген пікірімен бөлісті Серік Сәпиев.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады?

Өзіне сенімділік бұл – жақсы тәрбиенің жемісі деуге болады. Тәрбие барлығына белгілі бала құрсақта пайда болғаннан басталады. Сондықтан сәби кездегі тәрбие ананың ақ сүтімен.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0

Ләйлә Сұлтанқызы өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді

Қазақстандық журналист Ардабек Солдатбай “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Жалауқызынан Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап еткен болатын. Ол жазған хатында “Әйел бақыты” бағдарламасында көтерілген тақырыптардың біріне қатысты өз ойын білдірген-ді. Осыған орай, Ләйлә Сұлтанқызы да өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді.
Жаңалықтар
Толық
0 0