Әдістемелік жұмыс: Математика сабағында оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру

Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде білім беру ісіне жылдан-жылға үлкен көңіл бөлінуде. Елбасы Жолдауындағы ең маңызды көтерілген тақырып, ол білім мәселесінің қаралуы. Білімді жоғары сапаға көтеру арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру. Оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін белсене дамытудың керектігін айтады. Осы Жолдауды қолдай отырып оқушыларымызға сапалы білім беру жолында еңбек етеміз деп сенемін.
Бiлiм беру мазмұны - жеке адамның бiлiктiлiгi мен....


Әдістемелік жұмыстар
Толық
6 -4

Елбасы оқушыларға спортпен шұғылданып, кітапты көп оқуға кеңес берді

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір топ елорда мектептері түлектерімен "Жаңа қазақстандық патриотизм" тақырыбында өткізген сабақ барысында оқушыларға спортпен шұғылданып, кітап көп оқуға кеңес берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Егер менің күн тәртібімді білгілеріңіз келсе: мен таңертең алты жарымда тұрамын және бір сағатымды жаттығуға арнаймын. Таңертеңгі жаттығуды ауыр фитнеспен аяқтаймын. Мүмкін, маған бұл керек емес шығар, бірақ мен осы тәртіпке үйреніп алдым. 45 минут аэробика, одан кейін фитнес, осыдан соң суға шомылып, жұмысқа барамын. Жексенбі бір күн демаламын. Мұндай тәртіпке дағдыланғаннан кейін, онсыз өмір сүре алмайсың", - деді Елбасы.

"Өмірде алға қойған мақсатыңа, табысқа жету үшін денің сау болуы керек. Денсаулықты жас кезден сақтаған жөн. Денсаулығың болмаса....

Жаңалықтар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Бастауыш сынып | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс әрекетін қалыптастыру жолдары

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға белгілі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақша тәрбие сағат: Қанағат қарын тойғызар

Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар  Спандияр Ақаев.

Сабақтың мақсаты:

  1. Спандияр Ақаев туралы түсінік бере отырып, оның «Қанағат – қарын тойғызар» мәтінінің мазмұнын толық меңгерту.                          
  2. Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, рольдік мақамдап оқу қабілеттерін қаллыптастыру, шығармашылыққа баулу.
  3. Адамгершілікке тәрбиелеу, кішіпейіл,қарапайым, қанағатшыл, шыдамды болуға,  адам бойындағы асыл қасиеттерді айыра білуге, жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге үйрету.
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0