Медальдарынан айырылған Илья Ильин әйелімен ажырасып кетті

Қазақстандық зілтемірші, ауыр атлетикадан Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин өзінің жұбайы, гандболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Натальямен ажырасып кеткенін ресми мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми түрде өтінім береді

Бүгін Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім береді.
фото с сайта gde.kg
фото с сайта gde.kg

Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

"Кеше Президенттің тапсырмасымен Алматы қаласы әкімдігі және Олимпиада комитетімен бірге алқашқы кеңес өткізілді. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге ресми түрде өтінім беру туралы шешім қабылданды", - деді Е.Қожағапанов.

Сонымен бірге Алматы, ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұған толығымен дайын, нысандардың басым бөлігі Азия ойындары қарсаңында салынып, мақұлданды.

"Бірнеше спорттық нысандар салсақ жеткілікті, ал жөндеуді қажет ететін нысандарға 2022 жылға қарай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көліктік логистика дайын", - деп атап өтті Е.Қожағапанов.

Агенттік төрағасы атап өткендей, Олимпиада өткізуге қажетті барлық спорттық нысандар Алматыда орналасады. "Ресми өтінім бүгін беріледі", - деді ол.

Жаңалықтар
Толық
1,5 -0,5

Үкімет демалыс күндерін ауыстырды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді

Бүгін Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ның құрамына енді. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеуін жолдады.
Жаңалықтар
Толық
3 -2