Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы жеңіс - жасасын!)

Тәрбие сағат тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.
Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
Тәрбие сағаттар
Толық
1 0

Қазақша Тәрбие сағат: Бастауыш сынып | Имандылық жүрекке ұяласа

Тәрбие сағат тақырыбы: «Имандылық - жүрекке ұяласа»
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер.
Тәрбие сағаттар
Толық
76,5 -41,5

Қазақша Тәрбие сағат: Әдептілік әліппесі

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі
Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбие сағаттар
Толық
72 -41

Ашық сабақ: Өнерлі қыз, өнегелі ана (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Ашық сабақ тақырыбы: «Өнерлі қыз, өнегелі ана»
Ашық сабақ мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру. Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық
63 -35

Қазақша Тәрбие сағат: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Тәрбие сағат тақырыбы: Наурыз мейрамы
Тәрбие сағат мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың....
Тәрбие сағаттар
Толық
36 -21

Тәрбие сағат: 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Бастауыш | Ана - өмір шуағы)

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана өмір шуағы»
Тәрбие сағат мақсаты:
1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға
газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.
Тәрбие сағаттар
Толық
46 -25

Сынып сағат: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан жаңғырығы)

Сынып сағат тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы [16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні]
Сынып сағат мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Сынып сағат көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, магнитофон;
Сынып сағаттар
Толық
67,5 -37,5