Курстық жұмыс: Экономика | Агробизнес қызметінің теориялық негіздері

Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдары Қазақстан экономикасының аграрлық саласында өндірісті басқару мен ұйымдастырудың бүкіл жүйесін қайта құру, істің жаңа нарықтық бабын табуға бағыттала бастады.
Жоғары оқу орындарында экономика және менеджмент саласында мамандар даярлауда бұл анық болмыс ескерілугс тиіс. Осыған байлалысты аграрлық университеттердің оқу жоспарында «Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлау» пәні орнына "Агробизнесті ұйымдастыру" деген жаңа пән енгізілді. Алайда қазір бар оқулықтар студенттерді бұрынғысынша әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайларындағы жұмысқа бағдарлайды, іс жүзіңде жаңа пән бойынша оқулықтар жоқ.
"Агробизнесті ұйымдастыру" деп ұсынылып отырған оқулық бұл тұрғыдан алғашқы негізгі оқулық болып табылады, мүнда нарықтық қатынастар жағдайларында бизнесті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Футболды оқыту жаттығудағы әдістемесінің теориялық негіздері

Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі.Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі- елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы

ХІХ ғасырдың соңында клетка құрылысының зерттелуіне байланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық зоолог Э.Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.

Мендель заңдарын кейін 1902—1903 жылдары В.Сэттон редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың тәртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің "Хромосомалар және тұқым қуалаушылық” деген еңбегінде хромосомаларды цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау факторларының таралуына сәйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы теориясы тәжірибесі

Халықты әлеуметтік қорғаудың құрамдас бір бөлігі ретінде оның зейнетақымен қамтамасыз етілуі болып табылады. Зейнетақы жүйесі экономикалық құрылымның ең бір күрделі түрі ретінде қарастырылады. Зейнетақы жүйесі мемлекеттің экономикалық дамуына әсер етеді, соның ішінде капитал мен еңбек нарығының қызмет етуіне, сондай-ақ ел азаматтарының ұрпақ ішінде және ұрпақ аралығында табыстың қайта бөлінуіне өз ықпалын тигізеді.
Қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін қолдаудың материалдық негізі зейнетақы болып табылады. Зейнетақы (лат сөзі pensio-төлем) – белгілі бір жасқа келген азаматтарға, мүгедектерге, асыраушы адамынан айырылған отбасына және заң жүзінде көрсетілген өзге жағдайларға байланысты берілетін ұдайы ақшалай төлем. Зейнетақы бюджеттен тыс мемлекеттік және сақтандыру қорларынан, жеке меншік кәсіпорынның зейнет қорынан құралған зейнетақылық және сақтандыру қорлары арқылы беріледі /1, 211б/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзінің барлық елдері үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.Ал егер нақты ғылыми тілмен айтатын болсақ, халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға көптеген ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бірі – Давид Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, салыстырмалы артықшылық теориясын көпшілікке ұсынды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қазақстандағы аударма теориясы мен практикасының негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Сақтандыру нарығының теориясы

Ежелгi тұрмыс уақытысынан бастап, адамзат мүлікке ие бола бастаған уақыттан, ол оны ұрлау, өрттену қаупi, су алып кету, басқа да жағдайлардан сақтану жайлы ойлай бастады.
Өндiргiш күштер дамыған сайын және материалдық байлық жинақталған сайын өндiрiстiк қоғамда әр меншiк иесiнде өз мүлкi үшін сабырсыздық, және тәуекелдiк факторлары белең ала бастады.
Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткенде, алапат құбылыс кезiнде үлкен аймақтың өзiнде шаруашылықтың барлығы шығынға ұшырамайды, және алапат құбылыс ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬— сирек кездесетiн құбылыс. Бұл жағдай жеке материалдық немесе ақшалай резерв құру емес, жинақтау жасау, бiрақ қоғамдық кассаға қатысушылар көп болған сайын, әрқайсысына аз бөлiгi берiледi.
Осылай, адамдар қоғамында бiрiккен тiзбектелген жинақтау тұтыну негiзiнде қоғамдық қатынастың жаңа категориясы, сақтандыру деп аталатын, алғашқы мағынасы қорқыныш, сөзiнен алынған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік теориясы мазмұны қағидалары және даму шарттары

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы түсінігі және теориялық негіздері

Нарықтық қатынастардың құрылымында да , мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рол атқарады . Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы . Бұл орайда әлеуметтік экономикалық мәнін түсіне білудің , оның іс әрекет ету ерекшеліктерін терең ұғынудың , Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғырлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амлдарының көрсете білудің маңызы зор .
Қоғамдық өнімді бөлу мен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды , табыстарды және қорларды жасаумен , оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсатына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымы мән мағынасы болып табылады . Қаржы ресуртары мен мақсаттары ақша қорлары , олардың қалыптасуы , қозғалысы және пайдалануы , қаржының объектісінің , ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретінде мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірісті және өндірісті емес сфераларының сан алуан шаруашылық , қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымды және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі –матералистік диалектикалық- тарихи әдіс қолданылады , ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып , қаржы қатынастарымен құбылыстарын олоардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеулң болжайды . ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0