Әңгіме: Антон Чехов | Қасірет

Бүкіл Галчино облысындағы әйгілі ісмер, сонымен бірге барып тұрған қияңқы мұжық деген атағы ертеден мәлім токарь Григорий Петров өзінің ауру кемпірін земстволық ауруханаға әкеле жатыр. Екі ара отыз шақырымдай жер, ал жол дегенің сұмдық жаман, одан Григорий ұста сияқты жатыпішер көр жалқау түгіл, қазынаның пошта тасушысы да жүре алар емес. Ызғырық, суық жел қарсыдан тура бетке ұрып тұр. Қай жағына қарасаң да ауада құтырынған ақтүтек боран құйындай ұйытқып соғады? Қардың аспаннан жауып тұрғанын, әлде жерден борап тұрғаның адам біліп болар емес. Тұмандай торлаған қарлы бораннан айналадағы маңай да, жол бойындағы телеграф бағандары да, орман да көрінбейді, жел ұйтқып кеп Григорийге түтеп бір соққанда, тіпті аттың доғасы да көрінбей кетеді. Титығы құрыған көтерем бие аяғын әрең басады. Қалың күртікке қайта-қайта малтығып, басын шұлғи шірене тартумен әбден болдырған. Ұста асығып келеді. Шананың алдыңғы тұғырында қопаң-қопаң етіп, аттың сауырынан қайта-қайта шықпыртып қояды.

— Сен, Матрена, жылай берме... - деп күбірлейді ол. Азырақ шыдай тұр. Құдай бұйыртса, ауруханаға да жетеміз, сонсоң сенің мұның қас қаққанша - ақ әлгі нетіп... Павел Иваныч саған дәрі ішкізеді немесе қан құйдыра ма әлде батшағар иең спиртпен ысқылата ма әлі, кім білсін, сонсоң ол нетіп, бүйіріңнің ауырғанын тура жұлып алады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қараңғылық

Земство дәрігері қабылдауын аяқтап, ауруханадан үйіне қарай беттей бергенде, оның жанына үстіндегі тоны қырық жамау, аяғында үлкен қара байпақ, жасқана басып жақындай берді.

— Құзырыңа құлдық, өзіңе кеп едім, - деді ол

— Иә, не жағдай?

Жігіт таңқы танауын алақанымен жоғары қарай жапыра бір сүртіп, аспанға қарап алды да, сонан соң барып жауапқа көшті:

— Жоғары мәртебеңе бас ұрып кеп тұрмын... Өзіңнің қарамағыңда, тұтқындар палатасында, мәртебелі тақсыр, менің ағам Васька, яғни варвариндік ұста жатыр еді...

— Ал жатса қайтеміз?

— Жалынамын, жіберші оны!

— Түһ, кеңкелес екенсің ғой! Менің қандай қақым бар? Мен түрме қызметкері емеспін. Оны ауруханаға әкелсе, емде деп әкеледі, мен емдеп жатырмын, сені түрмеге жабу қолымнан қалай келмесе, оны босату да солай қолымнан келмейді.

— Оны тектен-текке қамап отыр. Соты болам дегенше, білесің бе, бір жыл тергеуде жатты, енді кеп қарасақ, неге жатқанын өзіміз де білмейді екенбіз. Егер кісі өлтірсе немесе ат ұрласа бір сәрі ғой, жазықсыздан-жазықсыз күйіп барады.

— Солайы солай шығар, бірақ менің бұл іске қандай қатысым бар?

— Адамды не үшін қамағандарын өздері де білмейді. Ол ішіп алған болатын, құрметті мырза, ес-түсі жоқ мас боп кеп әкемді құлақ шекеден қонжитқанын, өзі шекесін жарып алғанын да білмейді, ал біздің тағы бір екі жігіт кеп - әлдеріне қарамай, қарасаңызшы, түрік темекісіне құмарта қапты - сол екеуі оның басын айналдырып, түнде армян әйелдің дүкенінен темекі ұрлауға алып кетеді. Ол ақымақ мастықпен көне кеткен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Көк құмыраның сыры


Джек Гарингтон сөреден бастап доп барып түскен жерге дейінгі арақашықтық қанша екенін мөлшерлеп, оған көңілі толмай тұрған болатын. Доптың тұсынан арт жақта қалған сөреге көз тастап, екі аралықты көзбен тағы бір шолып өтті. Өңінен ызаланып тұрғаны байқалады. Бір күрсініп қойып, таяғын жоғары көтеріп, қатарынан екі рет соғып еді, бірінде таяғы бақ-бақты жұлып түсті де, екінші рет бұрқ еткізіп, бір уыс шымды қопарып кетті. Тек үшінші ретте ғана допқа таяғы дөп тиді.

Жасың жиырма төртке келгенде гольфты кемшіліксіз шебер ойнауға уақыт табу онша оңай шаруа емес. Өйткені бұл кезде уақытыңның көпшілігі күнелтудің қамына жұмсалып, ықыласың соған ауа бастайды. Аптаның бес жарым күнін Джек жұмыста, қаланың ортасындағы қызыл ағашпен қапталған еңсені басатын кеңседе өткізетін. Тек сенбінің екінші жартысы мен жексенбіде ғана қолы босап, жеке басының шаруасымен айналысатын. Әлгі ойынға құмартқаны сонша, қиналып жүріп, Стоуртон Хит гольф алаңының маңындағы бір кішірек қонақ үйден бөлме жалдап алды. Күнде ертеңгісін сағат алтыда тұрып, бір сағат жаттығу жасап, сегізден қырық алты минут өткенде жүретін поезбен жұмысқа үлгеретін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Ұрланған хат

Даналыққа қулықтан асқан құбыжық жоқ.

СЕНЕКА

18... жылдың желкемді бір күзгі кешінде Парижде ымырт үйірілген шақта пенкадан жасалған трубканы қолға алып, досым С. Опост Дюпеннің аядай кітапханасында, яғни Сен-Жермен елді мекенінің Дюно көшесіндегі № 33 үйдің төртінші қабатындағы бөлмесінде айырықша рахатқа батып отырған болатынмын. Бір-бірімізге тіс жарып, тіл қатпай бір сағаттан артық отырдық, сырт қараған адамға мен де, досым да бұрқырап, бөлмені кернеген темекі түтінінен көз алмай, мелшиіп қалған тәрізді болып көрінуіміз де ғажап емес. Алайда мен кешқұрымғы әңгімеміздің арқауы болған оқиғаны ойша сараптап отырғанмын.— Мен бұл арада Морг көшесінде болған оқиға мен Мари Роженнің өліміне байланысты құпия жөнінде айтып отырмын. Міне сондықтан Париж полициясының бастығы, біздің байырғы танысымыз мосье Г... есікті ашып, кітапханаға кіріп келгенде, мұның өзі маған күтпеген әдемі үйлесім болып көрінді.

Біз онымен шұрқыраса амандастық, өйткені оның жағымсыз мінезі мен жақсы қасиеттері тең түсіп жағатын да, әрі біздің көріспегенімізге талай жылдар болып кеткен-ді. Ол келер алдында ақшамда жарықсыз отырғанбыз, енді Дюпен шам жағуға ұмтыла беріп еді, бірақ Г. бізбен — турасын айтқанда, менің досыммен өзін әбден әбігерге түсірген бір мемлекеттік маңызы бар іс жөнінде ақылдасуға келгенін айтқанда ол өз креслосына қайта сылқ ете кетті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 12 жастағы еркін күреспен айналысатын балалардың үйлестігін дамыту

Еркін күрес, гректер заманында пайда болған күрес түрі. Белдесу қарсыластар түрегеліп төрттағанға түскенде аударылып, домалатып әдістер қолдану арқылы өткізіледі. Мұнда балуандардың бір- бірлерін белден төмен ұстауына, аяғынан шалуына, қағуына рұқсат етілмейді. Еркін күресінің мақсаты лақтырған немесе төрттағаннан аударған, домалатқан кезде қарсыласының екі жауырынын бір мезетте немесе бірінен соң бірінің қайтарымынан кілемге тигізу. Мұндай басымдылық таза жеңіс деп есептеледі де белдесу тоқтатылады.
Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып


Азия кіндігінде алаулап тағы бір таң атты. Сол таң нұрымен бірге ұлы ел оянды. Бөркін аспанға атып алпыс екі тамыры бусанып, шер мен налаға толы көкірегі қуаныштан бүр жарып, ақ түиенің қарыны жарылған, дүлдүл тұяқтың дүбіріне от беріп, көбеңсіп жеткен тәуелсіздік атты алтын бақ қазақтың басына қонды. Оң иығына күн сүйген қыранын көтеріп, сол иығына құл сүйген құранын ұстап бодандықтың уысынан шығандап барып еркіндікке қол жеткізді. Тілі, діні, ділі азат ел болды. Сүйтіп Қазақстан аты күллі әлемге жорғадай тайпала жөнелді. Желтоқсан желімен жарысып...

Маңдайына жаңадан қонған бұл тәуелсіздік бақыты аспаннан тегін май шелпек секілді жауа салмады. Жанға-жан, қанға-қан берген, елі үшін, жері үшін еркек тоқты құрбандық деп басын бәйгеге тіккен рухы өр алдаспан жарқылындай асылдардың қызыл қанымен келді. Алғашқы оттың тұтануы «1986 жылы желтоқсан оқиғасы» болып жүрегінде оты бар, ұлтын езіле, емірене сүйген қазақ жастары бүкіл комунизм дүниесіне қарсы наразылығын көрсетіп, дұшпанына жасын ойнатып, азуын айға біледі. Арыстандай айбар шегіп, барыстай атылды. Бірлігін көрсетті. Қасының десін басып көңіліне күдік орнатып жүрегіне қорқыныш атты ұя салды. Алқағаны ел, қарғағаны жер боларын ұғындырды. Шешінген судан тайынбай Қайрат Рысқұлбеков бастап ерліктің құрбаны болды. Соңғы демі таусылғанша шындық жырын шырқады. Көп ұзамай ақиқаттың ақ таңы туып соңы егемендікке ұласты. Елі тау мінезді ұлдары мен намысы алдаспан жүзіндей қыздарының ерлігін адақтап еске алып ұлықтады. Тәуелсіздіктен кейін боздақтарды еске алу күнін әр жыл сайын салтанатты әрі айбынды күллі қазақ жерінде тойлау дәстүрге айналды. Тәуелсіздік таңында туылған жас ұрпақтар ерліктеріне сүйіне қарап, таңдана жырлайтын, еске алып бой түзеп рухын оятып үлгі тұтар аңыздар тіліндей желтоқсан құрбандарының мәңгілік асқақ рухы қалды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстан туризм

Кіріспе
Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды. Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Пәндердi оқыту барысында дамыта оқытудың теориялық және тәжiрибелiк негiздерi

Болашақтың бүгiннен де нұрлы болуына ықпал етiп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек бiлiмде ғана. қай елдiң болмасын өсiп өркендеуi, өркениеттi дүниеде өзiндiк орын алуы оның үлттыңқ бiлiм жүйесiнiң деңгейiне, даму бағытына байланысты.
Қазақстан республикасының Бiлiм туралы Заңының 8- бап . бiлiм беру жүйесiнiң мiндеттерi бөлiмiнде:
Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - үлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжiрибе жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiиб шыңдауға бағыталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау делiнген
Сондай-ақ осы бапта жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту;  делiнген.
Мiне осы мәселелерге тоқтала отырып, елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк, мәдени салалары өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерiстерге сай бiлiм беру саласы да өзгерiп, жаңару үстiнде. Себебi дәл қазiргi уақыт, ең алдымен, адамның ақыл-ойы мен қабiлетiне қойылар талапты күшейтiп жiбердi.
Жалпы алғанда педагогикалық процестегi оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғалым педагогтар бастауыш сыныпта дамыта оқыту жүйесiнде көптеген өздерiнiң еңбектерiне зерттеу жүмыстары н жүргiзiп түжырымдамалар жасады. Сонымен қатар жеке адам тәрбие мен оқыту процесiнiң жетiлiп, дамуды артына салып отыратындығын дәлелдедi. Олардың идеяларынң мәнi мына төмендегiге саяды:
1. Таным қабiлетiнiң дамуы – бүл барлық мүғалiмдерiнiң барлық пәндер бойынша оқыту процесiндегi мақсаттылық iс-әрекетi.
2. Оқушыларға бiлiм беру және объективтiк шындықты тану мәселелерi жайындағы оқулықтың ролi. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Туған күн)

Әрқилы өздерінің тірлігімен,
Адамдар бөлінеді бір-бірінен.
...Қош, Ана,
Жаратылыс жазғаннан соң
Өзіңнен бөлініппін бір күні мен.

Ай анау – тіршіліктің аспан шамы,
Күнің де бізбен жиі бас қосады.
Олар да біздерменен...
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Экология | Алматы қаласы экологиясы

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек:
27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2005 жылдан бастап тұрғын үйлер мен мектеп аулаларын ретке келтіріп, жақсартуға, көлікпен тасымалдау қызметін жетілдіруге, қаланы көгалдандыру мен жарықтандыруға, арықтар мен фонтандарды реконструкциялауға, энергетикалық кешенді жетілдіруге, мәдениет пен туризмді өркендетуге, қаланың тазалығын сақтау қызметтерінің жұмысын жақсартуға арналған қалалық 10 даму бағдарламасы табысты іске асырылуда.
Райымбек даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында автокөпір құрылысы жүргізіліп, оның толықтай пайдалануға берілуі қаладағы көліктердің жүріп-тұруын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Оның ел аумағында салынған алғашқы ірі автокөпір екендігін атап өткен жөн.
Алматы қаласында "бір терезе" қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы жедел қызмет көрсету барысындағы алғашқы қадамдардың бірі. Бұл орталықтардың негізгі мақсаты - халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қызмет көрсетуді барынша жеделдету, бюрократиялық кедергілерді азайту. Алдағы уақытта жоғары технологияға негізделген осындай игі жаңалықтар қатары көбейе бермек.
Қала әкімі жанынан қала құрылысы жөніндегі кеңестің құрылуы қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын бағдарлап, қызметін үйлестіріп, сапасын қадағалап отыруға мол мүмкіндіктер ашты. Қала әкімінің Әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағына, тау баурайына алты қабаттан асатын үйлер салуға шектеу қойған шешімі қала экологиясы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған игі қадам болды.
170 километрден астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, 600-ден астам аула, 9 парк пен 67 гүлзар, 30 су бұрқақ ретке келтіріліп, реконструкцияланды.....
Рефераттар
Толық
0 0