Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірінің барлық салаларында түбірлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде де түбегейлі жаңарулар орын алуда. Демек, бүгінде Қазақстан КСРО кезіндегі бірыңғай және қатал мемлекеттік білім беру жүйесінен білім алудың плюралистік түріне өту үстінде. Яғни, елімізде білім беруді демократияландыру мен егемен мемлекеттің білім беру саясаты қалыптасуда. Білім беру саласын дамыту еліміздің тәуелсіздігі мен дербес мемлекеттігін нығайту жолындағы басты басымдықтардың бірі болып саналады. ....
Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Батысы – Еділдің төменгі ағысы,Каспий маңы мен Тұран ойпаты. Шығысы – Алтай таулары. Солтүстігі – Батыс Сібір жазығы. Оңтүстігі – Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі. Батыстан шығысқа дейін – 3000 км,солтүстіктен оңтүстікке дейін – 1600 км. Қазақстан жерінің ауданы – 2724,9 мың км².Жер шарының халық мекендеген құрлықтың бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы біздің еліміздің үлесіне тиеді.Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып табылады. Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады.Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын,Азияның 6,1%-ын құрайды. Еуразия материгінде Ресей,Үндістан,Қытайдан кейінгі төртінші орында,ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында тұрады.БҰҰ мүше 180 мемлекеттің ішінде – 9-орында. Республика жерінің шеткі нүктелері 55˚26΄-40˚56΄ с.е. және 45˚27΄-87˚18΄ ш.б. аралығында орналасқан.....
Сабақтың мақсаты: ертегілер арқылы тіл байлығын молайту. Білімділік:балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту . Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін , есту зейінін , қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Ірі және ұсақ моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру. Тәрбиелік:балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: дат,бұйымтай, ізет,бірлік,мейірім. Көрнекі құралдар:қуыршақ театры, теледидар, қақпа, магнитті тақта, тақырыпқа сай үлгілер. Керекті құрал-жабдықтар:ақ парақ, түрлі-түсті субояқ, жай қалам, желім, қызғылт түсті қағаз, сулық, допшалар, құм жәшігі.....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды. Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде нақыл сөздерді қолдана алады Кейбір оқушылар: нақыл сөздің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда, өз тұжырымдарын ұсына алады.....
Кененбай Молданұлы Қожабеков (3 ақпан 1928, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы — 3 қараша 1988, Алматы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисті (1972). Өмірбаяны Алматы театр училищесін бітірген (1950). 1950—1961 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті. 1958 жылдан бері "Қазақфильм" киностудиясының актері. 1960 жылдың 10 қаңтарында Балалар мен жасөспірімдер театрынан шығып келе жатқан кезінде Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жантөрин үшеуіне көше басбұзарлары шабуыл жасап, жұлынына әлденеше жерден пышақ салып, омыртқасын зақымдайды. Осы бір қарғыс атқан күнді актердің өзі «құлап түскен күнім» деген екен. Театрлық және кинематографиялық рөлдері ....
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің аясында, еліміздің барлық саласы түгелімен өзгеріп, рухани-әлеуметтік және саяси-экономикалық жүйесі қайта құрылу процесін атқару мүмкін болып тұр. Қоғамдық-саяси құрылыстың мәнін терең түсінуде, халқымыздың төл-тарихын, саяси-әлеуметтік жағдайын жете тану, ынтымақтыққа, бірлік пен елдікке бастайтын еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің саяси бағытын зерттеп, алға қойған мәселелерін, оның түйінді шешімдерін, халықтың саяси көзқарасын қалыптастырудағы мәнін ашу, оны қазіргі таңдағы қол жеткен тәуелсіздікке тигізген әсерін талдауға мүмкіндік береді. Ұлттық мемлекетіміздің қалыптасу тарихында орын алатын, ұлттың тәуелсіздігін қорғаған тұлғалардың есімі халықтың, тарихи санасында зерделенген. Елдің санасында сақталған орасан саяси оқиғаларды, халқының қамын ойлаған ірі саяси көсемдердің өмірі мен қызметі, тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін бүгінгі ұрпақ жадында десе болады. Ғасырлар бойы ел азаттығы үшін күрескен саяси тұлғаларды зерделеу, ғылыми тұрғыдан талдау және оның нәтижесін бүгінгі заманымыздың талабына сай сараптау арқылы, анықталған құндылықтарды насихаттауға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев “Алашқа айбын болған, азаттық ұғымының айдынын кеңейткен тұлғаларымызды ел саласына, тарихи беттеріне қайыра алып келген тәуелсіздікті осындай ұлтқа пана болар аруақтарымызды тірілтіп бергені үшін асқақтатуымыз керек емес пе?”[1, 355 б]-деп атап өткендей, мемлекет болашағына, ұлттың тағдырына қатысты саяси мәселелерді шешу нағыз лидерлердің қолынан ғана келеді. Бетегелі жерде берекелі елдің болуын, көршілес мемлекеттермен тереземіздің теңесуін, құтты жеріміздің тұтастығын сақтауға атсалысқан, соны армандаған Абылай ханның азаттықты аңсаған Қазақ мемлекетін қалыптастырудағы оның әрекеттерінің нәтижелерін жаңа заманда іске асырудың Қазақстандық үлгісін жасап, оны орнықтыруға үлкен үлес қосқан Н.Ә.Назарбаевтың саясатын салыстырмалы ғылыми тұрғыда зерттеу - қазіргі ұрпақтың ізгілікті борышы. Абылай хан мен Н.Ә.Назарбаевтың қазақ қоғамының дамуына қосқан саяси-әлеуметтік қызметтерін ғылыми тұрғыдан зерттеу, олардың тұлғалық қасиетін ашып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тарту, халық арасында насихаттау, құнды идеялық пікірлерін сараптауды зерттеу нысанасына айналдыру - бүгінгі саясаттану ғылымының даму бағыттарының мәнділігін құрайды. Абылай ханның азаттық пен тәуелсіздік жолындағы саяси қызметін, оның қазақ халқын саяси-әлеуметтік үрдіске бағыттаған әрекеттерін зерттеу арқылы, қоғамдық үрдістің саяси даму жолын түсінуге болады. Тәуелсіздіктің символына айналған Абылай ханды терең зертттеу, қазақ халқының ұлттық санасын оятудың негізгі факторы, болашақ ұрпақты Отанына деген ықыласын арттырып, патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды құбылыс болып табылады. Қазақ халқының табиғи болмысындағы бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздікке деген ұмтылыстары саясаттану ғылымы тұрғысынан сарапталуы тиіс. Сонымен қатар келешек ұрпақты Отанына деген елжандылық рухында тәрбиелеу, қоғам дамуындағы ілгерілеуіміздің мәнін ұрпаққа жеткізу мақсатын ұмытпауымыз қажет. Абылай ханның қоғамдық саяси қызметін шынайылық тұрғыдан келер ұрпаққа жеткізу мақсатында, терең зерттеу обьективті қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ халқының қоғамдасу тарихында, мемлекеттік құрылыстың құрылымдарын құру мен анықтауда талай хандар мен билердің үлесі зор болды. Алайда тұлға ретінде, ел басшысы ретінде де, ақылгөй-данышпан тұрғысынан да Абылай хан тұлғасы жан-жақты зерттеуді, саралауды қажет етеді. Әр қоғамның ерекшелігін түсінуде, онда болған саяси процестер мен қақтығыстардың алғышарттарын тауып шешуде саяси лидерлердің рөлі зор. Олардың қолданған саяси амалдары, саяси шешімдері арқылы қоғамға саяси талдау зерттеудің өзектілігін құрады. ....
Кешкі түгендеуден кейін рота командирі: «Ертең, яғни жексенбі күні театрға барамыз», –дей келіп рота старшинасына театрға баратын әр жауынгерден билетке қанша ақша алатынын айтып пысықтаған. Қойылым атауы «Куба, любовь моя!» екендігі оны сахналайтын Одаққа, тіпті әлемге белгілі Ленинградтың Опера және балет театры екенін еске салуды ұмытпаған.
Таңғы астан кейін театрға баруға әзірлік басталып кеткен еді. Әр жауынгер каптеркадағы парадтық киімдерін алып үтіктеп, түйме тағып, ақ жағасын ауыстырып, қарбалас үстінде. Қалтамдағы азғантай тиын- тебенім театрға билет алуға жетпейтінін байқаған мен кереуетімнің қасындағы тумбочканың жанында кітап оқып отырдым. Кенет аты-жөнімді атаған рота командирінің дауысын естіп, орнымнан апалақтап атып тұрдым. Ол маған: .....
Курстық жобасы. Курс жобасының міндеттері: “Жылу электр станцияларындағы турбиналық қондырғылар” пәні бойынша білімдерін тереңдету; Өздіктерінен техникалық құжаттардан анықтамалық және техникалық әдебиеттер пайдалана алуға, топтардың сызбасын оқуға, бу турбинасының толық конструкциясы элементінің эскизге құрауға, турбина бойынша қиын емес есептерді шығаруға үйрету болып табылады. Оқушыларды диплом жобасымен өздігінен жұмыс жасауға үйрету. 1.1 Курстық жұмыстың мінездемесі мен көлемі. Бу турбинасының курстық жұмысы мыналардан тұрады. 1. Түсініктеме жазбасынан, жылу есептелуі, мықтылыққа есептеулер, қажетті есептеу графиктері, кестелер, шығырдың қысқаша түсініктемесі және эскиздерін табуға болады. 2. Жобаланған турбинаның екі сызба парағынан: 1. 1-ші парағы, 1:5 масштабтағы турбинаның тігінен кеспесі. 2. 2-ші осы масштабтағы саптама қорабы бойынша турбинаның көлденең....
Өз ортасында беделі биік, қандай қадам жасаса да, нық сеніммен алға жүретін адам нағыз көшбасшы бола алады. Жауапкершілік, терең ой, батылдық, тапқырлық сынды қасиеттер жаңа заман көшбасшыларының бойында болуы тиіс. Қазіргі жастар,яғни XXI ғасырдың ұрпағы бұл қасиеттердің барлығына ие десем қате болмас. Олардың әрқайсысы ақылды, белсенді болып өсіп, болашаққа жаңа қадам жасайтын көшбасшылар. Мемлекетіміздегі, қоғамдағы салалар осындай жандардың арқасында дами түсіп, үлкен жетістіктерге жетуде. Олар әлемдік ареналарда Отанымыздың мәртебесін биікке көтеруде.......
1500 ж. — жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи). 1609ж. — алғашқы микроскоп жасалды (Г.Галилей). 1628ж. — қан айналудың ашылуы (В.Гарвей). 1651 ж. — “Барлық тіршілік — жұмыртқадан” — деген қағида қалыптасты (В.Гарвей). 1661ж. — капилляр ашылды (М.Мальпиги). 1665 ж. — тоз (пробка) ұлпасында клетканың құрылымы анықталды (Р.Гук). 1668 ж. — шыбын дернәсілінің жұмыртқадан дамитындығы тәжірибемен дәлелденді (Ф.Реди). 1674ж. — бактерия мен қарапайымдар ашылды (А.Левенгук). 1676ж. — пластидтер мен хроматофорлар ашылды (А.Левенгук). 1677ж. — алғаш рет адам сперматозоиды анықталды (А.Левенгук). 1688ж. — түрге жүйелік (систематикалық) бірлігі ретінде анықтама берілді (Д.Рей). 1727ж. — көмірқышқыл газы ашылды (Дж.Блэк). 1766ж. — өсімдіктердің ауамен дем алатындығы дәлелденді (С. Гейлс). 1753 ж. — организмдерді жүйелеудің принципі мен бинарлық номенклатурасы жасалды (К.Линней). 1754ж. — сутек ашылды (Г.Кавендиш). 1778ж. — өсімдіктерден оттек бөлінетіндігі анықталды(Дж.Пристли). 1779 ж. — жарық пен өсімдіктердің жасыл түсі арасындағы байланыс анықталды (Я.Ингенхауз). 1809 ж. — органикалық дүниенің алғашқы эволюциялық теориясы қалыптасты (Ж.Б.Ламарк). 1814 ж. — арпа сықпасының (экстракт) ферменттер көмегімен крахмалды қантқа айналдыратындығы анықталды(Г.Кирхгоф). 1823 ж. — бұршақ белгілерінің доминантты және рецессивті болатындығы анықталды (Т.Э.Найт). 1828 ж. — ұрық ұқсастығының заңы қалыптасты (К.Бэр). 1831 ж. — клетка ядросы ашылды (Р.Броун). 1839 ж. — клетка теориясы қалыптасты (Т.Шванн, М.Шлейден, Р.Вирхов). 1841 ж. — клетка протоплазмасы анықталды (Я.Пуркине). 1845 ж. — алғаш рет бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар (сірке қышқылы)синтезделді. 1853 ж. — сперматозоидтың жұмыртқа клеткасына енгені сипатталды (Ф.Кебер). 1859 ж. — “Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы” (Ч.Дарвин). 1862 ж. — крахмалдың фотосинтез нәтижесінде пайда болатындығы дәлелденді (Ю.Сакс). 1862 ж. — орталық жүйке жүйесінің тежелу құбылысы анықталды (И.Сеченов). 1864 ж. — биогенетикалық заң қалыптасты (Э.Геккель, Ф.Мюллер). 1865 ж. — тұқым қуалау заңдылықтары жарық көрді (Г.Мендель). 1868 ж. — нуклеин қышқылдары ашылды (Ф.Мишер). 1871 ж. — протеиндердің аминқышқылдарынан тұратындығы анықталды (Н.Любавин). 1871 ж. — қанттың спиртке айналуы ферменттердің көмегімен жүретіндігі дәлелденді (М.Манасеина....