Амнион сұйығы — қағанақтың ішкі бетіндегі эктодерма жасушалары бөлетін сұйық (қағанақ сүйығы). Амнион қуысындағы қағанақ сұйығы ұрықтың толық дамып өсуіне қолайлы жағдай тудыратын сулы орта. Ол ұрықты кеуіп қалудан, әртүрлі механикалық соққылардан сақтап, қорғаныс ортасының қызметін атқарады, ұрықтың қозғалуына қолайлы жағдай тудырады. Құрсақтағы шарана мен іштегі тел туардан бұрын, балапан жұмыртқаны тесіп шығар алдындағы соңғы күндері, олар қағанақ сұйығын жүтып қоректік зат ретінде пайдаланады. Оның қорытылмаған қалдығынан жаңа туған нәресте қағы мен жас телдер тоңғағы және балапанның бірінші саңырығы пайда болады. Қағанақ қуысының сұйыққа толуына сәйкес, ұрық ұрықтантыс мүшелермен тек кіндік арқылы ғана байланыста болады .....
Аксоқабықша (axolemma; гр. axon — білік; гр. lemma — қабықша) — нейроцит аксоны цитоплазмасының (аксоплазмасының) сыртқы плазмалық жарғағы. Аксоқабықша құрылысы жағынан биологиялық жарғақтарға жатады, яғни ол қалындығы 6-10 нм протеинді-билипидті қабықша .....
Мэйсон аузындағы мұзды түкіріп жіберіп, қиналып тұрған хайуанға қынжыла қарады да, иттің, табанын аузына апарып, тырнақ арасындағы түйір-түйір мұзды тісімен қытырлатып тағы уата бастады.
— Адам қызығарлық ат қойған осындай иттердің талайын-ақ көріп жүрмін, соның оңған біреуі болсайшы,— деді ол, аяғын мұздан арылтып болған соң итті итеріп жіберіп.— Бұлар осылай қақтығып жүріп-жүріп, ақыры бір күні өледі. Сен кәдімгі Касьяр, Сиваш немесе Хаски деген иттің қырсыққа киліктіргенін көрдің бе? Көрмеген боларсың! Мынау Шукумді алайықшы, ол...
Арс еткен аш төбеттің ақсиған тістері Мэйсонның алқымына қадала жаздап-ақ қалған еді.
— Әй, мынауыңа жол болсын?
Шыбыртқының сабымен құлақ шекеден періп жібергенде, ит қарға жалп ете түсті; дір-дір қаққан иттің тістерінен сары сілекейі тамшылады.
— Мынау Шукумге қарашы. Шукум әсте сыр беріп көрген емес сабаз. Ол аптаның ақырына дейін осы Карменді жейді, осыған бас тігем.
— Біз,— деді, Мэйлмют Кид отқа жібітіп отырған нанын айналдыра түсіп,— біз барып жеткенше сол Шукуміңді өзіміз қаужап қоярмыз деймін, мен осыған бәстесер едім. Сен бұған не дейсің, Руфь!
Индей әйел кофе тұнсын деп, шәйнекке бір түйір мұз тастады да Мэйлмют Кидтен көзін төңкеріп күйеуіне, онан иттерге қарады, бірақ тіл қатпады. Дау жүрмейтін жерге дәлел айтқысы келмеген тәрізді. Иә, бұларда өзге ылаж қалды ма? Алдарыңда елсіз-жолсыз 200 мильдей алыс сапар, қолдарындағы азығы небәрі алты күнге жетпек, ал ит азығы болса, ада болған.
Екі аңшы мен әйел үшеуі отқа жақындай отырып, тақыл-тұқыл тамақтарын жеуге кірісті. Сәске кезіндегі аз ғана кідіріс еді бұл, иттердің әбзелі ағытылмаған. Жегуімен жатқан иттер тамақтанып отырған кісілерден аш көзін алмай телміре қарайды.
Көктем! Айнала жұпар атып, тіршілік атаулы түлеп тұр. Ажарында мың арудың сыны бар, кеудесінде мың ақынның тұнып жатқан жыры бар, көмейінде сұлулықтың үні бар, көкірегінде табиғаттың таусылмайтын жан тебірентер күйі бар. Бұл — біздің көктем.
Бұлақ сылдырап ағады, бұлбұл тамсана, тамылжыта, үзілте ән салады. Ақ балтыр қайыңдар, тәкаппар, бойшаң теректер жапырағын жайып, самал желмен сыбдыр қағады. Далаға шықсаң, гүл исі, нұрын төккен күн иісі. Жер-ана өзінің апай төсіндегі алып анарымен Тіршілік атты перзентін емірене емізіп жатқандай. Бәрі мамырлап, бәрі балбырап, тамылжып тұр.
Көктем көркі осындай. Оны көрікті жырға да, күйге де сыйғыза аларсың ба! Бұл көрік қанша қарасаң да тойғызған ба! Тарих қартайып, замана жаңарған сайын ол тіршілікке деген ынтызарлықты, болашаққа деген үміт отын лаулата береді. .....
Бухгалтерлік есеп мамандығына ие болған әрбір азамат өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап, іскерлік қатынастар өрісіндегі маңызды мәселелер мен операцияларды шешуші тұлға болып саналатындығын білу керек. Ұйымдардағы қызмет атқарушы бухгалтелік ақпараттық технологияның жетілдіруіне, экономикалық үрдістің күннен күнге тұнық қалыптасуына үлкен рөл атқаратындығын білген жөн. Сауда мен комерцияның халықаралық сипатқа түсуіне байланысты осы заманғы бухгалтерлер өздерін отандық экономиканың дамуына үлес қосымшасын және әр түрлі іскерлік әрекетке қатысушы терең білімді кәсіби маманмын, сондай-ақ бухгалтерлік есептің өміршеңдігін жан-жақты жақсы түсінемін деп міндет қабылдауы қажет.Елімізде нарықтық қатынастардың қалыптаса бастауына қарай, бірлескен ұйымдардың,меншікті ұйымдардың, шағын ұйымдардың жалпы шаруашылық ұйымдары меніс-әрекет етушілердің саны жылдан-жылға көбейіп келеді.Мұның өзі заңдылық үрдіс және егемендік жағдайда біртіндеп өркендеп келе жатқан базарлы сауданың талабы. Өркениетті елдер қатарына қосылудың болашағын болжау нарықтық қатынастарды іске асырудың тиімді жолдарын белгілеу экономикалық үрдіске қатысушы тұлғалардың интелектуалды потенциалына тікелей байланысты.Өкінішке орай , елімізде бухгалтерлік есеп қызметін атқарушы мамандарымыздың көпшілігінің әлі де болмаса төмен және нарықтық қатынастар талабына сай емес. Көбіне бухгалтерлік қызмет атқарушы жауапты адамдар тек салық есебін жүргізу өрісіндегі кәсібін қорғап қана келеді. Көп сатылы мол мағынасы бар бүтіндей бухгалтерлік есеп жуйесі салық есебіне тәуелді сияқты .Дейтұрғанмен, заман талабына қарай бухгалтерлік есеп кәсібінің мағынасы біртіндеп жоғары кәсіби мамандыққа айналып, бұлардың алатын еңбек ақысы да көбейіп келеді.Қазіргі кезеңде еліміздегі бухгалтерлерді даярлау мен қайта даярлау төмендегідей төрт бағдарламадан тұрады .....
Еңбек рыногы ( жұмыс күшінің ) – капиталдар, тауарлар, құнды қағаздар және т.с.с. рыноктары сияқты, қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды және көп қырлы саласы. ХЕҰ сарапшылары жазғандай, «кәсіпкерлер мен еңбекшілер жалақыға және еңбек шарттарына қатысты ұжымдық немесе жеке келіссөздерді бірге жүргізеді». Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық . Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілеттің ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланылады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылық еңбекте пайдаланатын қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың жәнеде жақын болашақта жалданатын еңбек резервтеріне жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Демек еңбек рыногы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастарымен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қаблеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.. Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үщін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болуы қажет: - еңбек рыногының субъектілері (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсіподағы,жұмыс берушілер және олардың одақтары,мемлекет және оның органдары) - субъектілер қабылданған экономикалық бағдарламалар,шешімдер мен заң нормалары - рынок механизмі(жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс,оның бағасы,бәсекелестік) - жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер - рынок инфрақұрылымы Еңбек рыногының екі түрі бар: 1. Жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген,яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады.Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды. 2. Еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды. ....
Қазақстан Республикасы Конституциясында мемлекет жан-жақты қарастырылады. Конституцияның 1-бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". Қазақстан — демократиялық мемлекет. Қазақстанның демократия-лық мемлекет ретінде сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституцияның мазмұнынан және мемлекеттік органдардың қызметінен туындайды. Демократизм формальды түрде, яғни құқықтық нормаларда бекітілген болуы мүмкін. Демократизм формальды түрде ғана емес, нақтылы түрде де, яғни неше түрлі кепілдіктермен қамтамасыз етілген болуы да мүмкін. Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты конституциялық принциптерде анықталады. Мемлекеттің ұйымдастырылуының ең негізгі принциптерінің бірі — мемлекет басшысының, Парламент депутаттарының, жергілікті өкілетті органдардың сайланып қойылатындығы болып табылады. Мемлекет қызметінің басқа бір негізгі принципі — мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерінің демократшылық әдістермен шешілетіндігі. Атап айтқанда, референдум өткізілуі, Парламенттегі дауыс беру рәсімдері осыған жатады. Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы мынадан да көрінеді: Конституцня азаматтардың өкілетті органдарға жалпы алғанда халықтың мүдделерін, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жеке азаматтардың заңды мүдделерін білдіретін және сол мүдделерді қорғауға тілектес әрі соған қабілетті өз өкілдерін ұсынуға және сайлауға мүмкіндік туғызатын демократиялық нормаларды белгілейді ....
Тәуелсіздік – филосифиялық, психологиялық, саяси мәні зор, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар. Тәуелсіздік - бізге бостандық, азаттық, бейбітшілік, яғни бақыт силады. Тәуелсіздік бақытқа деген тура, ең жақын жол. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Біздің ата-әкелеріміз, апаларымыз бостандықты қанмен, термен алған. Сондықтан 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды. Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа жұмсады. Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды. Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті.....
1960 жылдары Микронезия аралдарында өзіне қол жұмсау дегенді ешкім білмейтін. Кейін едәуір түрде көбейе бастап, 1980 жылдары дүние жүзі бойынша алдыңғы орынға шықты. Кішкентай ғана аралдағы жастардан болмашы ғана себептерді желеу етіп өміріне қол салатындар көбейіп кетті. Мұның себебі ақпарат құралдарында жарық көрген бір оқиға болатын. Сима атты 17 жасар жеткіншек әкесімен ұрысып, үйден қуып жіберген әкесіне жауап ретінде асылып өледі. Бұл оқиға ақпарат құралдарының ықпалымен құлақтан құлаққа жетіп, Симаның өлімі тәкаппарлығына нұқсан тигенсымақ жастар арасында өзін көрсетудің ритуалы халіне айналды. Жастар арасында осындай мәндегі өлеңдер, көше дуалдарында, футболкаларда жазылған жазулар көбейіп жастардың санасында қалыпты құбылыстай орныға бастады... .....
Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.
Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнделікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. “Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң атышулы Машан бидің немересі.
Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.
Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсында оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады. ....