Баяғы заманда жылқы емін-еркін өз бетімен жүрген жабайы аң екен. Ешқандай айдау-қайыруды білмепті. Қысты күндері қары жұқа жазық даланы, шөбі қалың тоғайды, өзен бойындағы құрақты жерлерді, көл жағасындағы қалың қопаны мекендепті. Ал жазды күндері тауға шығып, шалғыны мол сай-салада жайылып жүріпті. Қалың қарағай арасындағы алқаптар мен құйқадай жон-жотаны шарлап, сол маңда жусапты.
Бір күні жылқы қатпар-қатпар тау арасындағы бір алқапқа барып, сондағы шүйгін шөпке, көгорай шалғынға малтыға көміліп, бейқам жайылып жүріпті. Өрісі кең, жайылымы......
Мен Қазақстан мемлекетінің Қызылорда қаласында туылдым. Қызылорда қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Қаламыздағы Ұлы Жібек жолы-әлем өркениеті тарихының аңызды жетістіктерінің бірі. Қызылорда -әдемі қала. Қызылордада Сырдария өзені бар. Қызылордада күріш өседі. Мұнай мен газ өндіріледі. Өзімнің Қызылорда қаласында туылғанымды мақтан етемін. Шуақты боп тұрсың сен. Қызылорда қалам менің,......
Менің ұстазымның аты Рсалиева Жанат Мұхамбетәлиқызы. Оны менің екінші анам деуге де, болады. Менің ұстазым білімді, сыпайы, сүйкімді, әдемі, мейірімді жан. Ол үздік мұғалімдердің бірі. Маған өзімнің ұстазым ұнайды. Мен Жанат апайымды ақылшым деп есептеймін......
1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.
Туған жер – адам өмірінде ең үлкен орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін қымбат жер Қызылөзен селосынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Сол кезде ол маған өте үлкен болып көрінетін . Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ теңіз жағасында серуендеп жүретін адамдар көп болатын.. Қазір үлкейдім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Батыр туса-ел ырысы Қобыланды батыр Оқу мақсаттары: 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді; Көпшілік оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтай алады, шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға береді, сөйлеу барысында көркем- бейнелі сөздерді қолданады, шығармашылық жұмысын түрлі формада ұсынады......
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің – «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар: • 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор). • 2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер). • 3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл). • 4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган). • 5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский жөне т.б.). • 6. Өркениет-мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. ....
Ғұндар туралы деректер 1. Ғұндар туралы деректер, 2. Ғұндар қоғамының дамуы. Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б.....