«Отан оттан да ыстық» демекші мен өз елімді қатты жақсы көремін. Менің Отаным, менің елім, менің жерім ол – Қазақстан. Қазақстан елі өте тату өмір сүреді. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері бар. Оларды айта кетсек өзбек, орыс, татар, кәріс тағы басқада ұлт өкілдері. Менің отанымда......
Анемия деп қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын мөлшнрі азаюын айтады. Кейде эритроциттердің саны азаймауы мүмкін (теміртапшылықты анемия,талассемия).
Анемияның себептері: әртүрлі дерттер мен уланулар, қан өндірілуге қажетті заттардың жеткіліксіздігі, сүйек кемігінің гипоплазиясы, эритроциттердің гемолизі, қанкетулер анемия дамуына әкелуі мүмкін.
Анемия кезінде қанның тыныстық қызметінің бұзылуы нәтижесінде оттегінің жеткіліксіздігі дамиды, алқыну, жүрек қағы байқалады. Анемия үдеуінен ауыр гипоксия дамуы өлімнің себебі болады. .....
О баста түлкінің құйрығы жоқ екен. Қасқыр мен түлкі араз болыпты. Қасқыр қайда барса да түлкінің ізін аңдып, соңынан қалмайды, ұстап алып талап, жей беріпті. Ізін жасыра алмаған түлкі ауыр азап шегіпті. Бір қасқыр тағы да аңдып, түлкінің ізіне түсіпті. Түлкі қашып барып, ініне тығылады. Сол кезде қасқыр да жетіп, түлкі інінің аузын тырмалап, қаза бастапты. Осындай қауіпті алдын ала ойлаған түлкі ініне екі ауыз жасаған екен. Әлгі қасқыр іннің бір аузын қазып жатқанда, түлкі екінші аузынан байқатпай сыртқа шығып кетіпті.......
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары- майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Ғаламтордағы мәлімметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы ал,андардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағының өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді. Отанымызды қорғауға еңбектенген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Осы соғысқа анамның атасы, менің атам да қатысқан екен. Ол кісі 1943 жылы шақырылыпты. Олар Петропавл қаласынан таң ата батысқа қарай алып жөнеліпті. Эшелон тоқтаған әрбір станция бұларға жергілікіті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін көрсетіп отырған. Межелі жерге жеткен кезде атамдар бірден ұрысқа кіріскен. Ұлы атам қан майданда отыз жеті ай болыпты. Өйткені, атам елге соғыс біте сала оралмапты. Біз мұны атамның соғыс кезіндегі жазған күнделігінен оқыдық. Күнделік атамның қызында сақталған екен. Мен атаммен мақтанамын! Менің үлкен атам –Құрмансейіт соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге соғысқа аттанған екен........
Ы.Алтынсарин шығармаларында жасөспірімдерді адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Адамның адамгершілік қасиеттерінің дамып жетілуі өмір бойына созылатын процесс болғанымен, адам бойындағы моральдық қасиеттердің негізгі сипаттары балалық кезеңде жинақталады. «Тәлім-тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі.......
Менің отбасым. Отан отбасыдан басталады деп бекер айтпаса керек. Отанның бір кішкентай бөлшегі ол отбасы. Әр бір адамның өз отбасысы бар. Сол сияқты менің өз отбасым бар. Менің жанұям, жақындарым мен үшін аса қымбат адамдар. Біз бір-бірімзге әрдайым қолдап, қол ұшын беріп......
Өткен 2003 жылы Қазақстан территориясында көктем-жаз ауа райының құрғақтылығына байланысты ормандардың жану салдарынан 8 млн 842 мың тенге шығын түскен. От жалынына 5195 га жер баулыса, оның 2748 га орман алып отыр. Қазақстан территориясында орман алқаптарының көп еместігін ескерсек, республикаға бұл біршама шығын түсірді. Болған өрттердің мәліметтерін жинақтасақ, көп жағдайда ауа райының салдарынан өрт болғанын және өртті сөндіруге қарсы дайындықтың жоқтығы не әлсіздігі, оны алдын ала ескеру жұмыстарының нашар жүргізілуі және жанар-май жоқтығы көзге түсті. Қаржының жеткілікті түрде бөлінбеудің салдарынын өрт сөндіру техникасы навшар жағдайда, орман шаруашылығындағы құралдар мен қосалқы бөлшектер соңғы 5 жылда алмастырылмаған, авиациялық қадағалаудың жоқтығынан уақытылы өртті байқау мен Тақырыптың мақсаты. Орман ресурстарын сипаттау Орман ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету Қазақстан мен шетел орман алқабын белгілеу және салыстыру Ормандардың экологиялық маңызы Ормандардың көміртегіне қатысты кызметі. Ормандардың ауа тазартудагы қызметі. Антропогенді қысым жағдайында ормандардын турактылығын сақтау мәселесіне назар аудару Ормандарға рекреациялык қысымнын әсері Тақырыптың зерттелу деңгейі Қазіргі таңда бұл тақырып зерттеуді талап етеді. Қазақстан Республикасында орман қорының азаюыына байланысты оны қорғау мен тиімді пайдалану жолдарын белгілеп, оны жүзеге асыруды қолғау алу керек, сол себепті бұл тақырып жан-жақты зерттелуі аса маңызды. Методологиялық негіз Бұл тақырыпты орындау барысында мына әдістер қолданылды: - зерттеу - талдау - салыстыру Жұмыстың құрылымы Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....