Жұмбақтар жауабымен: Құстар

Тал басында түндіксіз отау.
Ұя

Құрықсыз тұлпар ұстадым,
Кеште құр-құрлап.
Кеште тауықты ұясына қамау

Қырық қылыш, найзалы қай жануар,
Асынған және он екі қанжары бар.
Көңіл жер мен көктің арасында,
Жігіттер, мұны байқап аңғарыңдар.
Болады бұған әуес көп адамзат,
Шежіре көкірегі жазылған хат.
Қолына шынжыр арқан ұстап жүріп,
Астына мініп отыр алтыннан тақ.
Басында құрулы тұр алтын шатыр,
Ғайыптан қызығы бар бұл бір батыр.
Барғанын тіпті аман жібермейді,
Адамзатсыз болмайды әуел ақыр.
Бүркіт, қырық қылыш-жиырмадан екі қанаты, он екі қанжар-он екі тал ұзын құйрығы, сегіз найза- тұяқтары, шынжыр арқан-аяқ бауы, алтыннан тақ-тұғыры, алтын шатыр-томағасы
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Баймырзаұлы Балуан Шолақ

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат .....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Сарыарқаның інжу- маржаны – Жезқазған қаласы

Жезқазған қаласы— Қарағанды облысының ірі шаһарларының бірі. Қаланың іргесі 1954 жылы қаланды. Кеңгір өзені жағасындағы Кеңгір ауылының орнында тұрғызылды.Үш мыңнан астам ғана халқы болған. Кейін Кеңгір су қоймасына жақын маңнан үлкен қаланың құрылысы жүре бастайды. Белгілі өлкетанушы С. Бүкіров: «...Жезқазғанның арғы аты – Ақжал. Кенді үңгірдің бірін қазғанда самородок сары мыс, жез көптеп табылыпты. Содан жергілікті халық өз тіліне аударып, «Жезқазған» атаса керек», – дейді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік Ел- Мәңгілік тіл

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың
тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы ете білгеніміз жөн.
Н.Ә.Назарбаев
Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы.Ол атадан балаға мұра болып қалған баға жетпес мұра.
Менің ана тілім шексіз бай өте көркем тіл.Қандай ақын,жазушы болса да өз ана тілін жырлауға тиісті.Сол сияқты менде өз ана тілім туралы тебірене ой толғасам деймін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының түрлері

Жұмыс сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерін, жұмыс жүйесін айқындау негізінде жазылды.Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты қоғамның талаптарымен тікелей байланысты екендігі, жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы тұлға екендігін көрсету – жұмыстың негізгі мақсаты.Сонымен бірге оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп, оқушының қоғамдық өмірдің кейбір түзетулер жасаушы тұлғаны таныту.
Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы адам сынып жетекшісі екендігін айқындау.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің , қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті және тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс – тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім , іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Менің отбасым

Менің отбасымда сегіз адам бар. Олар: апам, әкем, анам, екі ағам, екі інім және өзім. Апамның аты – Кулзипа, әкемнің аты - Ғабит, анамның аты - Жанна, бірінші ағамның аты - Темурхан, екінші ағамың аты - Данияр, бірінші інімнің аты – Әлиасқар, екінші інімнің аты – Әлібек және өзімнің......
Шығармалар
Толық
0 0