Пән: Қазақ тілі (Т2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта Сабақ тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.4.1 мәтін мазмұны немесе иллюстрация/ постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған мұғалімнің көмегімен жауап береді. Көптеген оқушылар: мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді. Кейбір оқушылар: мәтін мазмұны бойынша күрделі сұрақтар құрастырады және оған еркін, толық жауап береді....
Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы – қалың шілік, ана жағы – қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді. — Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! – деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың – ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын.......
Әйгілі америкалық боксшы Флойд кіші Мейвезердің (49-0, 26 КО) пікірі бойынша мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) шаршы алаңда қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) еш қиындықсыз жеңе алады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Өзімнің шығармамды тарихта қалған 1986 жылы желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы жазғым келді. Мойынқұм өңірінде, Бірлік селосында шопан отбасында дүниеге келген.
Президент болу дейсізбе? Алаштың ер азаматтары тұрғанда қыз басыммен не айтарымды да білмей тұрмын, дегенмен де өз пікірімді қосайын. Президент болу әрине оңай емес, ол үшін адамның бойында үлкен тіпті дара ойлар мен мақсаттар, табандылық пен шыдамдылық, сарқылмас білім керек. Қиялға біраз еріп көрейін: Мен егер президент болсам ең бірінші жастардың дұрыс қалыптасуына ықпал етер едім, өйткені елдің болашағы жастар. Сапалы да саналы жас жеткіншектерден үлкен тұлға қалыптастыруға көп көңіл берер ем. Неге? Өйткені біз тек қана бүгін бармыз, ал жастар келер ұрпақ, олар біздің ізімізді жалғастырушылар. Ата бабамыздан қалған үлкен асыл байлығымыз. Тәуелсіздігімізді сақтау үшін бізге мықты, саналы, сауатты адамдар керек.......
Үйде Кәрім, Жомарт, Жәлен үшеуі. Кәрім шынтақтап жатыр. Жомарт шалқасынан жатыр. Босаға жақта бөрікті бұқтырта киіп Жәлен отыр.
Бірінші көрініс
Кәрім (шымылдық ашылған соң, біраздан кейін Жомартқа қарап). Бай-бай... Шалқуың-ай! Жартыбайдың үйіне Дүйсенбай болыс келгенде тап осылай жататын...
Жомарт (күлімсіреп басын көтеріп). Дүние кезек: бір кезде болыс шалқайса, енді мен шалқаймаймын ба?.. (Жәленге қарап.) Осыған кейігеннен жатырмын.
Кәрім (кейіп). Әй, енді бұ да шала өлтіріп отыр. Апырм-ау, адам деген айтқанды істеп шыға алмас болар ма? Кеше ауылдан шыққалы қақсадым: «Үлкендеу әйелдер, бойжеткен қыздар келсе ұшып тұрып, иба ғып сызыла ғой» деп... Мелшиіп отырады да алады... Түйедей-түйедей қыздар келіп жатыр, солармен ілесіп сөйлесіп, адам деген бір жасап қалмас па? Сомпиып күйеу отырған соң, олар қайтсін, кетеді де қалады... Әлгіде Үкібас үйіндегі құдағи келді: осы ауылдағы әйелдің ішіндегі тілдісі, адуыны сол. Сондай адамдарға сөзге мерт қылу деген өлім ғой... Ол кіріп келгенде, мынау мелшиіп отырып алып еді, әзілі аралас бірталай сөз айтып, шаңымызды аспаннан келтірді.