Баяндама: Тілді мәтін арқылы меңгерту

Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігі әр адамның
жеке басы қасиеті мен қабілетінің даралығын танытатын белгі екені
мәлім. Лингвистер тілді өз алдына жеке емес, керісінше адам
әрекетінің бір түрі ретінде қарастырады. «Тіл – тұйықталған
әрекет актісі және оның.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі.
Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
Қазіргі таңда, әсіресе, жалпы білім беру саласының дамуында жағымды өзгерістер мен оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, кәсіби мамандардың қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасқа қалай түсетіні жайлы терең үңіле бермейді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің негізі тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту мәселесі болып отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз

Қаншама ауыр кезеңдерді бастан өткерген Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр... Алғаш Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібек бабаларымыз екені бәрімізге аян. Шу мен Таласқа дейінгі алқапты иелік етіп, Қозыбасыда ту тігіп, ең алғаш ханымызды да сол жерде ақ киізге отырғыздық. Жауларымыз сескенетіндей ел болдық. Кейін Әбілқайыр ханның бастауымен Ресей боданына айналдық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Байлық, баршылық, тоқтық, кедейлік

Денсаулық — зор байлық.

Ай бетінде де дақ бар.

Құзғын ас таңдамайды.

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Алтынды тот баспайды.

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Қарыз қатынас бұзады.

Тіленшіге жел қарсы.

Базар – бай, алушы – кедей.

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Жоққа жүйрік жетпейді.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бір уыс топыраққа тояды.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Туған өлке гүлдері Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Туған өлке гүлдері. Тұманбай Молдағалиев Гүлдер.
Оқу мақсаты: 3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар өлеңді түсініп оқи алады;
Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;
Кейбір оқушылар: шығармадағы теңеу сөздерді табады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0