Шығарма: Біз- әлем балаларымыз

Ана- алтын тамырымыз,
Бала- балғын бақытымыз.
Балалар... Не деген керемет ұғым, керемет атау! Бала дегеніміз- балғын бақытымыз.Болашақтың тірегі де осы балалар. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, елдің ел болып қалыптасып дамуы осы ұрпақтарға, балаларға байланысты. Сол себепті,баланы бақытқа теңеп, Ғалым Әріпов сияқты ұлы тұлғаларымыздың айшықтауы бекерден-бекер емес-ті. Біздер- асау ұғым бақытқа теңдес болсақ, онда болашақ біздің қолымызда екендігі ғой.
Біз - әлем балаларымыз. Осы әлемнің бір бөлшегі іспеттеспіз. Қандай керемет?! Мынау бір шексіз әлемнің тірегіміз. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері

КІРІСПЕ
Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.
Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сергіту сәттері

1. Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір торып,
Біз бір дем алайық.

2. Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды.
Бұлт шатырлады.
Күн ашылды.
Жел басылды.

3. Ұшты - ұшты құлын ұшты.
Ұшты - ұшты мұрын ұшты.
Ұшты - ұшты кептер ұшты.
Ұшты - ұшты дәптер ұшты.
Ұшты - ұшты қарға ұшты.
Ұшты - ұшты арба ұшты. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Абайдың поэмалары туралы

Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".

Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.

Тегінде, Абай бірнеше өлендерінде поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізденетін. Сонда Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ, сары ала қызды жырлағам жоқ деп бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тындар едіңдеп, оқушыны шеней түсетін. Жәй бос уақыт өткізетін қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тындар едің дейтұғын.

Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған, үш поэманы жазғанын көреміз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Арынды арқан

«Арынды арқан» ойынына қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойын кең жазық алаңда, көгалды жерде ойнала береді. Ойын жүргізу үшін 2—3 не 4 метрдей арқан керек. Ойнаушылар кең жазық алаңға келіп жиналған соң араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлап алады. Сонан соң ойын жүргізуші қолына арқанды алып, жиылған топтың ортасына келіп тұрады да, «Ойынды бастадым,» — деп дауыстайды. Содан соң ол арқанның түйілген басынан ұстап, шеңбер бойымен ортада тұрған ойыншыларды орай айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан жібере береді. Кімде-кім еекіріп арқанды жібере алмай қалса, не басып кетсе, онда жаза тартады, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ойын жалғаса береді.

Ойынның екінші түрінде секіре алмай, арқанды ұстап қалған ойнаушылар ойыннан шығып отырады, сөйтіп бір ойыншы қалғанша арқанды айналдыра береді. Осылайша қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.

Келесі үшінші түрін де топқа бөлініп ойнауға болады. Онда да арқанды ұстап қалған ойыншылар ойыннан шығып отырады да, қай топтың ойыншылары бұрын шықса, сол топ ұтылған болып есептеледі. Бұл ойын жастарды жылдам қимылдауға: тез шешім қабылдауға үйретеді .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Өлең: Жұбату (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Шудасы бүтін түйе жоқ,
Кекілі бүтін бие жоқ.
Жанып бітпес көмір жоқ,
Жабырқамас көңіл жоқ.
Батпайтын күн жоқ,
Атпайтын таң жоқ.
Отырсаң ойлап, әлемде
Өлмейтін жан жоқ.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Баяндама: Ізденімпаз ұрпақты ғылыми жобаға баулу – ұстаздың құзыреттілік тәсілі

Жаңашылдық іс-әрекеттер қазіргі таңда мұғалімдер арасында кең өріс
алуда. Атап айтар болсақ, оқушылар мен студенттерді зерттеу іс әрекетіне
баулу. Білімге деген қызығушылық, бақылауға тырысушылық, тәжірибе
жасауға дайын болу, бүкіл әлем туралы жан-жақты мәлімет жинауға
талпынушылық қасиеттер бүгінгі......
Баяндамалар
Толық
0 0