Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Жас отауда бақыт таңы атқан күн


Жас отауда бақыт таңы атқан күн
(Жас жұбайларға тілек)




Құрметті Жас жұбайлар!


Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!

Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл төрлеріңіздің кеңдігіндей керегелеріңіз керілсін, мақсаттарыңыздың нық көрінісіндей болып уықтарыңыз шаншылсын, сол отаудың үзігі бір-бірлеріңізге деген жан жылуындай жылы да берекелі болсын, түңліктеріңізден құйылған нұр риясыз күлкілеріңіздің көрінісіндей сәулесін төксін! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Волховта болдым орманын көрдім


Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» дегендей, жарықтық Жәкемнің, Жамбыл ақынның арқасында былтыр біраз жердің дәмін таттық.

Сәті түсіп, мен Санкт-Петербург бағытына баратын топқа қосылдым.

Жамбыл ақынның жүз елу жылдығын Санкт-Петербург аса ' бір құрметпен атап өтті. «Ленинградтық өрендерім» деген үн Балтық жағалауын тағы бір жаңғырықтырып жіберді.

Жалғыз Санкт-Петербург емес, оның жан - жағын да араладық. Бір жағы — Выборг, бір жағы — Волхов.

Волхов дегенде есіме екі адам сарт етіп түсе кетті. Біреуі — өзіміздің Жуалының Мыңбұлағындағы Шолақ Сияқұл, екіншісі — исі қазақтың бәрі білетін Сырбай ақын.

Оқтай түзу асфальт жол. Қос қапталда — ойдым-ойдым орман. Солтүстіктің нар қарағайлары мен ақ қайындары сыңсып тұр.

Ешқашан ештеңе болмағандай мүлгиді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Математика физика және информатика пәндер апталығының анықтамасы


Алматы облысы, Іле ауданы, «№12 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткен
«Математика, физика және информатика» пәндер апталығының анықтамасы

21 қараша мен 26 қараша аралығында мектепте 5-11 сыныптар арасында "Математика, физика және информатика" пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. Ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, кештер өз деңгейінде өтті. Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні «МИФ әлеміне саяхат» деген тақырыпта апталықтың ашылуы өткізілді. Пән болып киінген оқушылар шығып тақпақтар оқыды, математикалық ертегіден көрініс көрсетті. Кеш өте қызықты өтті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Мен Қазақпын!

Қазақ халқы -ежелден еркіндік аңсаған халық. Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз еркіндік пен азаттық жолында талай асудан асты. Түркі халқының ата-бабалары, яғни сақтар, ғұндар өз жері мен елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін сыртқы жаумен күрескен Томирис, Зарина сынды сақ патшалары өздері мекендеген жерді көздің қарашығындай сақтап, ата-бабаларынан қалған ұлан-ғайыр жерді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Сондықтан да біздің арғы түп ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді қорғау біздің басты міндетіміз болуы тиіс.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Астана


Астанам – «Бас қалам»!

Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы.
Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.

«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Темір жол | Телімдік станция транзитті өңдеу және транзитті өңдеусіз пойыздарды қабылдап-жөнелту тәртібімен және өңдеу

Кіріспе
Темір жол біздің елімізде көліктің басты түрі, мемелекетке деген маңызы зор. Халқаралық байланыстың дамуына, және халықтың ,мәдениеттің, жоғарлауына халықттың өзара қатынасын кеңейтуге әсер етті. Темір жол әр түрілі инжнерлік құрылғылармен техниканың құралдармен жабдықталған ең негізгісі темір жол жылжымалы құрамды локомативті вагондар шаруашылығымен құрылыс, және құрылғы сигналдар электір жабдықтарына байлансты, станция тораптары.
Темір жол Қазақстандағы жүк тасымалы негізгі көлік түрі болып табылады. Қазақстан жерінде тұңғыш темір жол магисралі 1894-1896 жылдары 25 қазанда Пакров Соловасы, қаласы. Орал тар табанды темір жолы телімдерінің құрылысы аяқталғанан кейін ашылды.Осы жолдың 130 шақырымы кәзіргі қазақ даласын басып өтті. Арада 4 жыл өткенен кейін Орал Астырахан тар табанды темір жолы іске қосылды, мұның 77мың км шақырымы кәзіргі қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстаның дамуы үшін,1891-1896 жылдары салынған транссібір магисралі дәлірек айтқанда ,оның қазақстандық 190 шақырымы маңзы зор болды. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінде 1600 шақырымдық аумағын алған , Орта Азиямен Ресейдің ортасын қосатын Орынбор Тәшкент тар табанды темір жолы салынды. 1914-1917 жылдары болашақ түріксі-бір бір бөлігі Жетісу бөлігнде Арыс-Ташкент телімі салынды.1915 жыл Челенский Қостанай Қазақстан арқылы 166 км магисралы салынды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0