Реферат: Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту

Тыныс алу мүшелері организімді оттегімен қамтамасызетуге және одан көмір қышқыл газды шығару қызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16-дан 40-қа дейін өзгеріп отырады, бұл адамның жасына, жынысына, дене құрлысына байланысты. Дене қызуы көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жилігін артырады.
Тыныс алу жилігін сырқатқа байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен сырқат білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай (санағандай) болады, ал екінші қолын сырқат көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты, белгілі бір тереңдікте болуы тиіс.
Тыныс алу орталығының функциясы зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді. Ауыр жағдайларда Чайн –Стокс, Биота және Куссмауль типтес патологиялық тыныс пайда болады. Чайн –Стокс тынысы-дем алу қимылдарының оқтын –оқтындылығымен сипатталады, дем алу қимылдарының арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады. Биота тынысы қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутке дейін созылатын ұзақ үзілістермен сипатталып отырады. Куссмауль тынысы қалыпты сирек тыныс алу
Тыныс алу органдары ауруларының жалпы сипаттамасы
Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ал дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады.Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - қорғаныш- физиологиялық икемделу,оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмір қышқылының артығын шығарады.Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ал тыныс алу жилігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай –ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға болады
Ентікпенің екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық.
Инспираторлық ентікпе узақ дем алумен сипатталады және ол дауыс саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлық ентікпе (қиналып дем алу) ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңлауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады.
Сырқат ентігі бастаған кезде мейіркеш ол жөнінде дереу дәрігерге хабарлауы және оның тыныс алуын жеңілдету үшін шұғыл шаралар қолдануы қажет: оның басын көтеріпнемесе жауырынынабірнеше жастық қойып, әйтпесе арнайы кереуеттің жоғарғы жағын көтеріп тастап қысып тұрған киімдерін ағытып шешуі, терезені немесе әйнекті ашыпкөбірек таза ауа келуінқамтамасыз етіп, сондай –ақ сырқаттқа оттегі жастығын жіберу тиіс. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Арман Сәбитбекұлы (ІҢКӘР СЕЗІМ)

Жанымды жалын сезім жандырғасын,
Іңкәрлік өзегімді талдырғасын,
Ғашықтық әнін жаздым өзің жайлы,
Көркіңе көз тоймайтын талдырмашым.

Бақыты бал махаббат сағыну ма,
Суретін сөзбен салып....
Өлеңдер
Толық
0 0

Назарбаеваның сенаттан кетуінің себебі неде – саясаттанушылар пікір білдірді

Президент жарлығымен сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігінің тоқтатылуы қазақстандықтар үшін күтпеген жаңалық болды

"Қазақстан парламенті сенатының бұрынғы спикері Дариға Назарбаеваның төңірегіндегі жағдай ерекше сипатқа ие. Оны мәслихат сайлаған жоқ, ол сенат депутаттығына тағайындалған еді, бұл аяқталмаған билік транзиті жағдайында белгілі бір деңгейде оның осалдығы болды. 2016 жылы әкесі президенттігі кезінде тағайындаған Дариға Назарбаева заң бойынша 6 жыл сенатта отыра алады (2021 жылға дейін)", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында "Альтернатива" зерттеу орталығының директоры Андрей Чеботарев......
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ҚЫСҚЫ ТҮН)

Төңіректі ұйқы басқан тым – тырыс ,
Құшағына кеткен еніп түн – тыныс .
Жайып тастап ақ мамығын бұлт деген
Көрінбейді жұлдыз толған құбылыс .

Бұлт тізбегі жолға шыққан керуен ,
Түн қызығы қандай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жұбан Молдағалиев

Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жылы туған, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылы) — қазақ ақыны, жауынгер,Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Мен - қазақпын
3 Жұбан Молдағалиев шығармашылығы
4 Сыртқы сілтемелер
5 Дереккөздер
Өмірбаяны

Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.
Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет іетеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен .....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Димаш Құдайберген (24 мамыр 1994 жыл)

Димаш Құдайберген (Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген, 24 мамыр 1994 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.

Отбасы
Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат Айтбаев және Светлана Айтбаева. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев - облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыка адамдары. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

Димаш Құдайберген 24 мамыр 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген. Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” Республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0