Ертегі: Адам өмірі

Дүние түгел жаралып болғаннан кейін, жер бетін алғаш мекендеушілерге өмір сүру мерзімі үлестіріле бастапты. Бұл хабарды естіген адам өмір сүру мерзімі үлестірілетін жерге басқалардан бұрынырақ барған екен, өмір сүру үлесін үлестірушілер:
– Адам, – депті, мән-жайды түсіндіріп, – жер бетін мекендеушілердің ішінде сенің сипатың бөлекше, бәрінен артықсың. Сен сөйлей аласың, төрт мүшең түгел өз қажетіңе жұмыс істейді, ойлай да аласың, ақылың да мол. Басқа жануарлардың бәрі сенен көш төмен, олардың бәрі сенің мұқтажыңды өтейді. Кейбіреуі ашсаң, алақаныңда, жұмсаң, жұдырығыңда болады. Бәріне сенің үкімің жүреді. Сай-сала мен қыр-қыраттағы жеміс-жидек, ағаштың мәуесі, телегей теңіз, арынды өзен, шалқар көл, асқар таулар – бәрін сен өзіңнің қажетіңе жаратасың. Сөйтіп, қам-қайғысыз өмір кешесің. Сондықтан жер......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ТҮРКIЛЕРДIҢ ИСЛАМ ТАРИХЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТIНДЕГI ЕРЕКШЕ ОРНЫ

Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661-750), Аббаси (751-1258), Селжүк (1040-1157), Осман (1299-1922) патшалықтары сықылды әлемдiк мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байқалмайды. Әуелi, ғайримұслимдерді мұсылмандандыру туралы қажеттiлiк һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркiндiк берiлген. Ислам билiгiндегi жөһит, несториан, православ .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Байғыз

Бұрынғы өткен заманда бір жалмауыз патша болыпты. Ол ұшқан құсты ұстап алып, шетінен жей береді екен. Құстардың көбін тұмсығын тесіп, жіпке тізіп тастайды. Сөйтіп, көктегі құстың бәрін аулап, ұстап бітіріпті. Тек байғыз ғана жалмауыз патшаның қолына түспей қойыпты.
Жалмауыз патша байғызды қалай қолға түсірсем екен деп, қиял шегіпті. Сұңқарды жұмсағысы келген екен, от шашқан көзін көріп, айнып қалыпты. Сонда «Мұны жіберуге болмайды, ұстап алады да жасырып қояды, – деп, ойлайды......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов | Қартқожа


Елі үшін күйген,
Еңбекті сүйген,
Ізгі тілекті,
Ер жүректі,
Жұртшылық көсемі
Жалынды жастарға арнаймын.

Жазушы

БІРІНШІ БӨЛІМ

ОҚУ

Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек: Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйіңде жиырмаға тарта баланы алқа қотан отырғызып, Мәжит қожаның азан-қазан қып оқытып жататыны. О кез Мекалайдың аузынан жалын шығып тұрған шағы еді. Ал, бұ күнде Мекалайдың жалыны түгіл, әуелі қабірін таба алар ма екенсің. Бұ күнде ондағы ызбарын төгіп отыратын Мәжекең де, бет-аузы ақпандағы алабас бураша сорағытып, ақ сабауға қош айтысып, қыжырайып, төсегінде жатыр. Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз...

Әйтеуір бесті айғырдан да шақар оқытады. Қожасы бар болсын, оның басын ауыртқалы отырғам жоқ, әшейін аузыма түсіп жатыр. Со кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта — астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Со баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай ондап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа. Жас балаға лайық ат емес қой.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Географиялық номенклатура (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Картография және географиялық деректер базасы
Сабақ тақырыбы: Географиялық номенклатура
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.2.1.3 географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді
Сабақ мақсаттары: Географиялық нысандарды топтастырып, кескін картада көрсете алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Ұлттық мәдениет Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар

Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, "этнопсихология" рухтың не белгіш бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.
Халық туралы және қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мәдениеттануға тікелей қатысы бар. Ұлттық мәдениеттің тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы, қоғамдық саяси-жағдайларға және т.б. тікелей байланысты екендігін дәлелдеп жатудың кажеті бола қоймас, өйткені мың өліп, мың тірілтен қазақ халқының өткен тарихы сөзімізге нақты дәлел бола алады. "Азшылық" халықтардың немесе тұтастай өркениеттердің құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен шектен тыс қанаушылықпен, табиғат апаттармен, эпидемиялармен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және т.б. тығыз байланысты болды.
XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және "мәдениет" мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. "мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Мұқасан Шахзадаев Досмұратұлы (1972 жылы 1 қаңтар)

Мұқасан Досмұратұлы Шахзадаев (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).

Мұқасан Досмұратұлы 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойыл ауылында дүниеге келген.
Әкесі - Досмұрат Шахзадаев.
1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген.
1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін бітірген.
1990 жылдан "Нұр - Мұқасан" дуэтін құрып, сол топта осы уақытқа дейін өнер көрсетіп келеді.
1993 - 1999 жылдары Бауыржан Ибрагимовтің ашқан "Бауыржан - шоу әзіл-сқақ театры"ның әрітісі болды....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Ертегі: Алёнушканың ертегілері

Ерте, ерте, ертеде...

Алёнушканың (автордың қызы – ауд.) бір көзі ұйқыда, ал екіншісі ояу;

Алёнушканың бір құлағы ұйқыда, ал екіншісі тыңдап жатыр.

Ұйықтай ғой, Алёнушка, балапаным, әкең саған ертегі айтып береді.

Бәрі осында сияқты ғой: сібір мысығы Васька, сабалақ төбет Постойко, қап тесер Сұр Тышқан, пеш түбіндегі Қара Шегіртке, тордағы Ала Торғай және сотқар Әтеш.

Ұйықтай ғой, Алёнушка, қазір ертегі басталады. Әне, терезеде......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Перизат

Теңіздің беті шашыратқының гүліндей көкпеңбек, таза шыныдай мөп-мөлдір. Ал тереңдігінде есеп жоқ. Тереңдігі сонша, оның түбіне ешбір зәкір жетпек емес. Мұның тереңдігін өлшеу үшін қабат-қабат зәулім мұнаралардың бірнешеуін біріне-бірін жалғауға тура келер еді. Міне, сол тұңғиықта су перілері өмір сүреді.

Теңіз түбі тұлдырсыз ақ құмдақ екен – деп ойлап қалмаңдар. Жо-жоқ. Оның түбінде судың сәл ғана қимылынан тірі жанша ......
Ертегілер
Толық
0 0