Әңгіме: Асқар Алтай | Кержақтың монологы

Ол іштен тынғалы қашан? Ішіне қан қатқалы қашан?!

...Трау–трау... трау–трау... трау...

Таспиықтың тарғыл тасындай тізілген тырналар легі тыраулаған мұңлы үнімен төмендегі тау ішін тербейді. Бірақ тіл-жақсыз тынған кержақ шал селт етпейді. Ат жақты‚ қоңқақ мұрын‚ астау бас‚ дөң қабақ кержақ керең еді... Таскерең тыныштықта өзен иіріміне қармақ салған ол опырылып кетер жар жиегіне жайғасқан. Темекі түтіні ыстағаннан зәрсіңді жаялықтай, жалқаяқ тартқан түкті жүзінен ештеңе аңғарылар емес.

Құлағы көрдей керең тартқан‚ тіл-аузы тас байланған‚ тек көкпеңбек қос шырағы шырадай жанған шалды бүгін де ежелден етене сезім иелеп‚ ауыр ой иектеп алған. Осы бір жұртқа жұмбақ ұры ой‚ жанға жат сұм сезім уысында ұстап‚ сүліктей сорып–ақ келеді. Сыртқа шығаруға тәуекелі жеткен емес. Құдай да қыбын келтіріп‚ тілін тартып‚ құлағын бітеп тастаған. Ал ел білсе — бетіне түкіріп‚ безініп кетері хақ......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Қарттың ұлына өсиеті

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
— Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:
— Неғып отырсың? – дейді.
Жігіт:
— Жәй отырмын, – деп жауап береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі

Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің жүргізілу кезеңдерін ажыратуға дағдыландырып, қорытынды кезеңнің жазылуы жайлы жалпы мағлұмат беру.
Жоспар:
1.Ғылыми педагогикалық зерттеуді жүргізу процесі.
2. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының басқа түрлері.

1. Қазіргі жоғары оқу орындарының алдында тұрған күрделі
міндеттердің бірі – студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Жұмсауық келін

Ерте, ерте, ертеде бір қарияның келіні болыпты. Ол өзі өте жұмсауық екен, маңайындағы ауыл үй адамдарын талғаусыз жұмсай беріпті. Көршілері оны сондықтан «жұмсауық келін» деп атап кетіпті.

Мұны естіп бір күні қария отауына беттейді. «Келінге барып хабарласайыншы, мені де жұмсар ма екен», – деп ойлайды ол.

Қарт отауға таяй бергенде, үйден......
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жасөспірімдердің қимыл қабілеттерін дамыту жолында гимнастика пәні тәсіл ретінде

Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.
Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | «Трансформатор» АҚ-ның жаңартылған механикалық цехын электр энергиясымен қамтамасыз ету: есептік зерттеу

КІРІСПЕ
Электр энергиясының басты тұтынушылары болып өндіріс транспорт, ауыл шаруашылығы, қалалар мен ауылдардың коммуналды шаруашылығы болып табылады. Бұнда өндіріс объектілеріне электр энергиясын тұтынудың 70%-дан астамы келеді. Ауыл шаруашылығы мен ауыр өнеркәсіптің дамуына, адам тіршілігіне қажетті энергиямен қамтамасыздандыру мақсатында электр энергиясын қолданудың, өндірудің жаңа технологиясының мұқтаждығы туындап отыр. Осындай маңызды мәселені шешу мақсатында электр энергиясын т‰рлі єдістермен µндіру үшін ќолданылатын жаңа қондырғыларды игеру маңызды.
Энергетиктер және энергосалушылармен шешілетін негізгі мәселелер өндіріс көлемін үздіксіз көбейтуден, жаңа энергетикалық объектілерді салу мерзімін қысқарту мен ескілерін қайта жаңартудан, меншікті капитал салымын азайтудан, жанармайдың меншікті шығынын қысқартудан, еңбек өнімділігін жоғарлатудан, электр энергетиканың өндіру құрылымын жақсартудан тұрады. 80 жыл бойы электр энергетикасы жалпы ұлттық монополия ретінде дамыды және қызмет етті. Бұрынғы одақтың әрбір республикасы бірыңғай энергетикалық жүйенің аралық бөлігі болған. 1991 жылы бірыңғай энергетикалық жүйенің мен электр энергетикасын децентрализациялау мен дезинтеграциялау саланы реформалау процесстері басталды. Бірақ бұған қарамастан электр энергиясы бұрынғыдай энергияның әмбебап түрі болып қалады. Сонымен бірге ол халық шаруашылығының барлық салаларында техникалық прогресстің негізі ретінде қызмет етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жанды табиғат туралы ақпарат жинау Үй жануарлары №3 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Жанды табиғат туралы ақпарат жинау. Үй жануарлары №3 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіннің түйінді тұсын түсіну
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Заттың сынын білдіретін сөздерді қолдану
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді анықтайды
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтннің түйінді тұсын түсінеді, заттың сынын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты білетін ақпаратымен бөліседі....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сценарий: «Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)

Сабақтың тақырыбы: «Алғашқы қоңырау» (Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні)

Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата - аналар!
Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2018 - 2019 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Мектеп деген білім күні, жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “Алғашқы қоңырау” атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!.....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
6 0