Ертегі: Тау мен қаңбақ және бүркіт

Бір қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау:
– Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, не қып келдің мұнда? – деді. Қаңбақ тұрып:
– Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Тоғыз аяқ тоғыз табақ

Ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының бір түрі — «Тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген. Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы қонақ асысы тағы бөлек — «Құйрық-бауыр» болыпты. Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің, жемесең де жейсің деген ойын-кәде жасаған. Жемесең тойғаныңның белгісі деп, құдаларға асатқан кезде айранды бетаузына дейін түгелдей жағып шыққан. Құда енді бұл асатудан тек кәдесін жасап барып әрең құтылған. «Құйрық-бауыр» асататын көбінесе жас келіншектер болып келеді де, олар асататын адамдарына арнайы ән айтумен болады. Қатынасушылар көбінесе тапқырлық, шапшаңдық көрсетіп жазадан құтылып кетуге, асатушылардың саусақтарын тістеп алуға тырысады.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жабаев Жамбыл

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ
(1846-1945)
Жабаев Жамбыл – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Қардан жасалған гүл

— Анашым, ертегі айтып беріңізші?!

— Жарайды, айтып беремін. Тек кеш батсын.

— Не үшін кештің батқанын күтуіміз керек?

— Білмеймін...ертегіні кешке тыңдаған жақсы сияқты.

— Жақсы. Онда келістік.

Қызым күн батқанша әрең шыдады. Қыстың келте күні әп-сәтте кешке ұласты. Пешке жағылған оттың қызуы үйді жылытып жіберді. Жарықтың сөндірсең, оттың ойнаған алауының көлеңкесі керегеде ойнайды. Осындай......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми - техникалық және өндірістік - технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием

Біз, Қазақ елі-тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған батпан қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткерген елміз. Сол зұлым замандардың шеңгелінен арыстанша алысып, жолбарысша жұлысып өткеніміз ақиқат. Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы күресіп келген ұлы мұраты еді. «Ұлтым» деп қан алаңда қасқайып тұрып алған кешегі асыл текті, асқақ рухты аға-апаларымыздың шеруінің межесі тәуелсіздік екенін жыл өткен сайын терең түсініп келеміз.......
Шығармалар
Толық
0 0