Шығарма: Менің туған өлкем

Мен, Байғанина Аружан, Қазақстан Республикасының жас азаматшасы, туған өлкеме деген үлкен құрметпен, асқақтаған патриоттық сезіммен эссе жазғалы отырмын. Осыған түрткі болған еліміз орналасқан Орта Азияның қайталанбас ұлан-ғайыр, ұшы-қиыры жоқ, гүлі құлпырып өскен, ажарлы, көрікті де бай табиғаты. «Қараңызшы, мына Қазақстан даласы қандай адам айтқысыз әсем және бай. Қанша еркіндік, қанша жер. Айтуға ғана оңай... Мұндағы байлық қанша десеңші!» көптеген ақын-жазушылар өзінің бүкіл ғұмырын осы табиғатпен байланыстырып, бар еңбегін де соған арнаған. Сондықтан Орта Азия табиғатының бүкіл сұлулығын қазақ әдебиетінен де көруге болады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев жылдың төрт мезгіліне табиғат лирикасын жазды. Әрқайсысын суреттеп, әр мезгілдің өз ерекшелігін, сұлулығын көрсеткен шебер адам. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әр мезгілінің кескінін аса шеберлікпен суреттегенін көре аласыз. Жаратылыстың ыстық жазын, түсі суық, тұманды күзін немесе бет тістеген аязы мен қарлы боранын өзіңіз көріп тұрғандай боласыз. Менің туған өлкемде Абай жырлаған табиғаттың төрт мезгілі де орын алады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Айлакер қоян

Бір қоян өте айлакер екен. Байқаусызда өзін ұстап алған қасқырға да, түлкіге де айламен құтылып кетіп жүреді.
Бір күні қалың бұталы сайды аралап келе жатады да апанының аузында алқынып, шаршап отырған аюды көреді. Қалқиып қарсы алдына тұра қалады да оны мазақтап, әндете бастайды......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әл Фараби «Қашықтасың туған жер» 2-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: Әл Фараби «Қашықтасың туған жер» 2-сабақ
Сабақ мақсаты:
Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Информатика | Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері

Кіріспе
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Еліміздің мектептерінде информатика пәні енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы мерзім ішінде есептеуіш техника қарыштап дамып, пән талабы заман талабына сай жетілдірілді. Білім беруді ақпараттандырудың негізі информатиканы үздіксіз оқыту жүйесі болып табылады. Бұдан информатикадан жаңа сапалы білім беру жетістігіне жету құрылып енгізілетін ақпараттық технологиялар дәстүрлі оқыту технологиясымен үндестік таба отырып, дәстүрлі білім беру жүйесімен табиғи түрде интеграцияланған жағдайда ғана жүзеге асады. Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі информатиканы оқу пәні ретінде қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Сондықтан оның компоненттерін талдау мәселелерін ашу өзекті мәселе болып есептеледі, өйткені оларды құрастырмайынша оның әрі қарай дамуы мүмкін емес.
Түлектік жұмыстың өзектілігі –информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық әдістемелік негіздерін қолданып, информатиканы орта мектепте оқытудың қазіргі жағдайын, оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары мен мазмұнын және есептер шығару арқылы информатиканы оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Химия | Біратомды спирттердің құрылысы

Бұл класс қосылыстарының құрылыстарындағыолардыңбелгілі өкілі – этил спиртін С2Н6Омысалға алып қарастырамыз. Бұл судан жеңіл ( тығыздығы о,8 г/ см ) 78, 3 с температурада қайнайтын, суда және көптеген органикалық заттарда еритін, түссіз, өзіне тән иісі бар, сұйықтық.
Спирттің молекулалаық формуласын және элементтердің валенттіліктерін біле отырып, оның құрылысын бейнелеп көрейік. Оның екі түрлі құрылымдық формуласын жазуға болады.
Олардың қайсысы этил спиртінің құрылысына сай келеді.
Формуланы салыстыра отырып,а формуласы бойынша заттардың химиялық құрылысы тұрғысынан молекуладағы барлық сутегі атомдары бірдей екенін байқаймыз,сондықтан олар қасиеттері жағынан бірдей болады.ә формуласында сутегі атомдарына айырмашылық бар екені көрініп тұр.Бізге белгілі су молекуласындағы құрылымдық элементке-гидроксилтобына еріксіз назар аударуға тура келеді.Мұндағы сутегінің бір атомы электртерістілігі күшті элементпен-оттегі атомымен байланысып тұр,ол туралы а және ә формуласындағы сутегінің басқа атомдары туралы айтуға болмайды.Спирт (сусыз) бар пробиркаға бір түйір натрий салайық.Сол кезде реакция жүріп,газ бөліне бастайды.Бұл газдың сутегі екенін анықтау қиын емес.Спирттің молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксил тобы- ОН бар екенін көрсету үшін,этил спиртінің молекулалық формуласын көбінесе былай жазады. СН3-СН2-ОН немесе С2Н5ОН.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Туған жерім - Жаңақала

Туған жер, ел-адам өмірінде киелі мекен.

Атамекен туған жер:

шыр етіп дүниеге келген жер,

кір-қонынды жуған жер,

кіңдігінді кескен жер,

кісі болып өскен жер,-демекші әркімге өз туған ауыл-қаласы,кент-қыстағы қымбат.......
Шығармалар
Толық
0 0