Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (3-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні
Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттайды.
Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттайды.
Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға еркін жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті сурет/сызбалар таңдау/сипаттайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Айгүл Қосанова (1974 жылы 21 шілде)

Айгүл Қосанова (1974 жылы 24 шілдеде Маңғыстау облысында туған) — дәстүрлі әнші, домбырашы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010). Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (1999). Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. ҚР мәдениет саласындағы президенті сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
1974 жылы Маңғыстау облысында туған.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітірген......
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ағылшын тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектепте алатын ролі

Егеменді ел болып, етек – жеңіміді жинап, болған қазіргі шақта халқымызда дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да, саналы азамат тәрбиелеу бүгінгі ұстаздардың міндеті болып отыр.
Заманымыздың өздіксіз білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. «Нағыз білім-өз бетінше оқып алған білім» деп үйретеді халық даналығы. Осыған сәйкес,оқытудың барлық әдістері мен тәсілдерінің түпкі міндеттері оқушыларды өз бетінше үйрету болып саналатын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әр қашан басшылыққа алып отыруы керек. Бұл тұста ағылшын тілін оқыту процесінде де мұмкіндіктер мол, бірақ оған мұғалімнің ұйымдастыру- басшылық ролі әбден қажет.
Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты міндеті болса, пән мұғалімдері сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жұріп, оқушылардың бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең асылын және пәнге деген қызығушылықты арттырудыестен шығармаған жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақтар

Қазақтар— ұлт, Қазақстан Республикасының байырғы және негiзгi халқы. Қ-дың ҚР-дағы саны 8,3 млн. (1999), әлемде 12,4 млн. Түркi тiлдерiнiң солт.-батыс қыпшақ тiлдерi тобына жататын қазақ тiлiнде сөйлейдi. Ислам дiнiнiң сүнниттiк бағытын қабылдаған. Оған дейiн шаман дiнiнiң негiзi болған тәңiрге, аруаққа сиыну нанымдары орын алды. Қ. тұрантектес расаның негiзгi өкiлi. Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Жалғасы бар ертегі

Адамзат мекен ететін 5 құрлықтың барлығына қанатын кең жайған алып бір патшалық болыпты. Ол патшалықтың ерекшелігі адамдардың жасына, жынысына, тіліне, дініне, ұлтына қарамай барлығын да өз патшалығына қабылдай беретін, ешқандай шекарасы жоқ мекен екен. Сол Бүкіл Әлемдік Желілер Патшалығы деп аталатын патшалықтың билеушісі Ғаламтор патша өте ақылды, білімді, жан-жақты болыпты. Ең алғаш......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Лептоспироз

Лептоспироз (грек. leptos — жіңішке және speіra — ирекше, бұрама; osіs — ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады. Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған. Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ито денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі: 1. интерогеморрагиялық Лептоспироз (дене сарғаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады; 2. каникол (немесе Помон) Лептоспироз (денеде қан құйылу байқалады); 3. "су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі. Қазақстанда Лептоспироз "су безгегі” деп атайды, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер).

Лептоспира бактериялары .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Үш күн

I

Оған енді көп заман болды...

Көлбайдың бір ерекше кейіп отырған күні еді. Үш қанат қара лашығының ішінде су тезекті қоздандыра алмай, өңеші қызарғанша үрлеп отыр. Кешегі нөсерден кейін құрғақ отын тұратын Көлбай үйі ме? Әл-дәрменін жиып, от басына шөгіп ап, тағы-тағы үрлейді. Ащы түтін қолқасын атып, көзінен жас ағызады. Бірақ тұтанбайды. Түтіні құрғыр шаңырақтан шықпайды. Кішкене үйдің ішін бықсып, шалқып, мор болып, басып алды. Өзі барып шапқан тобылғысын жеткізіп алайын дегелі әлденеше күн болса да, бай үйі көлік берді ме?

— Әй, итшілеген қу дүние-ай! — деп, кішкене қол көрігін босағаға лақтырып тастап, қалаулы тұрған тезектің бірнеше томарын алып, қолымен үге бастады... Басы, көзі, қойны-қоншын ораған сасық көк түтіннен бетін бұрып босағаға қарады...

— Мына пәлесі тағы жатыр ма еді жаратқан? — деп одан да көзі тайқыды. Тесігі үңірейіп, бір жарты қазан жатыр. — "Түске шейін жамап болып, өзі алып келсін!" — деген бұйрықпен байдың үйі жіберіпті, бүгін құлқын сәріден.

— Алты ай жаздай қара күреш табыс таптырмады! Құдайдың құтты күні не өзі, не жақынының ісін жібереді де отырады. Бай үйінен келген іс болса, ол ақысыз іс деген сөз. Себеп? Себебін несіне сұрайсың? Оған бай да, Көлбай да жауап бере алмайды. Тегі қоңсылық шығар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0