Ана жер бетіндегі ең асылда ардақты жан. Мен өз анамды қатты жақсы көремін. Әрбір бала өз анасы үшін жанын беруге дайын, менде солардың қатарындамын. Ана бір қолымен әлемді тербетеді деп бекер айтпаса керек, сол ананы әлдейлеп бесік жырын айтқан дауысын бала жанына және жүрек түпірінде сақтайды. Ақын болмасамда менде аналарға арнап мына өлен жолдарын арнағым келеді.......
Иә, иә. Кудым. Құрбым турмысқа кеткен, соны қуып бардым. Қыздың жеңгесі екеуімізді шығарып салып жатқанда қыстың ызғарына жаурап қалмасын деп, оның үстіне батылдық үшін деп 100 граммнан тарттырып жіберді. Қаладан бара жатқасын кішкентай чихуахуа итімді алып алдым. Өзі қара, құйрығы ақ итім 100 граммнан соң қайда қалғанын білмей қалдым. Жолға шығып такси тоқтаттық. Қыз баласы болғасын мастығымызды барынша білдірмейік деп келістік. Такси тоқтап, екеуіміз отырдық. Таксист бізге бірден "қыздар ішіп алғансыңдарма" деді. Ойпырмай қайдан сезді деп аң таң болдық. Ағай қайдан білдіңіз — десек, таксист: екеуің де алдына отырып алыпсындар дейді. Ұятай, екеуіміз де ұшып түсіп, артына отырдық... Багажникке. Негізі жақсы бардық. Багажникте үшеуіміз. Мен, жеңгесі сосын қара тоқты. Таксист ертең құдай тамаққа соятын тоқты. Біздің мас екенімзді ол да сезді ма білмим басын көтеріп "мәә" деді. Негізі оның бізбен шатағы жоқ, ертеңгі күнін уайымдап жатыр. .....
Бір ханның үйелмелі-сүйелмелі үш ұлы болыпты. Үшеуі де отау иесі жасына жеткенімен, бірде-бірі үйленбепті. Хан бір күні уәзірін шақырып алып:
— Балаларым ер жетті, енді үшеуін де үйлендіремін, кімнің қызын алады екен, таңдаған, сүйген қыздарын өздері айтсын, қалың малы қанша болса да беремін, дәулетім жетеді, үшеуінің тойын бір күні жасаймын, сен балаларымды жеке-жеке шақыр, ақылдасайық, – деді. Уәзір алдымен үлкен ұлын шақырып келеді.
— Балам, – дейді хан, — жасың жетті, сені үйлендіремін, жасау-жабдығың дайын, қалыңмалға беретін мал-мүлік, алтын қазынам да жетеді, осы шаһардан таңдаған қызың болса айт, дереу құда түсемін де іле-шала той жасаймын.
— Сіз кімнің қызын ұйғарсаңыз, соны алайын, – дейді үлкен ұлы.......
Менің өмірлік ұстанымым-шәкіртіме шынайы білім мен тәрбие беретін ұстаздық мамандық. Бұл мамандық менің мойныма тағылған қасиетті тұмарым.
Шәкірт атаулыны өз жанына серік еткен маман иесін яғни, ұстаздарды былайғы жұрт қоғамдық ойдың көшбасшысы деп қабылдайтыны сөзсіз. Иә, шәкіртінің жүрегіне білім мен тәрбиенің ұясын сала білген қарлығаштардың қоғамдағы рөлі де өзгеше. Жұрт «шәкірттің санасына білім мен тәрбиенің шамын жағып, қараңғылықта жарық сәуле беруші күн» деп құрмет тұтатын оларды жақсылыққа жақ болып, жамандыққа қас болатын, әділдіктің туын көтеретін және сол жолда ұшқыр ойы, патриот мінезін қасқайып тұратын белсенді топқа қосып, оны өзінше қадір тұтады. Осындай ұстаз атты ізгіліктің иесі болу кез келгенге бұйыра бермейді. Білімді де тәрбиелі ұрпақты өсіру өзінің жүріс-тұрысымен , әдепті де сыпайы мінезімен ,сауатты сабағымен шеберлік таныту таудай талапты қажет етеді.
Менің өмірлік ұстанымым – таудай талапты қажет ететін мамандық , ұстаздық мамандық және осы мамандық бойынша шәкірт жүрегінен орын тауып тәрбие мен білімнің дәнін егіп көгерген жасыл ағашқа айналдыру,жақсы адам болып шығуға тәрбиелеу, өмірдегі қабылдаған дұрыс шешімдерімнің ең бастысы болып табылады. .....
Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар. Игры и упражнение для развития памяти у детей дошкольного возраста
Кіріспе Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі – жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы. Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан – жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа .....
Әр соғыс майданындай, Маңғыстау мұнай майданының да өзінің маршал, генералдары, полковник, лейтенанттары, солдаттары болды. Ал біздің сөз еткелі тұрған кейіпкерлеріміз — оның маршал, генералдары, полковниктері де емес, қатардағы солдаттары мен ортан қолдай өндіріс командирлері. Әскери тілмен айтсақ, тікелей ұрыс тағдырын шешетін алдыңғы шептің адамдары, өндіріс тетіктері қолдарындағы жұмысшы мамандары.
Қысқасы, бұлар мұнай майданының алдыңғы қатары — жаны, жүрегі.
Әрине, Маңғыстауда ешкім қан төгіп, жау қолынан шаршы метр жер аламын деп жанталасқан емес. Бірақ Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аймағын алып жатқан, солтүстік - шығысында Үстіртке жеткен, ал оңтүстігінде Қарабұғазбен шектескен, мол сулы бір өзені жоқ тек жусан, ақселеу, бұйырғын, ебелек өскен сонау шөлейт, құмайтты, сортаң жапан даланы игеру совет адамына ешбір соғыс майданынан кем тимеген. Ұлы дала өзінің ен байлығын, әрбір шаршы метр жерін орасан қиындықпен берген. Сондықтан да бұл арада бір кезде басталған мұнай тартысын Маңғыстау майданы деп атадық.
Иә, біздің бас кейіпкерлеріміздің көбі осы Маңғыстауда туып-өскен. Ата-бабалары да осы араны көптен бері мекендеп келген. Бұған қандай дәлеліміз бар? Ғалымдар бұл өлкеде түйе бұдан мың жыл бұрын сақ - сармат заманы тұсында да болған дейді. Тіпті біздің дәуірімізден бес ғасыр бұрын, осы арадан көшпенділер бұл қос өркеш жануарды Үндіге де апарған деп жазады. .....
Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы, зерттелуі XX ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі грамадатикаларының алғашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс халқының зерттеушілер болады. 1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілдерінің кысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі - фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі - синтаксиске арналған (1897ж). Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі - жай сөйлем синтаксисі, екіншісі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектер-дің ешқайсысында «құрмалас сөйлем» деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем қазіргі түсінігіміздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аталған қазақ тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз (51, 92). В.В.Катаринский «грамматика киргизского языка» деген еңбегінде құрамында екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп атаныған (42, 85). Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола тұрса да бұл зерттеу еңбектері қазақтілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемнің ғылыми тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды. А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық - мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақыидығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере ( -келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі....
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер. 1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы. 2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы. 2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997); Азия ойындарының чемпионы (1998) ....