Шығарма: Мен оқитын класта

Мен Ақтөбе қаласындағы №41 жалпы білім беретін орта мектебінің 2 «А» класында оқимын. Сүйікті мектебімнің табалдырығын аттағаныма көп болмаса......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Кім күшті

Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты......
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Сыр сүлейлерінің шығармалары Нұртуған жырау

Тақырыбы: Сыр сүлейлерінің шығармалары. Нұртуған жырау (презентация түрінде)
Мақсаты:
• Өз заманының шындығын, ақиқатын, сыншылдығын жырлап келген, қоғамның келеңсіз тұстарын өткір сынаған, сырдың сүлейі атанған Нұртуған жыраудың өресі биік құнды дүниелерін, тәрбиесі мен тағылымы мол шығармаларын келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету.
Міндеттері:
• Нұртуған жыраудың құдіретті сөз өнерінің барша қасиеті бойынан табылатын тума талант, дарабоз дарын иесі екендігі туралы түсінік беру;
• Талант иесінің туындыларының дүниеге келуі ұлт өнері үшін, оның келешегі, бүгінгі тарихы мен болашағы үшін ерекше құндылық екендігін таныту.
Зерттеу жұмысына қолданған әдіс - тәсілдерім:
• Сұрақ - жауап
• Талдау
• Пікірлесу
Жобаның жоспары:
• Кіріспе
Сырдың сүлейлері
• Негізгі бөлім
1. Нұртуған жырау өмірі
2. Нұртуған жыраудың қасиеттері
3. Нұртуған жырау шығармалары
4. «Нұртуған мектебі»
5. Мен билетин - Нұртуған жырау ( сұхбат)
• Қорытынды .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге баынша қабілетті елу елдің қатарына кіру страегиясында Н.Ә.Назарбаев: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құраладарының бірі», деп ерекше көрсетті.
Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды өз ана тілінде таза сөйлеуде бейімдеу талабы тұр.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ашық сабақ: Ертегіде қонақта

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Ертегіде қонақта»
Мақсаты: A)Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. Ә)«Қ» дыбысы кездесетін тіл ұстарту жаттығуын меңгерту. Б)Ертегі мазмұны арқылы адалдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Сурет салу, Мүсіндеу
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, слайд арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап
Қолданылатын жаңа технологиялар: Теледидар-DVD-диск, ноутбук
Көрнекіліктер: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің маскалары, Орыс халық ертегілерінің суреттері.
Билингвальды компонент: Бауырсақ-колобок-baursak, әже-бабушка-grandmother, ата-дедушка-grandfather
Ашық сабақтар
Толық
0 0

Реферат: Биология | БАССҮЙЕК ҚАҢҚАСЫ

Бассүйек, сrапішп, бір-бірімен өзара шемір-шектік, сүйектік ткандармен және жіктер арқылы берік байланысқан сүйектік құрамалардан тұрады.
Негізгі қызметі: мидың қорабын, беттің әлпетін құрап қана қоймай, асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігін, көздің шарасын, мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайтын өте күрделі мүше.
Бассүйек топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай екі топ сүйектерден: ми сауыты және бет сүйектерден тұрады.
1. Ми сауытының сүйектері — саvіtas сrапі, деп аталу себебі, мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұл топ сүйектерге: маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады.
2. Бет сүйектері — оssа fасel, беттің негізін, түр-әлпетін құрайтындықтан бет сүйектері деп аталынады. Бет сүйектер тобына: жоғарғы, төменгі жақ сүйектері, таңдай кеңсірік, мұрын, көзжас, төменгі кеуілжір және меншікті бет сүйектері жатады.
Шүйде сүйегі
Шүйде сүйегі — оs оссіріtаlе, ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстаукелген жақ сүйек. Шүйде сүйегінің төменгі, артқы жағында ми сауытын омыртқа өзекшесі мен жалғастырушы шүйделік үлкен тесік fоrатеп таgпит, бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгегі, sulcuz sinus sітgоіdіеиs, орналасқан.
Төбе сүйек
Төбе сүйек, оs рагіеtаlе, ол бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын қүраушы жұп қабыршақтық сүйек. Бұл сүйектің сыртқы пішіні жалпақ, төрт бұрышты келгендіктен: екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің псшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.
І.Алдыңғы немесе мандайлық қыры, таrgоfrontalis ,тісшеленіп, тәждікжік,
Sutura coronalis арқылы маңдай сүйекпен жалғасқан.
2.Артқы шүйделік қыры, таrgо occipitalis, да тісшеленіп, ламбда атты жік арқылы, Sutura lamboieda, шүйде сүйегі мен шектелген.
3. Сагитальды қыры, margo sagitalis ол сагитальды жік арқылы, sutura sagitalis, екі жақ-тық бөлігі бір-бірі мен өзара шектелген.
4.Төртінші самайлық немесе қабыршақтық қыры, margo sguamaso, басқа қырларына қарағанда тегістеу келіп, қабыршақтық жік арқылы самай сүйктің қабыршақтық бөлігі мен байла-нысқан. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Қоңырбайұлы Ағыбай (1802 - 1885)

Қоңырбайұлы Ағыбай (1802–1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері — Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80–90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы. Ағыбай батырдың шыққан тегі Орта......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Балалардағы сары ауру

Балалардағы сары ауру.



Аурыдын этиологиясы,



диагностикасы,

себептері,

белгілері,

эпидемиологиясы,

емі , күтімі ,

арнайы санитарлық алдын алуы





Вирусты гепатит



Вирусты гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Негізінен бауыр зақымданып, зат алмасуы бұзылып, денесінің сарғаюымен қатар басқа да клиникалық көріністері ұқсас вирусты аурулар. .....
Рефераттар
Толық
0 0