Осынау Сыр өңірі ырысы артып, ынтымағы жарасқан киелі мекен. Бұл өңірден бұлбұл дауысты әншілер де, аузы дуалы билер де, артына өшпес із қалдырған ақындар да, елге мәлім қоғам қайраткерлері де шыққан. Соның дәлелі ретінде Жақсыбай атамызды алсақ болады. Жақсыбай ата өнегелі өмірінде артына мол мұра қалдырған тіл жанашыры. Ол кісі бір мамандықпен шектеліп қалмаған. Жақсыбай ата -жергілікті ақын, дәрігер, мұғалім, тіл жанашыры.
Жақсыбай Сарбалаұлы 1942 жылыдың 20 қаңтарында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында үлкен отбасында дүниеге келген. Бала күнінде кітап оқуды жаны сүйген. Кешкілік ауыл үлкендері жиналып Жақсыбай атаға ауқымды шығармалар, әңгімелер оқытатын болған. Отбасылық жағдайына байланысты Таң ауылынан Жалағаш ауданына көшіп келеді. Жалағаш ауданындағы №123 мектепте білім алады .....
Басқару еңбегі өнндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықталады. Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді. Еңбек заты – бұл іс-әрекетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару. Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштарымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда, «мәлімет» ұғымын, басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның іс-әрекеті» ұғымымен біріктіруге болиайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады. Қоғамдық еңбекті бөлісу жүйесінде басқару және өндірістік еңбектің тікелей мақсатының ерекшеліктері болады. Нақты өндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесі нақты өнімді әзірлеу немесе белгілі бір қызмет көрсету болып саналады. Бас, қару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты – ұжымның бірлескен күш-жігерін ұйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету. Өндіріс процесінде адамдар, еңбек құралдары мен еңбек заттары тікелей байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс-әрекеті, ал оның еңбек құрал ретінде - ұйымдық-техникалық құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін арттыра түседі. Өндірістегі адам дене еңбегін қол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі адам мәліметтер және оларды өңдеу құралдары көмегімен атқарады. Басқару еңбегі – көбінесе ой еңбегі. Бұған әлеументтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық-технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады. ....
Генетиканың даму тарихы Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда .....
Өткен заманда Ыбырайым деген бір пайғамбардың түні бойы тісі ауырыпты. Тісінің ауруына шыдамай ол түрегеп жүріп, әйеліне:
— Менің тісім қатты ауырды, сен бір әңгіме айтшы, тісімнің ауырғаны қояр ма екен, – депті. Әйелі: «Менің әңгімем сіздің ауруыңызды қойғызарлық қандай қызықты болар дейсің, одан да осында көп жасаған қарт Сұлтанхан деген кісі бар, сол кісіні шақырып берейін. Сізге әңгіме айтып берсін», – депті де Сұлтанханды шақырыпты. Сұлтанхан келген соң, Ыбырайым: «Бір әңгіме айтшы, менің тісімнің ауырғаны басылар ма екен», – дейді. «Тақсыр, есіткенімді айтайын ба, жоқ көргенімді айтайын ба?» – дейді Сұлтанхан. «Естігеннің бірі рас болса, бірі бекер болады, одан да көзбен көргенді айт!» – дейді Ыбырайым.......
Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті-баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың жаңа Қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым 1941- 1945 ж.ж. Ұлы-Отан соғысының тарихынада тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ. Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдына елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәләудің жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мүмкіндік туды. Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарда қиын-қыстау тұстарда жіберілген бір қатар қателіктерді тікелей мойындау және оларға әдейі баға беру бар, өйткені Сталин (үкімет) деген сөзді келтіргенде алдымен өзін алға тартуға әдет еткен еді. Әрине мұның бәрі жөн. Бірақ Сталин өзінің бұл сөзімен өзгелерді, олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дұрыс та сыни тұрғыда баға беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғары төбе би тәрізді тарихтың осы бір кезеңіне тек өзі ғана баға беріп, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға беру мүмкін еместігін анық аңғартқанды. Оның айтқаны өткен жайлы ашы шындықты әйгілеуге шақырғандай болғанымен, іс жүзінде бұрынғыны әрі қарай зерттеуге мүмкіндік бермей, бұл тақырыпқа соңғы нүкте қойғандай әсер қалдырғандай болатын. ....
Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбыңды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар Артына бір қарамай, бәрі кетті. Аяқта дәрмен қалды жүрерлік-ақ .....